Ахметов Оразбаевқа «жеңіл жұмыс» тауып бере ала ма?

16.10.2019, 08:54

31

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢАягөз ауданына барып қайтқан сапары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.Өңір басшысының аяқ астынан бар шаруасын тастап, Аягөзге аттануының себебі «Ақбұлақ» және «Ауыз су» бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен бөлінген  миллиардтаған қаржының талан-таражға түсіп,шаруаның шала біткенінен шықты. Бұлтуралы «Жас алаш» сайтында және газетінде «Байахметов жұтым суы «жырғаайналған» ауылдар үшін жауап бере ме?» деген мақаламызда да өзекті мәселеніңбіраз шындығын баяндағанбыз.

Бірақ та қызығы сол, Аягөздің өз басына ғанааялдаған Даниал Ахметов ауыз судың зарын тартып отырған Дөненбай, Мыңбұлақ,Қопа, Мамырсу ауылдарына барып, тұрғындарымен жүздесуді қажет санамағансыңайлы. Дегенмен, ауданда қалыптасып отырған ахуалға байланысты алған әсерінД. Ахметов «Фейсбук» желісіндегі парақшасында былай деп бөлісіпті:

«Құрметтіаягөздіктер! Бірнеше елді мекен мен облыс орталығындағы кей көшелерді сапалыауыз сумен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселе туындады. Аягөз қаласында 2017жылы 30 шақырымнан астам су жеткізу желісі мен су іркуіш құрылыс қайта қалпынакелтіру басталған еді. Жұмысты былтыр желтоқсан айында бітірген-міс. Алайдатұрғындардан жеткен арызға сай, сапалы ауыз су барлығына бірдей жетпеген. БұлҚұрманғазы, Шәкенов, Құрманғали Халида, Момышұлы, Уәлиханов, Суағар жәнеЕңбекші көшелеріне қатысты. Құрылысқа 476 млн.теңге бөлініп, игерілген.Мердігер компания – «Қазэлектринжиниринг» ЖШС. Дәл осы мердігер 670 млнтеңгеден астам қаражат бөлінген канализация жүйесін қайта құру жұмыстарынбітірмеген. Дәл осы сипаттағы жағдайды Дөненбай, Қопа және Ай ауылдарынан дакөріп отырмыз. Сыртқы су құбырларын қалпына келтіру және су іркуіш пен сужеткізу желілерінің құрылысы бітпеген. Аз уақыт аралығында бұл нысандардағыжұмыстар толық аяқталуы тиіс. Оған менің орынбасарым Бақытжан Баяхметов жәнеаудан әкімі Ділдәбек Оразбаев тікелей жауапты».

Оразбаевқаоңай болмай тұр

Аудан халқының алдында осылайша ақталған облысәкімінің бұл сөзі бәрібір де аякөздіктерді сендіре алмайтын сияқты. Оған түрткіболған әкімнің әлеуметтік желідегі қызу талқыға ұшыраған Оразбаевқа қаратыпайтқан сөзі. Ауданға келген сапарында өзінің бүгінгі орынбасары – ауданныңбұрынғы әкімі Бақытжан Байахметовті ерте келген өңір басшысы өзекті мәселеніңқалыптасуына қазіргі әкім Ділдәбек Оразбаевты кінәлай сөйлегені қызық болды.Әлеуметтік желіде кең тараған суретте (фотоавторы Тілеубек Шаяхмет және коллаж авторы -Мерей Қайнарұлы) Оразбаевқаежірей қараған Ахметовтің оның барлық жұмысын жоққа шығарып айтқан сөзінеқараңыз:

«… Сенжақсылап тұрып ойлан! Мүмкін мынау Аякөз саған қиындау болса, бір жеңіл жұмысіздейік» деп жаны ашыған сыңай танытыпты.

Осы көріністің жариялануы мұң екен, аягөздік желіқолданушылары өңір басшысының әділдіктен аттап өткеніне күйіп кеткен пікірлерінаямай төге жөнелді. Пікірлердің басым бөлігі күрделі ахуалдың туындауы ауданныңбұрынғы басшысы Бақытжан БАЙАХМЕТОВТІҢ кезінен басталғанға саяды. Алдымен соғанқаз-қалпында  кезек берейік:

AketayAkelanov: «Аягөздіктер жаңа әкім- Ділдәбек Оразбаевты толыққолдайды. Өйткені, ол 5 айдың ішінде қыруар жұмыс атқарды. Халықпен жақынболды, қолынан келген қолдауын көрсетіп жатыр. Оған мың алғыс! Аягөз ауданындаболған былық-шылыққа оның ешқандай қатысы жоқ. Облыс әкімі Даниал Ахметовбұрынғы Аягөз ауданы әкімі болған, биылғы жылдың мамыр айынан облыс әкімініңорынбасары болып жүрген Бахытжан Баяхметовке айтсын сол сөздерін!»

БауыржанЕрдембеков Ділдекең- ең мықты әкімнің бірі! Оны тарбағатайлықтардан сұраңыздар...

Azamat Qasym: «Ділдәбек Оразбаевтың Тарбағатайда қалайжұмыс істегенін ел біледі ғой. Ал Аягөзге келгені жаңа. Аудандағы бұрыннанқордаланған кемшіліктерге жаңа әкім жауап беруге міндетті емес шығар».

АбзалбекМұхаметжанов «Ділдәбеккеуақыт беру керек. Ол кісі өзін ісімен көрсетеріне сенемін».

Осындай мәндегі пікірлеркөптеп саналады. Пікірлерді бергендегі ойымыз ауданның қазіргі басшысына аратүсуден туған жоқ. Облыс әкімі Д. Ахметовтің суға қатысты жұмысты бітіруге Б.Байахметов пен Д. Оразбаев жауапты екендігін өз сөзінде айта тұра, Оразбаевқа «Аягөз қиындау тисе, жеңіл жұмыс іздейік»дегені түсініксіз көрінгендігінен шығып отыр. Сонда өзі 2019 жылдың сәуір айыныңсоңында ғана тағайындаған аудан әкімін қыс түспей, іс бітпей жатып қайтаданалып кетпек болғаны ма?.. Әлде, 2017 жылдардан басталған ауыз сумен қамтамасызетуге бөлінген қаражатты дұрыс бақылай алмаған орынбасары Бақытжан Байахметовтіаудан басқарғандағы кемшіліктерінен қалай ақтарын білмей, басы қатқаннан айтқансөзі ме екен?.. Қалай десек те, Ахметов бұл сөзін асығыс-үсігіс айта салмағаныайқын.

Фотолардыавтор ұсынды.

                                                 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42