Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:41, 17 Маусым 2020

Ахметов Аягөзде төтенше жағдай жариялады (видео)

Кеше Аягөз қаласында шамамен сағат 18-дер шамасында жойқындауыл жүріп өткенін «Жас Алаш» бұған дейін де хабарлаған болатын.

Тұрғындардың айтуынша, қазір қала ішінде шатыры бүлінгенүйлер, сауда дүкендері, сынған ағаштар баршылық. Қаланың бірқатар аумағы дажарықтан ажырап қалған. 

Осыған байланысты ШығысҚазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Аягөзде төтенше жағдай жариялады.  

«Құрметтіжерлестер! Кеше кешке Аягөз ауданында жылдамдығы секундына 28 метргежеткен екпінді жел соғып өтті. Бүгін ауданда төтенше жағдай жарияланды. ОрынбасарымБ.Баяхметов бастаған арнайы комиссияны жолға шықты. Оқиға орнында барлықкоммуналдық және апаттық қызметтер жұмыс жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарынбір апта ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражат бөлінеді»,- деді облыс әкімі. ⠀Алдын ала деректер бойынша, төтенше жағдай салдарынан 72тұрғын және 19 көпқабатты үйлер, сондай-ақ 8 әкімшілік ғимарат зардап шекті.⠀Ағаштар мен бұтақтардың құлауы салдарынан электр желілеріүзілді. Нәтижесінде 3679 абонент электр жарығынсыз қалған еді. Қазіргі уақыттакезең-кезеңімен жарықты қосып жатыр. ШҚ ӨЭК-ның 5 апаттық бригадасы жақын арадақалған 700 абонентте жұмысты аяқтауы тиіс.⠀Сондай-ақ, қалалық ауруханаға түрлі дәрежедегі жарақаттармен7 адам жүгінген. Қазір жағдайлары тұрақты, стационарда бір науқас жатыр.

Тегтер: