Ахметовтың "тегін маскасы" бір-бірден ғана беріледі

25.03.2020, 17:03

23

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейге келген сапарындакоронавирус инфекциясынан қорғану мақсатында «Семейспецснаб» пен «Ук Юникс»ЖШС-не маска шығаруды жеделдетуді тапсырған болатын. Бұл туралы өңір басшысыөзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында да үсті-үстіне жариялағанын жұрткүнделікті көріп отыр. Дегенмен 16 наурыздан бастап күніне 100 мың маска шығаруміндеттелген кәсіпорындардан бір жетіге дейін дәріханаларға маскаларжеткізілмей жатқан соң, себебін білмекке асықтық.

 Алайда Семей қаласының шетіндегі«Семейспецснаб» кәсіпорны басшылығымен тікелей тілдесудің сәті түспеді. Біріорынбасар екенін айтқанымен, аты-жөнін айтудан бас тартты. Екіншісіне сілтесе,ол әлдеқайда асығып бара жатқанын айтып, көлігін көлденеңдетіп жөніне кетті.Дегенмен тігін цехының ішіне кіруімізге қарсылық білдірген жоқ.

    Цех ішіне кіргенімізде жұмыстыңқауырт жүріп жатқаны бірден байқалды. Мұрнынан шаншылып, алдындағы тігінмашинасына қадалған әйел қауымынан көз сүрінеді. Жанталаса қимылдап, бетпердетігуге қызу кіріскенімен, өздерінің аузы-мұрны ашық. Үлкен өндіріс орнында сақтықшарасы қалайда қажет екенін басшылық ескермеген тәрізді.

–Қазір әрқайсымызға күніне 500 дана маска тігу міндеттелген. Қию цехынанжеткізілген маталардан үсті-үстіне алып, жұмысымызды істеп жатырмыз. Жұмысуақыты сағат 08:00-ден18:00-ге дейін. Тез арада аяқтау тапсырылған. Ал өндірген бетперделеріміздіңқай жаққа, қалай, қашан жеткізілетіні туралы бейхабармын. Тігіп болғанда жинапәкетеді, басқа ештеңе айта алмаймын, – деді осы өндіріс орнында 15 жылдан беріістеп келе жатқан Гүлжан есімді ана.

  Мұнда негізгі цехтан бөлек, екіқосымша цех жұмыс істейді екен. Барлық жиыны 250 адам жұмыспен қамтылған.Қажетті материал Өскемен арқылы Ресейден жеткізілетін көрінеді. Негізгі цехта64 адам жұмыс істеп жатқанына куә болдық. Мұндағы маскалардың бір артықшылығы –бірнеше рет пайдалануға болатындығы.

Тағы бір айтар жайт, өндіріс орнындажасы шамамен 20-35 аралығындағы әйел заты жоқ. Себебін сұрастырғанда білгеніміз– қазіргі қыз-келіншектер мұнда келіп 60-65 мың теңге көлеміндегі жалақығажұмыс істеуге құлықсыз. Оның да іштей бірер себебін түсінгендей болдық: жұмысорны қала сыртында, қоғамдық көлікпен таңғы сағат сегізден жетудің өзі машақат.Жалақы жайы «жыртыққа жамау болар» шамада ғана.

 Осындай мәселесіне қарамастан,жанкешті іске бел шеше кіріскен жұмысшылар қауымына қарап бір сұрақ туды:масканы тез арада, тапсырылған уақытында аяқтап берген «Семейспецснаб»жұмысшылары осы үшін сыйақы ала ма? Алайда бұл сұрағымызды аты-жөнін айтуданқашқақтаған цех бастығына шегелей қойғанымызбен, жауап «мен қайдан білеміннен»арыға ұзамады. Ал білетіні – жұмыс мемлекеттік тапсырыс аясында өндіріліпжатыр.

 Хош, сонымен, коронавирустанқорғану үшін «мемлекеттік тапсырыс аясында» маска тіктіруді басты шаруағаайналдырған өңір басшысы уәдесінде тұра алды ма?!


