Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:44, 03 Желтоқсан 2021

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

None
None

Түркістан облысының полицейлері республикалық «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізуде.

Акцияның негізгі мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, осыған байланысты Созақ ауданы аумағында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен Созақ аудандық полиция бөлімінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдерімен бірге бірқатар көпбалалы отбасылардың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. Аудандағы 100-ден астам отбасының жай-күйі тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тегтер: