Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:57, 18 Қазан 2022

«Ай сәулесімен кітап оқиық»

None
None

Балаларға арналған кітапхана түні өтті

Биылғы балаларды қолдау жылына орай Қазақстан Республикасының көптеген өңірлерінде балалар шығармашылығына байланысты шаралар көптеп өткізілуде.

Соның бірі елордадағы орталық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада балалар жазушылары мен ақындарымен кездесу өткізілді. Шараның аты – «Ай сәулесімен кітап оқиық!» деп аталады.

Балаларға арналған шараға елімізге белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым мен балалар ақыны Серікбол Хасан қатысты.

Шараның мақсаты аты айтып тұрғандай бұрынғы кездері техника дамығаман уақытта балалар электр қуаты жоқ кезде, шамның жарығымен не болмаса айдың сәулесімен кітап оқитын. Жарық жоқ  деп сылтауратпай кітап оқығаны қазіргі балалар үшін үлкен үлгі. Шараның мақсаты – сонымен қатар мектеп жасындағы балаларды мәдениеттілікке де үйрету болып саналады. Сондай-ақ орталықтандырылған балалар кітапхана жүйесінде арнайы мерекелік концерттермен оқушылардың мәнерлеп өлең оқуы да өткізілді.

Іс-шара барысында өзге көршілес елдер Үндістан, Польша, Түрік, Польша, Армения елдерінен елшіліктер келіп, кітапханан түнінің құрметті қонақтары Тұрсын Жұртбай,  Толымбек Әбдірайым, Марат Әбсеметов,  Серікбол Хасан, тележүргізуші Айгерім Есенәлі, тарихшы Жақсылық Әбсеметовтермен арнайы таысты.  Балаларғалаларға арналып ұйымдастырылған шара ның арқасында еліміздің белгілі тұлғалары ардақталып, балалардың жақсы білуіне себепкер болды десек артық емес.

 Сондай-ақ шараға балалар ақыны Серікбол Хасанның «Күшті бала», Толымбек Әбдірайымның жаңа кітаптарының тұсаукесері болды. Аталмыш шара аясында балаларға базарлық ретінде оқулықтар табысталды.

— «Ай сәулесімен кітап оқиық» атты ауқымды іс-шара өткізіліп жатқандығы әрі кітап мерекесінің жоғары деңгейде өткізілуі кітапхана қызметкерлері Марал Ақтаева мен Сағыныш Дүйсенқызының көп еңбек сіңіргендігінің арқасы. Талантты жас ақынСерікбол Хасан екеуіміз жеткіншек жас оқырмандармен кездесу кешін өткізу барысында балалардың әр қойған сауалдарына жауап бердік, – дейді балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым.

Ал балалар ақыны Серікбол Хасан да өткізілген іс-шара аясында өзінің пікірімен бөлісіпм, кітапхана ұжымына алғысын білдірді. 

Тегтер: