12:41, 26 Тамыз 2023
Әйел адам екі баласымен бірге Ертіске батып кетті
Павлодар облысында әйел адам басқарған жеңіл көлік Ертіске батып кетті. Машинада жүргізушінің екі баласы болған.
Олардың бәрі көз жұмды.
Бұл туралы Павлодар облысытық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«25 тамыз күні сағат 22:53-те Павлодарское ауылында Ертіс өзенінен құтқарушылар 1980 жылы туған ананың, сондай-ақ оның 6 және 9 жастағы екі баласының денесін алып шықты. Олар отырған жеңіл көлік 21:40-та өзенге түсіп кеткен», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында 5 адам және 2 техника жұмыс істеді.