  94мыңнан – 470 мыңға дейін


  «21 наурыздан бастап облыс бойынша бірнеше мәрте қолдануға болатын 94мың масканы тегін соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, І, ІІ, ІІІ топтағымүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балаларға таратамыз. Одан кейін атаулыәлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегінбереміз».

  Бұл – өңір басшысы Даниал Ахметовтің Facebook әлеуметтік желісіндежариялаған жазбасы. Мәтіннің өз аузымен айтқан бейненұсқасы да бар. Осылайшаалғашқы лектегі маскалардың қандай категориядағы адамдарға тегін таратылатындығынмәлімдеген облыс әкімі 22 наурыздан бастап зейнет жасындағы адамдар үшін әрданасы 170 теңгеден «Қазпошта» бөлімдерінде сатылатынынан да хабардар етіпті.Алайда бір адамға тек төрт маскадан артық сатылмайды.

 Арада екі күн өткенде Даниал Кенжетайұлыоблыс бойынша жалпы саны 470 мың адам тегін маскамен қамтамасыз етілетінінайтты. Бұл аз ба, көп пе, жұртшылық өзі бағамдай жатар. Ал, бірақ, қазір жұртқажеткізілуі «жырға айналған» масканы күтіп төзімін тауысқанша, көз майын тауысыпмасканы өздері-ақ тігуге кірісіп кеткендер де жоқ емес. Солардың алғашқы шоғырыҮржар ауданы Мақаншы ауылында тұратын көпбалалы аналардан шыққаны да атап өтерақиқат.
 Семей ақпараттық орталығының хабарлауынша,13 090  адамның 9972-сі бірінші, екіншіжәне үшінші топтағы мүгедектер болса, 213-і – жетім бала, 2635-і – тылеңбеккерлері, соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген 270 адам бар.

Алайда қала тұрғыны Ерлан Шаяхметұлы маскатаратуда қоғамдық санитарлық тазалықтың тасада қалғанын айтып, өз наразылығынбілдірді.

–Менің жарым әлеуметтік салада істейтін маман. Жұмыс орныныңтапсырмасымен ол да тегін маскаларды таратуға шықты. Бірақ та, білесіз бе, оләр үйге бір маскадан ғана таратып жүр. Тіпті кейбір үйдің тұрғындары «Осы бірмаскаға бола есік қағып жүрсіз бе?» деп күліпті. Есітіп отырып ызам келді. Бірүйге кемі төрт маскадан берілу керектігі түсінікті. Ал жалғыз масканы қолынаалып ап, әр үйдің есігін қағып, жаяу аралап келген еріктілердің қауіпсіздігінкім ескерді?! «Жаман айтпай – жақсы жоқ», Нұр-Сұлтан мен Алматы 22 наурызданбастап жабылатынын ести сала қаншама адам сол қаладан осында ағылды. Маскаапарып жүрген үйлерде сол қалалардан келген адамдар да отыруы әбден мүмкін ғой.Тегін масканы таратудағы әрекет дұрыс ұйымдастырылмаған. Әкімдіктің бір ісі бірісіне кереғар. Сонда бір үйдегі бірнеше адам жалғыз масканы кезек киіп шығама?! Әлде қалғанын өздері сатып алсын дегені ме?! Не онысын түсіндіріпайтпаған. Сонда коронавирустан адамдардың денсаулық деңгейі сәт сайын алаңдатыптұрғанда масканы бір данадан таратып, «маскарад» жасап отыр ма? – деп күйінедіЕ.Шаяхмұлы.

Тегін маска таратумен мәселе түбегейлі шешіліп кетпейтіні жәнетүсінікті. Ең ауыры «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» дегендей,интернет арқылы маска сататынын жарнамалап, артынша аңғалдардың ақшасынаудартып, өзін сазға отырғызып кететін алаяқтардың да ортамыздан шыға бастағаныөз алдына, қолданыстан шығарылып, қоқысқа тасталғандарын теріп, пайдағакенелмек болған адамды да әлеуметтік желіден көзіміз шалды. Құдай коронавируспенқатар келген адам ниетінің бұзылуынан сақтасын дегеннен өзге не амал?


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04