Ахметов абыралылық «аборигендерді» біле ме?!

25.06.2019, 23:37

5

Жастар жылындазейнеткерлік жастан асқанына қарамастан «жылы орынын» сақтап қалған облыс әкіміДаниал АХМЕТОВТІҢ Шығыс өңірді басқарғанына биылғы қарашада тұп-тура 5 жылтолады. Жақында ғана 65-ке толған Ахметовтің осы бес жыл ішінде Шығыс Қазақстаноблысының ат арытып бармаған жері қалмаған болар деп ойлайтын шығарсыз. Тіпті,шау тартқанына қарамай шалғай аудандарға дейін тікұшақпен барып, аспаннан «дік»етіп түсе қалатынына қарап шаршамайтын ширақтығына сүйсінесің. БірдеКатонқарағайға, бірде Тарбағатайға, енді бірде Алтайға, тіпті, Алакөлге дейінұшып барып, қанатымен су сепкен қарлығаштың кейпінде жүретін Ахметовтің аралда тұратынауыл болса да баруға әзір екеніне күмән қалмайды. Алайда, дәл осы Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫНЫҢәлі күнге дейін ат ізін салмаған бір өңірі бар. Ол – әкімшілік орталығы Семейқаласының құрамына кіретін бұрынғы Абыралы ауданы.

Бәлкім, бұрынғы болғандықтан, бәлкім, аудан статусынанажырап қалғандықтан шығар, басынан бағы тайған жұртының жағдайын білін, халінбіліп қайтуға облыс әкімінің құлқы жоқ. Ол өз алдына абыралылықтар Ахметовтұрмақ, облыс орталығы Өскемендегі лауазымды шенеуніктердің, яғни, оның,орынбасарларының аты-жөнін біле бермейді. 

«Семейқасіретін» оқыған болса...

Абыралыны айрықшалап айтуымыз бекер емес. Биыл Семейядролық полигонында алғаш атом бомбасы жарылғанына 70 жыл, атом сынағыныңтоқтатылғанына 30 жыл толады. Адамзатқа қасірет әкелген осынау шерлі жылдардыңшындығын әйгілеп белгілі жазушы Медеу СӘРСЕКЕ «Семей қасіреті» деген 600-беттенасатын үлкен кітап жазды. Қызығы сол, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарықкөрген «Семей қасіретінің» шығуына Даниал Ахметов өзі тікелей мұрындық болды.Оны кітап авторы Медеу Сәрсеке басылымдарға берген сұхбатында да, оқырмандарменкездесуінде үнемі ұмытпай айтып жүр. Алайда, зер сала қарасаңыз, Ахметовтің бұлкітапты шығару мақсаты Абыралының атын ардақтап, орталығы болған Қайнардыңқайғысына қабырғасы қайысқандықтан емес, Семей полигонының жабылуы«Назарбаевтың арқасы» екендігін көрсетіп қалудан туған ниет тәрізді. Солай-ақболсын, бірақ, атом бомбасының алғаш ойлап табылу тарихынан бастап, жабылғанынадейінгі аралықтағы кеңестік ғалымдардың кім болғанын, Дегелең тауының қалайтаңдалғанын, оны кімдер зерттегенін нақты деректермен шебер үйлестірген, осыАбыралы топырағында туып-өскен мамандығы инженер жазушының еңбегін қадірлейтінірас болса, бүгінге дейін Абыралы өңіріне ат ізін салмағаны қалай?! Қайнардыңқай жақта екенін білмейтін болар десек, өзі шығарып берген «Семей қасіретінде»бәрі баяндалып тұр… Шығаруын шығарып беріп, екі жылдан бері оқымады ма, екен,әлде?..

Айтпақшы, осы тұста Ахметовтің алдында Шығысты басқарғанБердібек САПАРБАЕВ еріксіз еске түседі. 2009 жылы ШҚО әкімі қызметіне келгенСапарбаев Ахметовке қарағанда адамгершілік қасиеті биіктеу болса керек, бірнешеай өткенде осы Абыралы өңіріне әдейілеп барды. Полигон аймағының мәселесіментанысып, халқымен жүздескенін жергілікті жұртшылық әрдайым ризашылықпен айтыпжүреді. Өйткені, абыралылықтар облыс әкімін 11 жыл бұрын Шығысты басқарғанВиталий МЕТТЕДЕН кейін көріп тұрғаны сол болатын.

Жабылыпмектеп, тарады халық...

Ал бүгінде… Абыралы ауданы тараған 1998 жылдан бері (1991 жылы қайта құүрылып 7 жыл ғана өмірсүрді-авт)осы төңіректегі ауылдар Семей қаласы әкімдігінің құрамына өткеліболашағы бұлыңғыр. Қазаққа Төлеужан ЫСМАЙЫЛОВ, Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Бауыржан ЖАҚЫПсияқты таланттарды берген Таңат ауылының өткен жылы мектебі жабылып, халқытарап Риддер қаласына көшірілді. Қазір бірен-саран ғана үйі бар Ақбұлақауылының бөлімшесі болып қалды.

Былтыр ауылдың 50 жылдығы мен ән атасы Әміре ҚАШАУБАЙҰЛЫНЫҢ 130 жылдығын ел азаматтарының жұмылакірісуімен әупірімдеп атап өткен Ақбұлақ ауылында қазір 50-ге жетпес үй қалған.Кезінде аудан орталығы болған, Шырақбек ҚАБЫЛБАЕВ, Рымбек БАЙСЕЙІТОВ, Жабағы ТӘКІБАЕВ,Рымғали НҰРҒАЛИ сияқты ұлт тұлғаларының туған жері — Қайнар ауылының жайы дажетісіп тұрған жоқ. Бірер жыл бұрын Мәжіліс депутаты Нұртай САБИЛЬЯНОВТЫҢұйытқы болуымен республикалық бюджеттен бөлінген 467 млн. теңге қаражат ауыз суқұбырын тарту мақсатында бөлініп, оның 194 млн (өткен жылғы мәліметбойынша-авт) теңгесі игерілгенімен, жұмыс әлі күнге дейін (соңғы аяқталу мерзімі 2018 жылдың қарашасы болатын-авт) толықбіткен жоқ. (Бұл туралы (//zhasalash.kz/article/655-salimov-milliondardy-nege-sugha-aghyza-beredi)   «Жас алашта» баяндаған болатынбыз).Алғашбастаған мердігер компания жұмысты дұрыс атқармай тастап кеткендіктен, Семейәкімдігі оны екінші компанияға беруіне тура келген.

-Менқазір Семейде тұрғаныммен осы Абыралының жылдан-жылға құрдымға кетіп баражатқанын көріп, көңілім құлазиды. Анық білетінім, қазір қалаға қарасты осытөңіректегі ауылдардың халқын түгел қосқанда 5 мыңға жетпейді. Бәрі Семейгекөшіп жатыр. Өткен жылы ғана 15 шаңырақ үдере көшіп, есіктерін жапты. Көшіпбарғандардың да жетісіп жатқаны шамалы. Жас отбасылары бар азаматтардың жұмыстабуы қиын, тапқандары базар жағалап тәшке сүйреп жүр. Семейден 300 шақырымқашықтықтағы Қайнар мен арадағы жолдың азабы туралы айтып-айтып болғанбыз.Қазіргі облыс әкімі Ахметовтің қияндағы Қайнарға осы күнге дейін ат ізінсалмағанына қарап, облыс басшылығының бізге көзқарасы қандай екенін іштейтүсінесің. Семей қаласының құрамында қалғанымыз алғашқы жылдары жақсы еді:зейнетақы қаладан да беріле беретін, телефон байланысымыз қаламен бірдей болатын.Қазір жарық төлемін Абай ауданының орталығы Қарауылға барып төлейді. Мәселе текондай төлемдерде ғана тұрған жоқ. Шын мәнінде, Абыралы өңірінің проблемасыСемей қаласы әкімдігіне артық жүк болып тұр. Біздің бірміз көшіп, біріміз өшіп,қырылып-бітуімізді күтіп отырған сияқты,-деп күйінеді осы топырақтың тумасыБағлан ҒАБДУЛЛИН.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ сәуір айында Семейге келгенсапарында ядролық полигон аймағында зардап шеккен азаматтардың әлеуметтіктұрмысын жақсарту, жеңілдіктер қарастыру жайын айтып кеткен болатын. Облысәкімі Даниал Ахметов болса, әзірге атом сынағының ошағы болған — Абыралы жаққааяқ басар емес. Оны былай қойғанда, Семей полигонының жабылуын Назарбаевтыңбатыл қадамы деп бағалайтын өңір басшысының биылғы даталы жылда оған қатыстыжаз ортасы болса да жақ ашпай отырғаны таңқалдырады.

Тарихтан белгілі: Австралияның байырғы халқы аборигендердеп аталады. Қазіргі күнде алып мемлекеттің 2,6 пайызын ғана құрайтын ежелгітұрғындардың европалықтардың қолынан қырылып, қатары сирегені белгілі. Бәлкім,абыралылылқтар мен аборигендерді салыстыру артықтау болар. Бірақ, атом азабынанауру меңдеп, тұрмыстық жағдайы да күрт әлсіреген өңір халқының болашағы солаборигендерге ұқсап бара жатқанын Д.Ахметов Абыралы өңіріне барғанда ғанабір-ақ түсінер бәлкім.

Фото:obvk.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04