Ахметов 73-тегі директорды үйінен шақырып алды ма?

08.04.2020, 14:23

37

 Шығыс Қазақстан облысының әкіміДаниал Ахметов күні кеше Семейге тағы да келіп қайтты. Өңір басшысының Семейгежиі келіп жүргеніне қарап қала тұрғындары «індет жағдайына байланыстыалаңдаушылық білдіріп жүрген болар» деп топшылағанына күмән жоқ еді. Өйткені,осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желіде (31 наурыз күнгі) жариялағанмәлімдемесінде қарт адамдар үшін қатты алаңдайтынын жасыра алмағанына қарап,«әкім бол, халқыңа жақын бол» деген мәтелді өмірінің мәніне айналдырғанына шүбәжоқ еді.

  «Өскемен жәнеСемейдегі, жасы 70-тен асқан жерлестеріме, бірінші, екінші топтағы мүмкіндігішектеулі жандарға, үйден шықпауларын сұраймын. 2 сәуірден бастап, азық-түлік,дәрі-дәрмекті үйлеріңізге жеткізетін боламыз. Ол үшін әлеуметтік маңызы бар,азық-түлік өнімдерінің 19 түрі, гигиена құралдарының 10 түрі кіретін 4 жинақжасалды. Жеткізу аптасына бір рет тегін болады»,- деген-ді Даниал Кенжетайұлы.

 Алайда, жасының 66-ға келгеніне қарамастан«аттай шауып» (айтпақшы, бұл кісі тікұшақпен кеп, аспаннан түседі-авт)  Семейге ай аралатпай тағы келген Д. Ахметов бұлжолы «театр тамашалап, саябақта серуендеп» қайтты. Қалжың емес. Алдымен биылғыжылдың үлесіндегі Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Абай театрына бұрылды.Қалалық әкімдіктің оң қапталында, орталық алаңды құшағына ала орналасқан әсемғимарат «Абай атындағы театр» деп маңдайшасы жарқырап тұрғанымен, бұл өнерордасының қилы-қилы «хикаясы» бар. Анығы – театр Абай атында болғанымен,құжаттама жүзінде әлі күнге дейін нақтыланбаған әңгімесі көп. Ал театрдиректоры Яков Горельников негізінен Достоевский атындағы орыс драма театрыныңдиректоры ретінде аталады. «Ахметов арнайы келіп ақылдасқан осы Яков атай кімеді?» деп аты-жөнімен ғаламторға сап жібергенімізде «Директоргосударственного Русского драматического театра им.Ф. М. Достоевского (С 1982 года по настоящеевремя)» деген Википедия анықтамалығына тап болдық.  

 Бірақ біздің таңқалғанымыз бұл емес. «Абайатындағы театрдың нақты ресми иесі кім?» деген сұраққа жауап іздеу де емес. Таңқалғанымыз– жасы 70-ке келген және асқан қарт адамдардың үйінен қарға адым шықпауын қаттытапсырған облыс әкімінің Семейге келген сапарында 73 жастағы театр директорынқасына ертіп жүріп, Абайдың 175 жылдығына орай, өнер ордасының ішін аралап,жөндеу жұмыстарының жүру барысымен танысқаны болды. Әрине, облыстық бюджеттенқаражат бөлініп, өнер ордасына автокөлік тарту етіп, ақын тойына құрметін осылайбілдерген облыс әкімінің ісі құптарлық. Алайда, әкім сапарына орай жергіліктітелеарналарға сұхбат берген Яков Горельниковтің қызметі «Ф. Достевский атындағыорыс драма театрының директоры» болып жарқ ете түскенін көргенде Абай театрыныңкімнің қолтығына тығылып отырғаны бірден айқындала түседі. Бұл індете түссеңіз өзалдына жеке мәселе. Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы Абай атындағы театрданбастау алған күннің өзінде оның әлі күнге дейін Достоевский атындағы орыс театрыныңқұрамынан шыға алмай келе жатқаны Ахметовті осы жолы қалайша ойландырмады екен?Онысы өз алдына, өзі шегелеп айтқан, үйден шықпауға тиісті «жасы 70-тен асқанжерлестерінің» бірі Горельниковті жанына ертіп тапсырма бергеніне қарап некүлеріңді, не жыларыңды білмейсің...

 Айтпақшы, Даниал Ахметов Семейден осы жолы дақайта салысымен «Фейсбуктегі» парақшасына осы сапары туралы да жазба қалдырудыұмытпапты.

«Бүгін жұмыс сапарымен Семейде болдым. 70 жастан асқанадамдарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған азық-түлік пендәрі-дәрмектерді қашықтықтан сатып алу және байланыссыз, тегін жеткізуқызметімен таныстым»,-дейді Даниал Кенжетайұлы.

   Ал, Я.Горельниковтің ұлы Станислав Горельников Семей қаласының әкіміЕрмак Сәлімовтің көмекшісі екені де өз алдына бір қызық. Облыс әкімінің сапарынкүншілік жерден білетін қала әкімінің көмекшісі Станислав Яковлевичтің бұлтұрғыда әкесіне: «Үйде отырыңыз. Ахметовтің өзі айтқан» деуіне болатын-ақ еді.Бірақ, оған дәрмен қайдан болсын?!

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11