Air Astana компаниясының таза пайдасы бір жылда төрт есеге жуық төмендеді
Air Astana әуе компаниясының таза пайдасы бір жыл ішінде 35,9 миллион долларға азайып, төрт есеге жуық төмендеді.
Бұл туралы компанияның 2025 жылғы қаржылық есебінде айтылған.
Есепке сәйкес, компанияның таза пайдасы 13,6 миллион долларды құрады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 49,4 миллион доллар болған.
Сонымен қатар 2025 жылдың IV тоқсанында да компанияның таза пайдасы төмендеген. Бұл кезеңде көрсеткіш 15,3 миллион долларға азайып, –17,7 миллион долларды құраған.
Айта кетсек, 2024 жылдың IV тоқсанында Air Astana-ның таза пайдасы –2,4 миллион доллар болған.
Сонымен бірге, AIX биржасының 2025 жылғы 27 тамыздағы мәліметіне сәйкес, Air Astana компаниясының топ-менеджментіне төленген сыйақының жалпы көлемі 2024 жылы 525 931 736 теңгені құраған. Орташа есеппен 1 доллар – 500 теңге бағамымен есептегенде, бұл 1 миллион доллардан асады.