Ахметовтің жедел тапсырмасы Сәлімовті састырмайды

28.04.2020, 20:28

4


«Жас алаш» газетінің 21сәуір күнгі нөмірінде «Өрт шалған үйден 7 адамды құтқарған ҚайратСейітнасимовтың ерлігі ескерусіз қалмауы тиіс» атты мақала жариялаған едік.Онда Қайраттай азаматтың сын сағатта сыр бермей, жалын шалған жанталаста талайтағдырға араша түсіп үлгергенін баяндаған болатынбыз. Сонымен қатарМелькомбинат,3 мекенжайында тұрып келген 11 отбасының 7-нің қаламыздағы №42мектепке, қалғандарының жұмыс орындарының көмегімен жалдамалы пәтерлергеорналастырғанынан да хабардар еткен едік.

Тамақістеу таласқа айналған

    Өрттен зардапшеккендердің одан кейінгі хал-күйін білмек оймен, №42 мектептің табалдырығынанаттаудың сәті түсті. Алайда, бірқатары ендігі күні қалай боларын ойлап, соныңқамында жүрсе керек, кісі қарасы сирек көрінді. Бәлкім, «БАҚ өкілімен кездесіп,жағдайын айтуға жасқаншақтап жасырынуға мәжбүр болды ма екен?» деген де ойкелді. Мектеп дәлізінде жүрген кезекші өрт зардабынан баспанасыз қалғандардыңосында екенін растағанымен, олардың көбісі қалпына келтіру жұмыстары жүріпжатқан сол қос қабатты ғимарат басында жүргенін айтты. Дегенмен, сәл күттіріпбарып шыққан Нұрахмет Райысов жергілікті атқарушы билік тарапынан, мәслихатдепутаттарынан азық-түлік көмегі көрсетілгенімен, уақытылы тамақтану қиынғатүсіп отырғанын жасырған жоқ.

— Оқыста үйден қашып шығып, осындағы бөлмеге кеп тығыларымды кім білген?..Жұбайым қайтыс болған соң, біраз жылдан бері балаларымнан бөлек, өзім шамаласбір замандаспен бас құрап, сол жерде тұрып жатқанмын. Негізі Шығыс кентіндеөзімнің саяжайым бар еді. Оған енді, мына карантин кезінде бару, бақша салуқайда?.. Қаншама адам жатырмыз. Айналдырған бір ғана газ плитасының бетінеүймелеп, тамақ істейтін кезек жеткенше төзіміміз таусылады. Осы уақытқа дейінқос қабатты ғимараттың пәтерлерінде ың-шыңсыз тұрып келген көршілердің қазірбұл жерде жүйкесі жұқарған. Әсіресе, дәл осы тамақ істейтін кездегі таласып,бет жыртысып жатқанын көргенде бірдеңе деуге дәтім бармайды,-дейді шарасызкүйдегі жасы 80-ге шыққан Нұрахмет ақсақал. 

 Мектепдиректорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Ержан Ахметжановтыңайтуынша, қазір мұнда 22 адам амалдап тұрып жатыр. Карантинге байланысты мектепасханасы жабық, сондықтан, мұғалімдер бөлмесіне екі камфорлы газ плитасынқойып, жоқтан бар жасауға тура келген. Қалай десек те, қалалық әкімдік о бастаберген уәдесінде тұрса, тұрғындар баспаналарына қайтып оралғанша, бұл қиындыққатөзуіне тура келеді.


Суөткен төбенің қорқынышы

Бұдан кейінапат болған мекенжайдың өзіне ат басын тіредік. Осы тұста Мелькомбинат көшесі,3 үйдің жағдайымен жалын шарпыған күннен бірден танысқан Даниал Ахметов қалаәкімі Ермак Сәлімовке құрылысты тез арада жүргізу қажеттігін тапсырғаны ойғаоралды. «Шығын көлемін есептеуқажет.Қысқа мерзімде шатырды қалпына келтіріп, үйді жөндейміз»,-деген болатынДаниал Кенжетайұлы.

«Бақсақ бақа екен» демекші, сөйтсек, мәселетек шатырға ғана тіреліп тұрған жоқ екен. Ғимараттың астыңғы қабатының дымықабырға сыртына шығып кетіпті. Шамасы, өрт сөндірушілердің қауырт қимылыкезінде, лақылдай құйылған су төменгі қабатқа да құйылып түскен болса керек.Үйдің ауласында ескі жиһаз, шкафтар шашылып жатыр. Ішке еніп, екінші қабатқакөтерілгенімізде күйе шалған, ыс басқан дәлізбен өтіп бөлмелерге бас сұқтық.Қайсына қарасақ та адам шошырлық күйге түскен. Тұрғындар қарасы мұнда да аз.Біреуі қолындағы құтысын құшақтап, теріс айналып, тілдеспестен тұра қашты. Ендібіреуінде қолқаны қабар исіне қарамастан, бөлме ішінде «ұрттап-жалап» екішикілсары отыр. Шамасы қиындықтан күйзеліске түскен сыңайы болса керек. Ептеп шамалайбастадым: мұндағы тозығы жеткен, ескі пәтерлердің көбінде жалданып жанбағатындар мен тапқанына сылқия тойып мас болатындар тұратын сияқты.

Соңымыздан қуа жеткен Бағдат Хамитоважергілікті әкімдіктен жөндеу жұмыстарының тек екінші қабатпен ғанашектелетіндігін естігеніне наразылығын білдірді.

-Ахметовтің қала басшысына тапсырма бергенін өз құлағымызбен естіп,көріп отырмыз. Бірінші қабатта жеті жылдан бері тұрып келемін. Үйдіңсалынғанына 80 жылдан асқанына қарамастан, өз қаражатымызға сатып алып едік.Өрттің шыққаны «онсыз да шығайын деп тұрған көз еді, таяқ тиген соң несорымның» кері болды. Өртті сөндіру кезінде жоғары қысыммен атқылаған суүстіңгі қабаттың еденінен өтіп, үйіміздің төбесіне жарықшақ түсірді. Олжарықшақ енді біртіндеп кеңейіп, бір күні үйінді астында қалмасақ не қылсын?!Сонда біздің бұдан ары қарай қалай тұратынымыз әкімдік үшін бәрібір ме?- депкейіді Бағдат апай.

 Шындығын жасыра алмаған ананы ІІ топмүгедегі Мешітбай Көшербайұлы да қостады. Сыз тартып тұрған қабырға мен ауаныжайлаған ыстың исі еркін тыныстауына мұрша бермей, айтарын жеткізе алмай,демігіп, қатты қиналып қалғанын көрген соң, халін сұрауға дәтіміз бармады. Білгеніміз– әкімдік бірінші қабатта тұратындар үшін жөндеу жүргізбейтіндіктерін ашықайтқан.

    «Мұндайескі ғимаратта тұру өте обал» Қалай десек те мұндағы пәтер тұрғындарыныңжағдайы мәз емес. Жоғары қабатта тұратындар күн санап, қашан қайта оралатынынкүтіп жүрсе, төменгі қабатта тұратындардың жанайқайына құлақ түретін қалабилігі байқалмайды. Қала әкімінің ТҮКШ, құрылыс саласы жөніндегі орынбасарыНиколай Ушаков келіп, жөндеу жұмыстарын бақылап жүргенімен, бірінші қабаттатұратындардың шағымын салғырт тыңдап жөніне кеткен жайы бар екен.

 Шатыр мен жоғары бөліктегі жұмыстардыбақылап тұрған құрылысшы Серік Мұқашұлынан сөз тартқанымызда, бұл шаруаныжылдамдатып 15 күн ішінде аяқтау жүктелгенін білдік.

-Бірақ, шындығын айтайын,мұндай жұмыстарға мерзім белгілеуге болмайды. Қолдан келгенше 6 адам аянбайістеп жатырмыз. Ораза айы әрі тұтқиылдан болған апат салдары болғандықтан, бағанықымбат сұрамадық. Мұржаларды жөнге келтіріп болған соң, баспалдақты қайтақаптап, дұрыстаймыз. Өзімнің жеке көзқарасымды айтар болсам, мұндай ескіғимаратта тұру өте обал дер едім,-дейді С. Мұқашұлы. Құрылысшының айтуынша,арзанға істеген күннің өзінде жалпы шығын 38 млн. теңгеге есептеліпті.

Қабырғасын қара күйе басқан ескіпәтерлерден шығып болғанша, тынысымыз бітеліп, әрең шыдадық. Мұндағыотбасылардың осы күнге дейін орталықтандырылған қазандыққа қосылмағаны даойландырады. Қаланың сол жағалауындағы орталығында тұрғалы бері кәдімгі пешжағып, күл шығаратын халін көріп, өркениет игілігіне жақын арада қол жеткізеалмайтынына көзің жете түседі. 7 адамды осындағы өрттен құтқарып қалған ҚайратСейітнасимовтың «Жөндеу аяқталса да енді ол мекенге қайтып оралуым екіталай»деген сөзі ойға орала береді…

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан облысы



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34