АГРС-3 жыл соңына дейін тапсырылады
Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр.
Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100 пайыз жұмыс атқаруда. Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады.
Мегаполисте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,1 пайыз табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады.
Бүгінгі күні АГРС-3 нысанындағы құрылыс жұмыстарын «StroyGazCompany» ЖШС-і уде. Автоматтандырылған газ тарату станциясының өткізу қабілеті 250000 м3 /сағ болады.
Сонымен бірге Қайнарбұлақ және Асар-2, Алтынтөбе шағын ауданы, Достық шағын ауданы мен Бадам (195 орам), Асар-2, Азат шағын аудандарында барлығы 8 газ нысанының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нысан жыл соңына дейін іске қосылып, тұрғындарды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.