Ағаділдің анасы видеоға байланысты прокуратураға түсірген шағымын қайтаратынын айтты

06.03.2020, 02:59

3

Ақпан айының соңында Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қаза болған белсенді Дулат Ағаділдің анасы Гүлбараш Жолмұхамбетова "ұлының денесіндегі соққы іздері" туралы видеоға байланысты прокуратураға түсірген шағымын қайтарып алатынын айтты.

— Ертең таңертеңгі сағат 9-да прокуратураға барамын. Бүгін қолым тиген жоқ. [Нұр-Сұлтан қаласы] Прокурорына звондап айтқанмын. Ол кісі басында-ақ «жазыңыз, бірақ артынан қайтарып алам десеңіз, қайтарып аласыз» деген. «Бір-екі-үш күнде барып келейін, сосын шағымымды қайтып аламын» дегенмін. Сол кезде прокурордың айтқаны «келіңіз, сіз келгенше іс қозғамаймын» деген. Мен прокуратураға тек видео туралы айтқанмын. Шағымданып, іс қозға деп айтқан жоқпын. Тек түсірген видеоны таратпау үшін ғана өтініш жазғанмын. Басқа ештеңе жазған жоқпын, — деді Гүлбараш Жолмұхамбетова Азаттық тілшісіне.

Өткен аптада әлеуметтік желіде мәйітханадан әкелінген Ағаділ денесіндегі «соққы іздері» туралы видео тарап, белсенділер мен құқық қорғаушылар биліктен видеоға түсініктеме беруді талап еткен. Бірнеше минуттық видеода автор марқұмның денесіндегі қап-қара дақтар «соққы іздері болуы мүмкін» деп тұжырым жасаған.

28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы видеоның интернетке белсендінің жақындарының рұқсатынсыз жариялап кеткенін, марқұмның сүйегіндегі дақтар — «биологиялық өлім белгілері» деп мәлімдеген. Қалалық прокуратура өкілдері Ағаділдің туыстары видеоның таралуына байланысты шағым түсіргенін де айтқан. Бұл видеоға байланысты істің қозғалғаны-қозғалмағаны белгісіз. Азаттық тілшісі прокуратурадан әзірге жауап ала алмады.

5 ақпанға қараған түні нұр-сұлтандық белсенді Дархан Өмірбаев Facebook-тағы парақшасында өзін бас прокуратураға шақыртқанын айтып, марқұм Дулаттың жақындарының видеоны түсірген адамдарға еш арыз-шағымы жоқ екенін жазды.

Бұған дейін Дулат Ағаділдің жақындарының белсендіні түнде үйінен ұстап әкеткен төрт полицейдің үстінен шағым түсіргені белгілі болған. Бұл істің қалай жылжып жатқаны белгісіз.

Белсенді Дулат Ағаділ астанаға жақын Талапкер ауылында 27 ақпанда жерленді. Оған мыңнан астам адам қатысты. Ағаділ қазасынан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында наразылық акциялары өтіп, жиналғандар белсендінің өліміне билікті кінәлады, жоғары басшылардың отставкаға кетуін талап етті.

Оның денесіндегі «соққы іздері» туралы видео жарияланғаннан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында оппозициялық топтар митинг өткізбек болып, «митинг орындарында» полиция ондаған адамды ұстады.

Видео: Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті (1 наурыз 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті please wait <video poster=«gdb.rferl.org/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30462352&SiteId=5&r=927619581&it=0&pd=20200301082600» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30462352.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00 Жүктеп алу

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 ақпанда Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған азаматтық белсенді Дулат Ағаділ «жүрек талмасынан қайтыс болды» деп мәлімдеген. Президенттің мәлімдемесі Ағаділдің өліміне қатысты тергеу амалдары мен сараптама қорытындысы толық аяқталмаған шақта жарияланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34