Агенттік "Мәнізоров ісін" жабу туралы шешіммен келіспейді

31.10.2019, 10:00

32

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ісін жабу туралы бас прокуратура шешімімен келіспейді деді агенттіктің тергеу департаментінің төрағасы Қанат Сүлейменов. Бұл ақпаратты 31 қазанда Informburo және өзге бірқатар сайттар хабарлады.

Сәрсенбі, 30 қазанда бас прокуратура "қылмыс құрамы жоқ болғандықтан" Мәнізоровтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды деп мәлімдеген еді.

«Тергеу амалдары жүріп жатқан шақта бас прокуратура қылмыстық істі талап етіп, қылмыс оқиғасы жоқ болғандықтан істі тоқтатты. Біз бұл шешіммен келіспейміз және шағым түсіреміз. Қазір оны [шағымды] бас прокуратура қарап жатыр» деді Қанат Сүлейменов.

Бас прокуратура 30 қазанда істі қозғап, тергеу амалдарын жүргізген органға ескерту бергенін де хабарлаған еді. Қанат Сүлейменовтің айтуынша, агенттік ескертудің қаншалықты орынды екенін қарастырып жатыр. Оның айтуынша, екі адамның шағымынан кейін Мәнізоровқа байланысты іс қозғалған.

31 қазанда жергілікті БАҚ интернетте Бағдат Мәнізоровтің «күмәнді әрекеті» жайлы видео тарағанын да жазды. Адвокаты Алмас Демесінов видеоның монтаждалғанын айтып, Мәнізоровтың «жемқорлыққа» еш қатысы жоғын жеткізген.

Қазан айының басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың «Алаяқтық» бабы бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бап, 4-бөлім 2-тармағы) күдікке ілінгенін, тергеу жүріп жатқанын хабарлаған. Осы апта басында әуелі — жергілікті сайттар, кейінірек бас прокуратура Мәнізоровқа тағылған айыптардың алынғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: «Мәнізоров ісіне» байланысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ескерту берілді

Алматы облыстық әкімдігі 30 қазанда журналистерге Бағдат Мәнізоровтың жұмысқа шыққанын, қызметтік міндетіне кіріскенін хабарлады.

Мәнізоровтің үстінен қозғалған іс жайында ақпарат құралдарында түрлі мәіметтер тарады. «Время» басылымы Мәнізоровтың үстінен бастапқыда «пара алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейіннен «алаяқтыққа» ауыстырылғанын жариялады.

57 жастағы Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне биыл 10 шілдеде тағайындалған. Одан бұрын Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын екі жыл басқарды. 2008-2017 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36