Әйелдерге зорлық көрсетуге қарсылық білдірген Баку белсенділерін полиция ұстады

21.10.2019, 20:00

21

Әзербайжан астанасы Баку қаласында екінші күн қатарынан рұқсатсыз акцияға шыққан белсенділерді полиция ұстады. Негізінен әйелдерден құралған 50-60 адам полиция бұрын жоспарланған марш жолын жапқан соң Баку орталығына жиналған.

Полиция белсенділердің плакаттарын тартып алып, кейбір белсенділердің өздерін алып кеткен. Наразылық акциясына шыққандар «Әйелдерге зорлық болмасын», «Зорлыққа үнсіз қалмайық» деп ұрандатқан. Оның алдында полиция саяси тұтқындарды босатуға, табиғи газ бен электр қуаты тарифтерін арзандатуға шақырған ондаған белсендініалып кеткен еді.

Оңтүстік Кавказдағы он миллионнан астам халқы бар Әзербайжанды президент Ильхам Әлиев 2003 жылдан басқарып келеді. Әкесі, Әзербайжан президенті Гейдар Әлиев қайтыс боларынан аз уақыт бұрын оны өз орнына ұсынған.

Ильхам Әлиев басқарған кезеңде тәуелсіз ақпарат құралдары жабылып, билікті сынаған қоғам белсенділері, журналистер мен құқық қорғаушылар түрлі саяси желеулермен қамауға алынып, сотталған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11