Aitu мен Kcell Қазақстандағы цифрлық өнімдерді дамыту үшін күш біріктіреді

SuperApp Aitu мен «Кселл» АҚ стратегиялық серіктестігін жариялады. Компаниялар қазақстандықтардың ыңғайлы және кешенді қызметтерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыратын цифрлық өнімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті.
Бүгінде телеком операторлары тек байланыс жеткізумен ғана шектелмей, ал цифрлық платформалар болса таныс қызметтердің шекарасын кеңейтіп жатыр. Бүкіл әлемде дәл осы салалардың бірігу нәтижесі жаңа стандарттарды қалыптастырады. SuperApp коммуникациялық инфрақұрылымға, ал телекоммуникациялар цифрлық тұтыну экожүйелеріне қол жеткізеді. Қазақстанда Kcell мен Aitu арасындағы серіктестік осы бағыттағы алғашқы қадамдардың біріне айналуда.
«Мұндай ұлттық жобалар еліміздің цифрлық тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Олар технологиялардың дамуына үлкен үлес қосады. Сондықтан, біз әрбір қазақстандықтың қолдауына қуанышты болар едік. Қазақстанда пайда болып, ары қарай дамып бара жатқан оператор „Kcell“ АҚ-мен серіктестік отандық телекоммуникация өнімдерін және телекоммуникация нарығын дамытуға тағы бір қадам», — деп «BTS Digital» ЖШС бас директоры Нуртай Абилгалиев бөлісті.
«Қазақстандық байланыс операторының тәжірибесі мен ұлттық цифрлық платформаны біріктіре отырып, компаниялар өздерінің қолданыстағы экожүйелерінің қисынды жалғасы болатын жаңа жергілікті өнімді құру мүмкіндіктерін ашады. Ұялы байланыс операторының абоненттері үшін бұл байланыс пен цифрлық қызметтерді одан да ыңғайлы пайдалануды, ал Aitu пайдаланушылары үшін ұялы байланыс мүмкіндіктерімен біріктірілген қолжетімді шешімдер ауқымын кеңейтуді білдіреді», — деп «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры және Басқарма Төрағасы Асқар Жамбакин түсіндірді.
Aitu — қазақстандық IT нарығының айтулы жетістігіне айналған отандық өнім және ұлттық технологиялардың цифрлық ортада табысты бәсекелестікке және трендтерді белгілей алатынына мысал. Aitu-дың дәстүрлі мессенджерлерден басты айырмашылығы — бұл жай ғана байланысқа арналған қосымша емес, қазақстандықтар үшін Қазақстанда жасалған толыққанды ұлттық SuperApp қолданбасы. Күнделікті маңызды функциялар бір жерде жинақталған: сіз достарыңызға жаза аласыз, отбасыңызға қоңырау шала аласыз, ақша аудара аласыз, кино билетін сатып ала аласыз, музыка тыңдай аласыз, соңғы жаңалықтарды оқи аласыз, қызықты арналарға жазыла аласыз және сізге қажет ақпаратты табуға, хабарламаны аударуға, сонымен қатар істер тізімін жасауға көмектесетін ақылды AI көмекшісіне хабарласуға болатын бір қолданба.
Aitu мессенджердің, медиаплатформаның, қаржылық қызметтердің және шағын қосымшалардың функцияларын біріктіреді, бұл оны қарым-қатынасқа, жұмыс істеуге, оқуға және демалуға ыңғайлы құрал етеді. Бұл ретте деректерді қорғауға ерекше назар аударылады: олар Қазақстанның аумағында өңделеді және сақталады, бұл деректерді қорғау және сақтау туралы заңнамаға сәйкес келеді және пайдалану сенімділігіне кепілдік береді.
Компаниялар арасындағы серіктестік Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Мұнда заманауи қызметтер тек технологиялық тұрғыдан жетілдірілген ғана емес, сонымен қатар адамдардың қажеттіліктеріне барынша бейімделеді.