Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:48

Ахметжан Есімов Алматыдағы гольф турнирінде көзге түсті

Ахметжан Есімов
Фото: ашық дереккөз

Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов қаладағы «Жайлау» гольф-курортында өткен Audi Quattro Cup 2025 ұлттық турниріне қатысты.

 Ұйымдастырушылар оның шарадағы суретін жариялады. Фотодан Есімовтің турнирде көңілді әрі белсенді уақыт өткізгені көрінеді.

Еске салайық, Есімов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Назарбаев дәуірінде ол бірнеше маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарған: екі рет Премьер-министрдің орынбасары, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігін басқарған, екі мәрте Ауыл шаруашылығы министрі, 2014–2016 жылдары Алматы қаласының әкімі. Кейін ЭКСПО-2017 жобасын және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқарған.