09:54, 19 Тамыз 2024
Air Astana әуе компаниясының ұшағы бұзылып, ондаған рейс кешіктірілді
Ақтөбе-Алматы бағытындағы Air Astana әуе компаниясының ұшағы бұзылып, рейс бір күнге кешіктірілген.
16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін баламасыз тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды, делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданған. Алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр.
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа ондаған рейстердің кешігуіне әкеліп соқты.