Әйелдерді аяқтан шалатын не?

25.03.2020, 17:20

3

 «Күйеуімнен  теперіш көрдім» деген жалғызілікті ана «ЖасАлаш» газетінің тілшісіне өзінің өмірі туралы айтып беруге келісті. Арайдың (есіміөз өтінішімен өзгертілді) айтуынша, ол  күйеуге ерте шыққан. «Шымкентте туып-өскенмін.Колледжде оқып жүргенімде бір жігіт алып қашты. Алғашында қатты қарсыластым,бірақ артымнан қуғыншы боп келгендер ата-анамның сол жерде қалуым керегінескерткенін  айтты», – дейді ол. 

Арайтуған-туысқандарының қысымынан кейін алып қашқан адамның үйінде қалудыұйғарыпты. Солай  алты жыл бірге тұрыпты.«Алғашында тыныш өмір сүріп жаттық. Ол жалданып құрылысшы болып жүретін, сосын  2-3 жыл өткен соң өзгере бастады. Жиіішетінді шығарды. Ішкен сайын мені ұратын, бала жыласа оның да аузына мататығып, ойына келгенін істейтін», – дейді.

Алты жылдансоң азапқа шыдай алмаған Арай ажырасып тынған. Алматыға жұмыс істеуге келген.Қазір «Алтын орда» базарында сатушы. Баласын жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр.Өкінішке қарай, қоғамда осындай жағдай жиі кездеседі.

Жақында абайтанушы, филология ғылымыныңкандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кездесудеқыздарды маркерге теңеп, олардың міндеті «ерлерге қызмет ету» екенінайтты.  «Қызбаланың мұраты – өмір бойы оқып, «академик-доктор» болу емес, жастайынан бесзәруді бойына сіңіріп, «академик-докторларды» туып, тәрбиелеу» деген екен. Бұлсөзден соң қоғам екіге бөлініп, ғалымға сын айтушылар мен  жақтаушыларпайда болды. Бұл Омар Жәлелдің әйел қауымы туралы айтқан алғашқы даулы пікіріемес-ті. Осы жағдайға байланысты артынан кешірім сұраған О.Жәлел өзін түсінетінадамның қалмағанын, өзінің «қазақша ойлап, қазақша сөйлегенін» алға тартты.

Ал наурыздың басында«қаралы шеру» өткізген «Қазфем», «Феминита», «Фемагора» сынды қазақстандықфеминистер қозғалысы әйелдердің құқығы жиі тапталатынын, оған мемлекеттікоргандар салғырт қарайтынына шағымданды. Тіркелмеген «Феминита» қозғалысыныңжетекшісі Гүлзада Сержан жылына 400 әйел күйеуінің немесе басқа жақынының қолынанқайтыс болатынын айтады. Г.Сержан «XXI ғасырдың әйелдері білімді, сайлау жәнесайлануға толық құқылы» дейді. Бірақ сол құқықты пайдалану жолында түрлікедергі кездеседі екен. Бұл кедергілерді жою үшін қазіргі әйелдер саясатпенбелсенді түрде айналысуы керек екен. Ол саясатпен айналысуға феминистер мен көпбалалы аналар ғана құлық білдіріпотырғанына қынжылады. Ал білім мен денсаулық саласында, мемлекеттік ұйымдардыңтөменгі деңгейінде жүрген көптеген әйелдер қоғамдық жұмыс пен саясаттан қалысқалады екен.

 Ел халқының 52 пайызы – әйелдер. Оларэкономикалық, мәдени, басқа да салада қызмет етіп, мемлекеттің дамуына өлшеусізүлес қосып келеді. Сөйте тұра әйел азаматтар ерлерге қарағанда жалақаны 30пайыз кем алады екен. Оның үстіне арулардың 15 пайызы жұбайының жұдырықжұмсауын қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болып шықты.  

 «ХХІ ғасырдағы әйел адамның образы қандай?»деген сұраққа  белгілі ғалым, филологияғылымының кандидаты Аманқос Мектептегі: «Қазіргі әйел азаматтарымыз білімді,ерлермен тең жұмыс істей алады. Басқа елдермен салыстырғанда заңды тұрғыда көшілгеріміз, бірақ сол заң тиісінше жұмыс істесе екен деген ойдамын. Кеңес Одағықұлағанда күштің көп бөлігі әйелдерге түсті. Екінші дүниежүзілік соғыста да азстудент қыздардың арасынан көп батырымыз шықты. Сондықтан біздің қыздар әртүрліжағдайға бейім», – дейді. Сонымен қатар ғалым болашақта парақорлықпен, Сәке,Мәке деген ағайын-туыстықпен жұмысқа қабылдау азайғанда әйелдер  арасынан тамаша маман көп шығатынына бексенімді.

Думан ТЕРЛІКБАЙ



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34