Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:41, 31 Қазан 2022

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы жүйелі іске асып келеді

None
None

Ауыл десең қазақ, қазақ десең ауыл еске түсетін уақыт қазір. Өйткені ауыл әр қазақтың алтын бесігі түп қазығы болған қазынасы.

Қазіргі таңда елімізде құлдырап бара жатқан ауылдарды сақтап қалу, агроөнеркәсіптік  кешенді дамыту өзекті мәселеге айналды. Президент Қасым — Жомарт Тоқаев ауыл мен  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ауыл халқының сексен бес пайызы тұратын тірек ауылдарды дамытудың қажет екендігін атап өткен болатын. Тірек ауылдарды дамыту үшін бұл елді мекендерді жолдармен, қолжетімді байланыспен интернетпен, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар ауыл жұрты үшін заман үрдісінен қалдырмайтын білім, мәдениет және спорт нысандары да қол жетімді болғаны абзал.  

Былтырғы жылы 12 қазанда Үкімет отырысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы қаралған болатын. Мемлекет басшысы жобаны іске асыру барысында еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға  агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты түрде арттыру қажет деген бірқатар тапсырмалар қойған болатын. Бүгінде елімізде Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы жүйелі түрде іске асырылып келеді. Елімізде  6293 ауылдық елді мекендер бар екен. Бұл ауылдардағы  халықтың саны 7,7 миллионнан асып отыр. Қазіргі уақытта 4,429 ауылға орталықтанған  ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған. Аудан орталығына дейін асфальт жол салынған ауылдар саны бес мыңнан асып кеткен. Негізінен бұл ұлттық жоба ауыл — аймақтарда тұратын халықтың тұрмыс сапасы мен  әл — ауқатын арттыруға бағытталып отыр. " Ауыл — Ел бесігі" жобасы бойынша даму әлеуеті бар үш жарым мың ауыл таңдап алынған. Мұнда ауыл тұрғындарының 89 пайызы тұрады. Осы ауылдарды дамыту жұмыстары  «Ауыл -Ел бесігі » жобасы аясында жүргізілуде. Ауылдағы ағайын үшін ең бастысы су мәселесі мен  кедергісіз жолдың болуы екені сөзсіз. Сонымен қатар ауылды дамытуға бағытталған  ұлттық жоба аясында елді мекендерде білім беру мен медициналық қызмет көрсету нысандарының заманауи үрдісте жұмыс жасап тұруына да көңіл бөлініп келеді. Елімізде кезең -кезеңімен іске асырылып келе жатқан жобаның арқасында бірінші кезекте ауыл халқының өмір сүру деңгейі жақсарып, тұрмыс тіршілігі алға басуы қажет. Сондай — ақ ауыл жұрты үшін жұмыссыздық мәселесі әлі де өзектілігін жойған емес. Екі қолға бір күрек тауып беретін жұмыс табылып, күнделікті ас суын айырып отырудың өзі ауылдағы ағайын үшін үлкен демеу болары сөзсіз. Бұл орайда елміздің әр өңірінде  агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде жұмыс орындары ашылып біртіндеп кәсіпорындар істерін дөңгелетуде. Осындай кәсіпорындардың ашылуы ауылдағы жұмыссыздықтың азайуына септігін тигізіп келеді.

Тегтер: