Ахметовке бас санитардың қаулысы жүрмей ме?

21.07.2020, 06:38

26

  Шығыс Қазақстан облысының әкімі ДаниалАхметов Семей қаласына тағы да кезекті жұмыс сапарымен келіп қайтты. Жергіліктіәкімдік таратқан мәліметке сүйенсек, Даниал Кенжетайұлының жыл басталғалы беріСемейге келген сапарларының ұзын саны 30-ға жуықтапты. Ахметовтің сапарын санапжүру қажет те шығар, бірақ одан семейліктердің өзекті мәселесі жылдам шешіліп,жұрттың жоғы түгенделгені шамалы. Өңір басшысының қалаға келгенде қайдабаратынын оң-солын енді таныған бала да біледі: жылдың басты датасына орай,Абайдың атымен аталатын музейді, театрды, алаңды айналып шығады. Қызығы сол –бұл жолы да солай болды, жүрісінен жаңылмайтын қалпында Абай тойының желеуіменмиллиардтар бөлінген нысандарды тағы да аралап, берілген тапсырмаларыныңорындалғанын қадағалап қайтты.   

 Тағы бір белгілісі – биыл Семей қаласынабаттандыру, білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері ғимараттарын жөндеуденөткізу және жол жөндеу бағыттарында 113 жоба іске аспақ екен. Тіпті осы жобалардыжүзеге асыру мақсатында 5000 жұмыс орны қарастырылған. Ойға алған жоспарың-шыңсыз орындалу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасыаясында жергілікті бюджеттен 20 млрд теңге бөлініпті. Жергілікті атқарушыбиліктің сойылын соғып, сөзін сөйлеуге келгенде құрдай жорғалайтын блогерлербұл туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерге жаппай жапсырып жариялап жатқанда,Семей бүгін-ертең облыс орталығы Өскеменнен озып кететіндей көрінеді.

   Әрине, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырмасына сәйкес, Семей қаласын дамыту 2020-25 жылдарға арналған жоспарбойынша жүзеге асып жатса, жергілікті жұрттың атқарушы билікке айтар өкпесіжоқ. Бірақ Абай тойы жылында ғана бөлінген миллиардтар қала халқының қайжыртығын жамап, қай тесігін бүтіндеп жатыр? Семейліктердің дені пневмонияғаұшырап, шырқыраған жанына жақындары дәрі таппай шарқ ұрып жүргенде, жолдың кеңейтіліп,Абай алаңына балалардың ойын құралдары орнатылып жатқаны кімге маңызды?! Қаланыкөркейтуді басты назарға алған облыс әкімінің бұл әрекеті құптарлық делік.


                   30 рет келсе де, 30 секундтыңдауға құлқы жоқ

     Ал, бірақ, олай болса, Восход жәнеАқсай кентінің тұрғындары бес-алты жылдан бері не жарық, не жолтөселмегенін айтып, қала әкімі Ермак Сәлімов пен облыс әкімі Даниал Ахметовтіңүстінен аттап өтіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, оны әлеуметтікжеліде таратып, несіне әлек болып жүр?! Өйткені жемқорлық жайлаған шығыс өңірініңбасшылығында Семей қаласын дамытуға миллиардтаған бюджет қаражатының нақты қажеттіліктергежұмсалатынынан күдер үзгендіктен, халық мемлекет басшысын мазалауға мәжбүр. Жайуақытта әлеуметтік желіні бағып отыратын әкімдік шенеуніктері мен қала әкіміСәлімов екі кенттегі жағдайды қанша жасырып баққанымен, ашынған халықтың жан дауысыбір күні президент Тоқаевтың да құлағына жетер, бәлкім. Сонда барып мемлекетбасшысының Семейді дамыту бағдарламасының сөз жүзінде ғана жүріп жатқанына көзіжетер. Ол кезге дейін облыс әкімі «құрметті демалысқа» шығып кетпесе болғаныда.


                           «Ахметовтің сөзі өтірік. Дәрі жоқ!»

    Даниал Ахметовтің бұл жолғы Семейгесапарының тағы бір айтарлығы –  коронавирусқа қарсы күрес жолында қаза болғанбес дәрігердің туыстарын шақыртып, «Құрмет» орденін тапсырғанымен, марқұмдәрігерлердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы ләм-мим деуге жарағанжоқ. Өмірден өткен дәрігерлерге «Барыс» пен «Құрмет» ордендерін жүздеп әкелседе, қызметін атқару үстінде қайтыс болған олардың орны енді толмайтынын айтудыңөзі ауыр. Ал бұл кезде Семей дәріханаларында аспирин, парацетамол таппайсенделген жұрттың жағдайы өз алдына бөлек «жыр» болып жатты.

    Ал жақында жарымен бірге қатты ауырыптұрған қала тұрғыны Бағлан Ғабдуллиннің бұл тұрғыда шығыстың атқарушы билігінеқаратып айтқан наразылығын тыңдағанда, Ахметовтің дәрінің жеткілікті екенін айтқанышындықтан алшақ жатқанын аңдағандай болдық.

    – Облыс әкімі Даниал Ахметов «бізде бәрікеремет, жататын жер де баршылық, дәрі-дәрмектің бәрі дәріханаларда қалаулытұр» деп айтқанының бәрі өтірік. Басымды кесіп алса да айтайын, дәрі жоқ. Қаланыңадамдары, жарайды, бірінен-бірі сұрап, іздеген дәрісін тауып алып жатқан шығар.Бірақ алыстағы ауылдарда дәрі жоғы өз алдына, қалаға келіп, азитрамицин,митрит, Д, С дәрумендері, регидрон, парацетамолды шарқ ұрып таба алмай кетеді.Семейге қарасты Абыралы өңіріндегі Қайнар, Ақбұлақ ауылдарында дәрі тұрмақ,дәріхана жоқ. Үш жүз шақырым жерден туған інім келіп, екі күн жүріп іздегендәрілерін таба алмай кетті. 17 шілде күні ұлы Әли тағы да келіп, таба алмайкетті. Енді бүгін өзім шығып, қала орталығы саналатын 343-квартал, 72-кварталаумағындағы дәріханаларға бардым. Тапсам беріп жіберейін деп. Бәрі бос тұр.Сонда облыс әкімі кімді алдап жүр? Президентті ме, халықты ма? Жағдай күн өткенсайын қиындап барады, – деп күйінеді Бағлан Ғабдуллин. 

    Қала тұрғынының айтқан сыны орынды. Егер өңірбасшысының халыққа деген жанашыр ниеті бар болса, көз алдау түрінде болса да,дәріханаларға ат басын бұрып, дәрілердің бағасын біліп, науқастар жатқан ауруханалардыңжай-күйімен танысып шығар еді. Өкінішке қарай, Даниал Кенжетайұлы әдеттегідей«театр тамашалап, музей аралап, ойын алаңдарында асыр салып» қайтқаннан арығабаруға уақыт таппады.

    Айтпақшы, «театр тамашалап» дегеннен шығады, Семейдегі Абайтеатрының директоры әрі Достоевский театрының да директоры – 73 жастағы ЯковГорельников. Қазақ труппасының директоры Бауыржан Төлеков оның орынбасарыесебінде. Есебінде дейтініміз – облыс әкімі Даниал Ахметов театрдағы жөндеужұмыстарымен танысуға келгенде үнемі алдынан Яков Горельников шығады. Бұл жолытағы да солай, Яков Вениаминович не тындырып жатқандарын көрсетіп, жасы келгенінеқарамай, аптап ыстықта әлекке түсті.

   Ал cонда шығыстың бас санитар дәрігері М.Исмаиловтың«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруыныңалдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №16 қаулысының 11-пунктіндекөрсетілген «65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектелсін» деген талабынкім бұзды? Театрдағы жөндеу жұмыстарын көруге келген 66 жастағы облыс әкіміДаниал Ахметов пе, қарт директор Горельников пе? Әлде бұл жай уақытта ас беріп,отбасылық қуаныштары әшкере болып, айыппұл арқалап жататын қарапайым халыққағана жүретін қаулы ма? Санитарлық талап – қаулы, заң болсын ханға да, қараға дабірдей екені еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін мәлім. Осының бәрін білетұра, Семей қаласына ай аралатпай келіп тұратын Ахметов үшін қаулының қауқары«0» секілді ме, қалай?!   

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11