Ағашты отағандар төрт миллионға жуық айыппұл төлейді

23.01.2020, 14:04

4

Ақтөбеде өзен арналарын тазартамыз деп бастары дауға қалғанмердігер компаниялардың алғашқыларына миллиондап айыппұл салына бастады. Бүгін қалалық сот өзен арнасынтазарту кезінде қызылкітапқа енген ағаштарды кесіп, табиғатқа залал келтірді деп айыпталған«Берекелді» компнаиясының жетекшісіне төрт миллионға жуық айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Соттың алғашқы отырысында «мұндағы жасалған жұмыстардан дакесілген ағаштардан да хабарсызбын, түс көргендей келіп тұрмын» деген компаниябасшысына бүгін сот төрт миллионға жуық айыппұл салды. Сот «Берекелді» ЖШСАқтөбедегі  Бұтақ өзені жағалауынан 37 түпкүміс түстес терек пен бір түп қара қандыағашты кесіп тастаған. Осылайшамердігер компания табиғатқа 348 000 теңге залал келтірген дейді.

«Берекелді» ЖШСдиректоры Нұредин Усиповке айыппұл түріндегі  1500айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндеяғни 3 миллион 787мың теңге айыппұл салынсын. Усиповқа осы айыппұлды толықөтеуге бір ай мерзім берілді», —  деді Ақтөбе қаласы №2 сотыныңсудясы Жарас ҚУАНЫШЕВ.

Соттың сөзінше 64 жастағы компания басшысы өзіне тағылғанайыптармен келіскен. Тек жасының үлкендігімен, науқастығына байланысты жеңілжаза сұрапты. Бүгінол соттың үкіміне қатысты жауап беруден бас тартты. Ал алты миллиардық жобаныреспублика көлемінде мақұлдатып, мердігер компнаияларға  тапсырған қалалық әкімдік сотқа жәбірленуші тарап ретінде ғана қатысты. Алайдаәкімдіктегілерді соттың үкімі қанағаттандырмапты.

«Бізді қанағаттандырмай тұрғандығы олар «компенсационный  высатка»жасады ғой. Соны шығын есебінен дейді. Сол келтірілген залалға есепкеалынып отыр. Сондықтан біздің өтінішімізді қанағанттандырған жоқ», -дейді Ақтөбе қалалықтұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімі  абаттандыру, көгалдандыру жәнесанитарлық тазалау секторнының меңгерушісі Хасен ЮСУПОВ.

Әкімдіктегілер бүгінгі соттың шешіміне қарсы қайта аппеляциялықшағым түсіре ме жоқ па, ол туралы нақты ештеңе айтпады. Сөздерінше мердігеркомпания кескен ағаштарының орнына үш мың түп тал отырғызған. Екі жылдың ішіндесол үш мың талды өсіріп тапсырмаса, мердігер компанияны қайта сотқа береміз депотыр.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылғы су тасқынынан кейін Ақтөбедегі сегіз өзеннің арнасынкеңейту үшін республикалық бюджеттен алты миллиардтан астам ақша бөлінгенболатын. Оған төрт мердігер компнаия тартылған. Кейін прокурорлар тендер ұтқанмекемелер  қызыл кітапқа енген ағаштардыжаппай отаған деп айыптап  үш мердігеркомпнияның үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34