Ахметовке маскадан басқасының маңызы жоқ

26.03.2020, 20:16

4

ШығысҚазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов күні кеше ғана Семейге шапқылап тағыкеліп қайтты. Басқа өңір басшылары коронавирусқа қарсы қалай күресіп жатқанынқайдам, Ахметов әр сапарын әлеуметтік желіге бірден салып, тіпті, арасында өзібейнежазба арқылы сөйлеп,  жарғақ құлағыжастыққа тимей жүргенін байқатып-ақ жатыр. Дұрыс қой, «Әкім бол, халыққа жақынбол» деген бар. Бірақ ол үшін жұртты алаңдатқан індетпен күрестің жолы текмаска киюде ғана жатқан секілді.  

Осы бір айдың ішінде Семейге үшінші рет келгеноблыс әкімі алдында БАҚ өкілдеріне хабар бермей, екі рет «ұрын келген күйеудей»өндіріс орындарында болып қайтып еді. Бұл жолғы келісінде тапсырмаға сәйкес,қалалық әкімдік тек қана жергілікті телеарна тілшілері ғана баруы қажеттігінмәлімдеді. Себебі түсінікті: жағдайға байланысты орын шектеулі екен, жаппайқаптап, «сән-салтанатымен» жүруге болмайды. Солай делік.

Бірақ, ең қызығы Ахметовтің айналып келіп,алғашында жай ғана марліден тігіп жатқан қорғаныс құралын матадан тігугеқайтадан тапсырғанынан шығып отыр. Бұл туралы жергілікті «Semei» арнасыхабардар етті. Өткенде айтып өткеніміздей, осы шаруаға бел шеше кіріскен жұмысорындарының бірі — «Семейспецнаб» ендігі бетпердені (облыс әкімінің тапсырмасынасәйкес) матадан тігіп шығаруды бастады.

Жақсы, сапасына қарай онысы да құптарлық делік.Бірақ бұған дейін ар жағынан мұрын-аузың көрініп тұратын марліден тіккенше обастан неге матадан тігуге тапсырыс берілмеген? Бұл өз алдына, Ахметов үшінайналып келгенде коронавирустан қорғану үшін масканы тіктіруден өзге мәселегеназар аударудың маңызы жоқ па? Қазіргі күнде о баста өзі айтқан 94 мың данатегін маска (марліден тігілген) таратылып та үлгерді. Оның өзін бірнеше мәртеқолдануға болатынын айтып «айды аспанға шығарғаны» тағы бар.

 Айтпақшы,Семейге келіп кеткен өңір басшысының «Фейсбук» әлеуметтік желісінде бергенақпаратына көз жүгіртейік:

«Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары,бұған дейін уәде еткенімдей, кешеден бастап, «Семейспецнаб» ЖШСқосқабатты әрі бірнеше мәрте қолдануға болатын маскаларды мақта-матадан тігугекірісті. Бұл процесс менің жеке бақылауымда.
Айта кетейін, біз облыстың 470 000 тұрғынынбетпердемен тегін қамтамасыз ететіміз. Олар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері,барлық топтағы мүгедектер, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалармен зейнеткерлер».  

    Иә, айтып айтпай не керек, Д. Ахметов облысорталығы — Өскеменге бара сала осылай мәлімдепті. Шын мәнінде ДаниалКенжетайұлы қазақша анық сөйлей алады. Бірақ, аталған мәтіндегі «…біз облыстың 470 000 тұрғынын бетпердемен тегін қамтамасыз ететіміз»-ді «етеміз» дегені болар деп ұқтық.

Ал қазіргі күндеӨскемен мен Семей қалаларында оқып жатқан көптеген студенттер ауылдарына жеткен.Білуімізше, Шығыс өңірде 400-ге жуық ауыл әлі күнге дейін интернет желісінеқосылмағанлдықтан, тұйыққа тіреліп отыр. Одан бөлек қаладағы көп балалыотбасылардың дені мектеп жасындағы балаларының 6 сәуірден бастап сабақтарынонлайн түрде қалай оқытарын білмей, дал болып отыр. Өйткені, екінің бірінденоутбук, компьютер жоқ. Ал, облыс әкімі Ахметов болса, соған бас ауыртып,жағдайды шешу жолдарын қалай қарастырып жатқанын айтқанынан гөрі, бір масканыекі рет тіктіріп, «ерінбеген екі отырады» дегенннің керін келтіріп, өз алдынамәз болып жүр.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16