Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:13, 16 Маусым 2023

Агроөнеркәсіпті заман талабына сай дамыта аламыз ба?

None
None

Қазақстандық өнімге сұраныстың артуы және мемлекеттік қолдау шараларының кеңеюі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің өсуіне ықпал етті.

Үкіметте осы жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасының жаңартылған жобасы қаралған болатын.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2030 жылға дейінгі агроөнеркәсіпті дамыту тұжырымдамалары бизнес пен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, отандық агроөнеркәсіптік кешен таяу жылдарда тап болуы мүмкін жаһандық сын-қатерлер мен жаһандық үрдістерге негізделгенін атап өтеді.                             

Тұжырымдаманың негізгі міндеттерінің қатарында: саладағы еңбек өнімділігін екі есеге арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын үш есеге арттыру, сондай-ақ барлық азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуді кемінде 90% деңгейінде қамтамасыз ету. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемін орта есеппен 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Атап айтқанда, тұқым сатып алуды субсидиялау және тұқым шаруашылығын жаңғырту арқылы бидай шығымдылығын 20 ц/га дейін арттыру шаралары қабылданатын болады. Белгіленген мерзімге дейін суармалы жерлердің көлемін 3 миллион гектарға, ал минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 40 пайызға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте жеңілдетілген лизинг пен басқа да мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту көрсеткіші 7 пайызға жетуі тиіс.

Агроөнеркәсіп саласының маманы Жасұлан Бейсембаев:

  • Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін мономәдениеттен бас тарту, ғылыми негізделген ауыспалы егістерді сақтау, сондай-ақ өндіріске заманауи ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу қажет. Тұқым шаруашылығын дамытудың арнайы кешенді жоспары әзірленуде, оның аясында ғылыми ұйымдарды заманауи селекциялық әдістерге көшіру жұмыстары басталды. Біздің ғылыми-тәжірибелік шаруашылықтар, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы негізгі субъектілері болып табылатын семхоздардың үйлесімді жүйесі құрылуда, – деп атап өтті.

Жер ресурстарын басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу, учаскелерді тіркеу процесін автоматтандыру, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және айналымға тарту жұмыстары жалғасын табуда.                                         

Мал шаруашылығында асыл тұқымды асылдандырудың заманауи әдістерін енгізуге, мал азығын өндіруді ынталандыруға, жайылымдық инфрақұрылымды дамытуға және жалпы ауыл шаруашылығы жануарларының санын арттыруға баса назар аударылатын болады.

Отандық өнімді экспорттау көлемін ұлғайту үшін жеткізушілердің шетелдік тізілімдеріндегі қазақстандық кәсіпорындардың тізімін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл экспортты 9,9 миллиард долларға дейін арттырады. Жалпы, 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығының барлық салаларында жалпы құны 4,5 триллион теңге болатын 1,7 мыңнан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл республиканың экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіп саласының маманы Жасұлан Бейсембаев:

— Аграрлық ғылымға келетін болсақ, қолданбалы әзірлемелерді өндіріске енгізу және оларды коммерцияландырумен байланысты мәселелерді шешу, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесі негізінде білімді таратудың заманауи ұлттық жүйесін құру жоспарлануда. Аграрлық ғылымды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды жыл сайын ұлғайту, сондай-ақ жас ғалымдарды салалық гранттық қаржыландыруды енгізу көзделуде. Нәтижесінде агроөнеркәсіп кешеніне енгізілген ғылыми әзірлемелердің үлесі 14,5 пайыздан 40 пайызға дейін артуы тиіс, – деді.

Жалпы, тұжырымдаманы жүзеге асыру ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге, 70 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен 400 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Тегтер: