Афины төрінде – сақ ханзадасы

Афины қаласындағы Эпиграфиялық музейде «Ұлы дала:тарих және мәдениет» атты көрме ашылды.
«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі»халықаралық көрме жобасы аясында 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасатынкөрмені еліміздегі Ұлттық музей ұйымдастырып отыр. Бірнеше жылдан бері әлембойынша ұйымдастырылып келе жатқан көрменің мақсаты – Қазақстанныңтарихи-мәдени бай мұрасын әлем жұртшылығына насихаттау, таныстыру. Көрменің еңбасты жәдігері – мемлекетіміздің символына айналған «Алтын адам».
1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басындаАлматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есікқорғанынан «Алтын адам» табылды. Бұл археологиялық сенсация еді. Баға жетпесолжа «Қазақ Тутанхамоны» аталып, ғасыр жаңалығы деп танылды. Ежелгі дала билеушісінің тәжіндегі қанаттыалтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бөлшегіне айналды,ал «Алтын адамның» мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды.
Қазақ мәдениетін әлемге насихаттау мақсатымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Алтын адамның әлеммузейлеріне шеруі» халықаралық жобасын жариялады. Ауқымды шара шеңберіндеБеларусь, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея, Өзбекстанмузейлерінде көрмелер үлкен жетістікпен өтті.
Афины Эпиграфиялық музейіндегікөрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегіалтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді «Алтын адамның»реконструкциясын және осы жас ақсүйек сақ жауынгерімен(археологтардың пікірлері бойынша, 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ертетемір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялықолжаларының коллекциясын тамашалауға болады.
Сақтар – біздің бабаларымыз. Герадот шығармаларындаазиялық скифтер (saka – скифтердің «бұғы» сөзінен туындайды) делінеді, ал басқадереккөздерде «ұшқыр атты турлар» деп көркем сипаттаған. «Алтын адам» үшке бөлінетін сақтардың тиграхауд бөлігіненшыққан. Яки оларды «шошақ бөріктілер» деп те атайды. Қорғаннан киімдерді безендіретін детальдар,әшекейлер мен тұрмыстық заттар, жалпы саны 4000-нан астам алтын бұйымдар табылған. Қорымдағы заттардың топографиясын терең зерттегеу нәтижесінде сақ жауынгерініңкелбетін жасап шығу мүмкін болды. Есік қорғанынан табылған заттар арасында тағыбір аса құнды жәдігер бар. Ол – руна жазуымен жазылған жазбасы бар күміс тостаған.
Ежелгі дала өнерінің маңызды ерекшелігісаналатын зооморфтық бейнелердің басымдығы да мифологиялық ойлау өлшемдеріменбелгіленеді. Сюжетінің драматизмі жақсылық пен жамандықтың күресі, жарық пен қараңғыныңбастауы, жаңа өмірдің тууы, қарама-қайшылықтардың мәңгілік қозғалысының және мәңгіліккүресінің символы ретінде түсіндіріледі. Осындай қарама-қайшылықтың айқын үлгісіретінде көрмеге ұсынылған алтыннан қалыптау және бедерлеу техникасымен жасалғанV-IV ғасырларға тән жапсырмасыбірін-бірі дәл қайталайтын қос барыс түріндегі айылбасты айтуға болады.
Айтулы шараға Қазақстанның Грекия Республикасындағыелшісі Алексей Волков, Ежелгі және мәдени мұраның бас директоры ПоликсениАдам-Велени, Афиныдағы Эпиграфиялық музейдің директоры Атанассиос Темос, ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық музейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан, тарих ғылымыныңдокторы, археолог, профессор Зейнолла Самашев қатысты.
Шара аясында Герман археология институтыныңкорреспондент-мүшесі Зейнолла Самашев «Ежелгі сақтардың Қазақстандағы мәденикешені» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Көрменің ашылу салтанатында сөз алғанҚазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан: «Алтынадамның» әлем музейлеріне шеруі» көрмелік жобасы әлемді аралап келеді. Грекия –Қазақстанның тарихи-танымдық көрмесін тамашалап отырған 12-ші мемлекет. Бүгінгедейін Қазақстан өңірінен табылған «алтын адамдар» біздің еліміздің ерте дәуірдегімәдениетін, тарихын айқындайтын ұлттық құндылықтар болып табылады. Көрме жұмыстарынақолдау білдіргені үшін Грекияның мәдениетминистрлігіне, Афины қаласының Эпиграфиялық музейінің басшылығы мен қызметкерлерінеалғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер», – деді.
Христиандық пен мұсылмандықтың орнығуына қарай «аң стилі»біртіндеп пұтқа табынушылық пен түсініктен шығатын бастапқы мәнін жоғалтабастады. Алайда бастапқы сиқырлы мәнінен айырылғанжануарлардың сәндік бейнелері зергерлік бұйымдарда, миниатюра кітаптарда, ағаш, тас және сүйек нақыштарында, сәулетсынды ортағасырлық өнерде әлдеқайда жинақталыңқыраған түрде стильденген ою, зерэлементтерінің пішінін қабылдап, қолданыста қала берді. Бұл үрдістер экспозицияғақойылған XV ғасырға жататын Сайрам көмбесінентабылған зергерлік өнер бұйымдарынан айқын байқалады. Көрмеде сол сияқты Тақсай(Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстаноблысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілген.
Көрмеге қойылған Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерініңжауһарлары – Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндікерекшелігін көрсететін бұрынғының шеберлері жасаған мол дүниенің азғана бөлшегі.
Фото: kerek-info.kz