Бүгін, 16:41
Air Astana БАӘ-де қалып қойған жолаушылар үшін арнайы рейстер ұйымдастырады
Air Astana әуе компаниясы 10 наурыз күні ұшуы 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында тоқтатылған жолаушыларды елге қайтару үшін арнайы репатриациялық рейстер орындайтынын хабарлады. Бұл рейстер FlyArystan жолаушыларына да арналған.
Ұшулар Маскат қаласы (Оман) арқылы жүзеге асырылады. Сол жерден Алматы қаласына үш рейс жоспарланған:
KC2264 — 12:30 → 17:40;
KC2258 — 14:30 → 19:40;
KC2254 — 16:30 → 21:40 (уақыт жергілікті).
Жолаушылар үшін Дубай қаласынан Маскатқа дейін тегін трансфер ұйымдастырылады.
Әуе компаниясының мәліметінше, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталғанша олар ахуалды жіті бақылап, қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуы үшін барлық шараларды қабылдап жатыр.