«Айдарлының» айтары бар
«Aidarly Project» акционерлік қоғамы «Жас Алаш» газетінің 16 наурыз күнгі №20 (16827) санында жариялаған «Ұранхаев Абайдың бағы ма, соры ма?
» атты мақаласында айтылған «Айдарлы» кен орны туралы ақпараттың негізінде келесі материалды ұсынады.
Айдарлы кен орнын игеру операторы «Қазақмыс» корпорациясына кіретін «AidarlyProject» АҚ болып табылады. «Aidarly Project» АҚ 2006 жылдың 3 сәуірінен бастап берілген №2006 шарты бойынша Абай облысы Аягөз ауданындағы «Айдарлы» кен орнында барлау жұмыстарын жүргізуге және мысты өндіру бойынша жалғыз кен пайдаланушы.
Алдын ала бағалаулар бойынша Айдарлы кен орнының қоры шамамен 1,53 млрд тоннаны құрайды, оның ішінде мыс – 5,87 млн тонна, орташа құрамы 0,38%, 14,1 тонна алтын және 2 168 тонна күміс.
Кен орнында пайдалы қазбаларды алу үшін жылына 50 млн тонна кен өндіретін Тау-кен кешенін салу жоспарлануда. Мұнда 1,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаға инвестициялар 1,08 трлн теңгеге бағаланады. Өндірісті іске қосу 2027 жылға жоспарланған.
Кен орны ашық әдіспен өндірілетін болады. Кен орнында пайдалы қазбаларды алу үшін жылына 50 млн тонна кен өндіретін тау-кен байыту кешенін салу жоспарлануда. Шығарылатын өнім – мыс концентраты. Кен байыту фабрикасының құрылысы кезінде жетекші және озық салалық технологиялары қолданылатын болады. Сонымен қатар, компания қоршаған ортаны басқарудың озық халықаралық стандарттарын енгізеді. Өндірістік тәуекелдерді барынша азайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданатын болады.
Мұнда 1,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Мердігер кәсіпорындарда осыған жуық жұмыс орындары ашылатын болады. Жұмысқа орналасу барысында ең бірінші компанияның талаптарына сай келетін және біліктілігі бар жергілікті мамандар жұмысқа алынады. Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған және басқа да өңірлерде орналасқан жоғары және орта оқу орындарымен бірлесіп, жергілікті халықты даярлау және кәсіпорын қызметкерлерін оқыту жөніндегі корпоративтік бағдарламалар енгізіліп, іске асырылатын болады. Жобаға инвестициялар 1 080 млрд теңгеге бағаланады. Өндірісті іске қосу 2027 жылға жоспарланған.
Аталмыш жобаның ауқымын және мыс құрамының төмендігімен сипатталатын шикізат базасының ерекшеліктерін, сондай-ақ болашақ өндірістердің экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып, «Айдарлы» жобасына жетекші қазақстандық ғылыми және іздестіру ұйымдары, сондай-ақ осыған ұқсас жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибелері бар саланың жетекші және озық халықаралық компаниялары кеңесші ретінде тартылды. Олардың қатарында Ресейдегі Томинск және Михеев кен орындарында кенде пайдалы қазбалары аз кен орындарын игеруде оң тәжірибесі қалыптасқан «Русская медная компаниясы» тобы бар.
Қазіргі уақытта «Aidarly Project» АҚ өзіне қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру, рұқсаттама және құқық белгілеуші құжаттарды бекітумен және алумен, тау-кен металлургия кешенін жобалау бойынша жұмыстарды жүргізуде. Сондай-ақ қорларды бағалау бойынша геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда.
«Айдарлы» кен орнын іске қосқаннан бастап, «Aidarly Project» АҚ Абай облысымен және Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ осы өңірлердегі халықтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін болады. «Айдарлы» жобасын жүзеге асырудағы барлық кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттерге салық шегерімдері 2 трлн теңгені құрайды.
Ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін, компания Абай облысы Аягөз ауданының халқымен ашық диалог жүргізетін болады. Әлеуметік саланы дамыту, қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық шараларын, білім беру және мәдени жобаларды қолдау, сондай-ақ жақын орналасқан ауылдардағы әлеуметтік нысандарды жаңартуға және жөндеуге қолдау көрсетілетін болады.
Бейбіт Әскерқанов,
«Aidarly Project» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері