Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:08

Аir Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды

Е
Фото: Алматы әкімдігі

Air Astana компаниялар тобы Таяу Шығыс бағыттары бойынша рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты аймақта қалып қойған жолаушыларды қолдау шараларын жүзеге асырды.

Әуе компаниясының мәліметінше, өз қаражаты есебінен қонақүйлерге уақытша орналастырылғандар:

Дохада — 174 жолаушы;

Делиде — 231 жолаушы (Алматы – Дубай рейсі);

Дубайда — 330 жолаушы.

Форс-мажорлық жағдайға қарамастан, жолаушыларға бір тәулікке тегін тұру мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар Air Astana Дубайдағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерімен тегін орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін жолаушыларға арнайы тарифтер ұсыну туралы келісімге келген.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, әрі қарай тұру қажеттілігі туындаған жағдайда, заң көмегі қажет болса немесе елге қайту мәселесін шешу керек болса, жолаушыларға Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жедел желілеріне хабарласу ұсынылады.

Байланыс деректері бұған дейін жарияланған.

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты рейстер кестесінің өзгергенін елорда әуежайы да мәлімдеді. Жолаушыларға ұшар алдында рейстердің өзекті мәртебесін алдын ала нақтылау ұсынылды.