Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 11 Қазан 2022

Агроөнеркәсіпті өрге жетелейтін жобалар құрылды

None
None

Жетісу облысында агроөнеркәсіп кешені аясында алдағы үш жылда құны 32 млрд теңгеге жуық 67 инвестициялық жоба іске асырылады.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі жаңа аймаққа алғашқы жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.

Өңірге сапар кезінде Ербол Қарашөкеев жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, Жетісу облысында 8,3 мың басқа арналған 36 сүт-тауар фермасы бар. Министр барған солардың бірі биыл өндірісті кеңейтуге қосымша 900 млн теңге инвестиция алды. Қазір «Каримов» ЖК сүт фермасында 900 бас ірі қара бар, оның 600 сауын мал. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы саланы субсидиялау бөлігінде жоспарланған инновациялар туралы айтты. Мысалы, зауыттарға тапсырылған сүт үшін субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде сүт құбыры бар машинамен сауу тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен бірге, бұл норманың жеке қосалқы шаруашылықтардың сүтін жинаушы кооперативтеріне қатысы жоқ.

Ербол Қарашөкеев Жетісудің асыл тұқымды орталықтарының бірі – асыл тұқымды малдардың генофондын сақтауға және көбейтуге арналған «Асыл» ЖШС-нің қалай жұмыс істейтінімен танысты. Мұнда тұқымды криоконсервациялау жоғары технологиялық жабдықта жүргізіледі.

Өңір фермерлерін мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері мәселесі аландатады, атап айтқанда ұсынылған нұсқада ірі қара мал аналық басын қолдан ұрықтандыру қызметі үшін асыл тұқымды, дистрибьюторлық орталықтарды субсидиялауды алып тастау көзделеді. Фермерлер мемлекеттік қолдаудың бұл түрін оңтайландыру тұқымсыз малдың көбеюіне және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі деп алаңдайды.

Ербол Қарашөкеев селекциялық-асыл тұқымды жұмысты субсидиялау субсидияның ең жемқор түрі екенін түсіндірді. Бұл барлық бұзушылықтардың 41% құрайды.

«Антикор анықтаған көптеген фактілер бар, атап айтқанда жалған келісімшарттар жасасқан кезде, жалған қызметтер көрсетіліп, сол үшін ақша алған кездер анықталды. Қазір бұл мәселе жұмыс топтары аясында қарастырылып жатыр Әрине, селекциялық-асылдандыру жұмыстары сақталады. Бірақ бақылау құралдары күшейтіледі», – деді министр.

Жалпы, министрдің айтуынша, мемлекет пен Үкімет басшысының қолдауының арқасында қазіргі уақытта бюджет қаражатын қосымша бөлуді ескере отырып, субсидиялаудың жалпы көлемі 451 млрд теңгені құрайды. Бұл 2021 жылғы деңгейден 20%-ға артық, оның ішінде Жетісу облысына 53 млрд теңге көзделген.

Ербол Қарашөкеев өңірдегі егін жинау науқанының барысымен де танысты. Жетісу облысында 284,8 мың га астық жиналып, 658,6 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 23,1 центрнерді құрап отыр. Ал қант қызылшасын жинауға келетін болсақ, өңірдегі тамыр дақылының егіс алқабы 6 мың га құрады, ал биылғы жылы өнімділік шамамен 400-450 ц/га құрады.

Сонымен бірге сапар барысында Ауыл шаруашылығы министрі Көксу қант зауытында болып, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

2026 жылға қарай Жетісу облысында қант қызылшасын егу алаңын 2,5 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Биыл отандық қызылша шаруашылығының флагманы болып саналған аймақ 6 мың гектарға тамыр дақыл сепкен. Ауыл шаруашылығы министрі өңірге жұмыс сапары кезінде қант саласының ағымдағы жағдайымен танысты.

Ербол Қарашөкеев 300 гектар жерге қант қызылшасын егіп, жаңбырлату қондырғыларын сәтті қолданып отырған "Қызылшоқы" шаруа қожалығының егістігін аралады. «Хильниченко мен К» шаруа серіктестігі де дәл осынша дақыл екті, министр аталған шаруашылыққа да барды. Сонымен қатар, фермерлер техниканың тозуының жоғары пайызы туралы мәселе көтерді. Аймақтағы қызылша жинайтын комбайндардың жартысынан көбінің жағдайы қанағаттанарлықсыз.

Министр субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде қызылша өсіру техникасына субсидиялау нормативін 50%-ға дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныс қаралып жатқанын атап өтті.

«Сонымен қатар, қызылша өсірушілердің өтініші бойынша мемлекеттік қолдауды қайта қарау шеңберінде субсидиялау нормасын 15-тен 25 мың теңгеге дейін ұлғайтудың арқасында келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасының құнын 40 мың теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр, бұл қызылша өсірушілер үшін ынталандыру болып табылады. Осылайша, қант қызылшасының рентабельділігі жүгері, рапс және соя сияқты дақылдардың деңгейіне жеткізіледі», – деп қосты Ербол Қарашөкеев.

Көксу қант зауыты шамамен 24,7 мың тонна қант қызылшасын қабылдады және келесі аптада осы шикізаттан түйіршіктелген қант шығара бастайды. Ербол Қарашөкеев зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорынға шикізатты Жетісудың барлық аудандарынан шаруа қожалықтары жеткізеді. Өткен жылдан бастап зауыт жыл бойы жұмыс маусымына көшті. Осының арқасында биыл кәсіпорын Қазақстан нарығына 48 мың тонна қант жеткізеді.

Шаруалар өңірдегі қант саласын дамыту перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісті. Министрдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуінде саланың проблемалық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қант зауыттары үшін тәтті тамыр дақылын өздігінен өсіре алуы маңызды мәселе. Агротехнологияларды сақтау мәселесі де өзекті, бұл өнімділіктің, демек пайданың өсуіне тікелей ықпал етеді.

Айта кетейік, 2026 жылға дейін қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында егістік алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Тегтер: