Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 23 Мамыр 2022

Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған

None
None

Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған, — деп хабарлайды ng.kz.

22 мамыр күні Қостанай облысы Лисаков қаласы ІІБ кезекші бөліміне 9 қабаттан секіргелі жатқан ер адам туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Андрей Грабар мен полиция лейтенанты Айбек Байсапақов бар 362 автопатруль келді. Полиция шатырға көтерілді, сол уақытта учаскелік полиция инспекторы Азат Нұрғалиев пен төтенше жағдайлар қызметі келді», — деп хабарлады ведомстводан.

Тәртіп сақшылары 30 жастағы азаматпен келіссөз жүргізе отырып құтқарып қалды. Ер адамның өзін өлімге итермелеу себебі әйелімен болған ұрыс екені белгілі болды.

Тегтер: