Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:26, 17 Наурыз 2023

«Әй, әкеңнен қалған кресло емес!»

None
None

«Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының президенті болсам қайтеді» деген атышулы спортшымыз Илья Ильин өзінің кандидатурасын ұсынғалы жүр екен.

«Қазақстан қоғамында осы алдымен, өзіне қарамай, бас-басына депутат, басшы, президент болам дегендер көп. Ильинге федерация басқарудың не қажеті барын түсінбедім», дейді блогер Ілияс Мыңжасаров.

Өйткені біз білетін бұл Илья Ильиннің екінші аты – допинг. Допинг деген ойыншық емес. Біз ғой, ел ішінде өзіміз болып ВАДА шешімімен келіспей, дүниежүзілік допингке қарсы агенттікті қаралап, бұл масқараны Ильинге қарсы қолдан жасалған қастандық деп, сырттай неше түрлі тон пішеміз.

Бірақ фактінің аты факт. Илья Ильин допингпен ұсталды. Өркениетті елдерде біздің Ильиндей адал еңбектің орнына арам жолды таңдаған спортшылардан бәрі теріс айналады. Ондай спортшыға федерация басқартып қоймақ түгілі, федерацияның маңына да жолатпайды.

Егер де Ильин қазақтың ауыр атлетика федерациясын шынымен басқаратын болса, онда бұл біздің федерациямыздың ғана емес, біздің бүкіл еліміздің имиджін қаралап, абыройымызға зор нұқсан тигізеді.

Өйткені ол федерацияның президенті болса, біздің еліміздің атынан шетелге шығады, халықаралық шараларға қатысып, өзге елдердегі әріптестерімен араласады. Өркениетті елдердің көз алдында масқараға қалғымыз келмесе, Ильинді федерация президентінің сайлауына қатыстырмауымыз керек. Мұндай сорақылыққа қолымыздан келгенше, жол бермейік.

– Біз осы Илья Ильинді несіне аяуымыз керек? Ол өзінің арам жолмен алған медальдары үшін мемлекеттен қомақты сыйақылар алды. Допинг дауынан кейін одан мемлекеттен алған ақшаңды қайтар деген ешкім болған жоқ. Ильин үшін мемлекет шын күрескісі келмек болса, онда әлемдегі ең мықты деген заңгерлерді жалдауға ақшасын аямай, сотта спортшымыздың аты мен абыройын қорғауға барын салуы тиіс еді. Бірақ өйткен жоқ. Ендеше, оның алдында кінәліміз дегендей кейіп жасап, елдің имиджін аяққа таптата салып, оны не үшін ауыр атлетика федерациясына президент сайламауымыз керек?! Былайша айтқанда, бұл әкелеріңнен қалған кресло емес.

Жалпы, дейміз. Кез келген спорт түрі федерациясының президенті міндетті түрде спортшы болуы керек дегенді кім айтты? Өзі спортшы болмай-ақ спорттық федерацияны сауатты басқарып, өрге сүйреп жүргендер бар біздің елде. Қазақстанда спорттық федерацияны басқару үшін оның президенті мықты менеджер болуы керек, өзінің мол ақша қоры және халық алдында мықты абыройы болса болды. Ал Илья Ильинде осы үшеуінің бірі де жоқ, – дейді Ілияс Мыңжасаров.

Тегтер: