Бүгін, 15:55
Air Astana компаниясының бас директоры Питер Фостер қызметінен кетті
1 сәуірден бастап оның орнына Ибрахим Жанлыел тағайындалды.
Бұл кадрлық өзгеріс туралы өткен жылы хабарланған болатын, алайда ресми түрде енді күшіне енді. Компания мәліметінше, жаңа CEO операциялық тиімділікті арттыруға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге басымдық береді.
Ибрахим Жанлыел 2017 жылдан бері қаржы директоры қызметін атқарған. Жалпы алғанда, ол 14 жылдан астам уақыт бойы авиакомпанияның даму стратегиясын айқындаған басқарушы топ құрамында болған.