Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:14, 24 Тамыз 2023

Ай сайын 500 доллар. Қазақстанның биылғы үздік романы анықталды

None
None

Mecenat.kz ұйымдастырған үздік қазақстандық роман байқауы мәресіне жетті. Биыл белгілі жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың "Өлгендер қайтып келеді" романы үздік деп танылды.

Бұл жөнінде анық-қанығын білу мақсатында жазушының өзіне хабарластық.

«Рас айналайын. Қазір ғана баспасөз жиынынан шығып келе жатырмын. Менің романым үздік деп танылған екен. Оған қуаныштымын. Енді өмір бойы ай сайын 500 доллар көлемінде қаламақы алып тұрамын. Бұл фэнтези жанрында жазылған туынды», — деді қаламгер.

Сыйлық туралы

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқау жеңімпаздарының ай сайын жеке есеп-шотына 500 доллар көлемінде рента түсіп тұрады.  Бұл сыйақы көлемі жағынан әлем бойынша 5-ші орында.

Оны Қазақстан азаматтары, ел пат­риоттары және кәсіпқой әдебиетшілер тобы құрған.

Роман туралы

Тауфих деген жазушы өзінің өлімінен кейінгі адамдардың, өз отбасының іс-әрекетін төбеден бақылап, пенделік күйкі тірлікті баяндайды. Адамдардың психологиялық иірімдерін нақты оқиғалар үстінде көрсетіп, өз орнының дос-жаран, туыстар арасындағы қадір-қасиетін анықтауға тырысады.

Тауфихтың Геля деген иті бар еді, иесінің өлімін көтере алмай ит те болса қайғыдан қан жұтып, көз жұмады. Тауфих адамға керек пе, Геля итіне керек пе? Шытырман оқиғаларға толы роман-фэнтези оқырманға түрлі ой салары сөзсіз.

Айта кетейік, Тұрысбек Сәукетаев  жазушы, 1950 жылы туған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

1975 — 1989 жылдары "Қазақфильм" киностудиясы аударма фильмдер бірлестігінде қызмет атқарған.

1989 — 1999 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сәукетаев "Ұстаз" деп аталатын алғашкы өлеңі 1965 жылы Күршім ауданы «Коммунистік еңбек» газетінде жарияланған. «Сүткенже» (1981), «Айлы түн еді» (1983), "Қайыңдар, аппақ қайыңдар" (1985), «Көлеңкелер патшалығы» (1998) сынды прозалық кітаптары мен «Ай караңғысы», «Желқайық» романдары жарық көрді. С. Ги де Мопасанның новеллаларын, Голда Мерейдің «Менің өмірім» атты ғұмырнамалық повесін, екі жүзге тарта сценарийлерді тәржімалаған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999).

Тегтер: