Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:45

Air Astana қаржы жымқыру ісінде Татьяна Фостер куә ретінде жауап бермеді

эйр астана
Фото: kapital.kz

Air Astana компаниясындағы 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқыруға қатысты іс бойынша әуе компаниясының басшысы жұбайы Татьяна Фостер куә ретінде жауап бермеді. Бұл туралы Air Astana бұрынғы қызметкері Ренат Абулхановтың адвокаты Сергей Лобач хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, аталған іс бойынша барлығы 108 куә бар, олардың ішінде 24 куә, 3 әуе компаниясының өкілі және бір маман жауапқа тартылған. Алайда Татьяна Фостер куә деп танылмаған.

Сондай-ақ, адвокат Сергей Лобач іс бойынша болжамды залал сомасының 1 054 710 181 теңге көлемінде бастапқы құжаттарды талдамай-ақ анықталғанын атап өтті.

“Бұл соманы тергеуші аудитордың есебі мен Экономикалық тергеу департаментінің мамандары мен сарапшыларының қорытындылары негізінде, бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттарын зерттемей белгілеген. Бұл сотта дауланып отырған басты мән-жай. Бір фигуранттан екіншісіне аударылған сома іс материалдарымен дәлелденбеген және аса маңызды мән-жай емес”, – деді Сергей Лобач.

Қазіргі уақытта сотта тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. Ренат Абулханов пен оның қоғамдық қорғаушысы 14 қаңтар күні сағат 15:00-де сөз сөйлейді. Басылым хабарлауынша, Air Astana бұл іс бойынша пікір білдіруден бас тартты.

Тегтер: