Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:45, 01 Қыркүйек 2022

Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленеді

None
None

Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. 

«Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді», — деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы алда зейнетақы жүйесін қайта қарастыру керек екенін атап өтті.

«Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетінін айтты.

Тегтер: