Әйелімнен алимент өндіріп аламын

26.04.2018, 13:30

53

Алиментті еркектер ғана емес әйелдер де төлеу керек.  Ақтөбелік жалғызбасты әке бұрынғы әйелін сотқа беріп, ата-ана құқығынан айырмақшы. Алимент те өндіріп аламын дейді. 35 жастағы Еділбай КЕРІМБАЕВТЫ мұндай қадамға баруға  балаларының анасы итермелепті.  Айтуынша, 11 жыл отасқан келіншегі бір күні  «кетемге» салыпты.-2002 жылы үйлендік. 2003 жылы қызымыз дүниеге келді, артынан араға жеті жыл салып ұлым өмірге келді. Содан 2013 жылы кетем деді, ұл мен қызды маған тастап кетті. Содан бері бес жыл өтті, бірде бір рет балаларды іздеген емес. Кеше  звондайды. Не  болғанын сұрадым. «Қосыласың ба?» деп едім,- Ия, қосылам,- деді.  Қызыма 20 мың теңге ақша берейін деп едім деді. Артынша  телефонды, бәрін өшіріп тастады. Мен  оның мұндай қылықтарына үйренгем.  Туған балаларын қажетсінбейтін, аналық мейірімін сыйламайтын ондай ана кімге керек? Қазір қорғаушымен ақылдасып, құжаттар жинап жатырмын.  Оны ата-ана құқығынан айыруын сұрамақшымын. Алимент өндіртуді да көтерем. Ол бір  дүниеқоңыздықтан немесе ақшаны жақсы көргендіктен емес, сабақ болсын дегім келеді,- дейді  балаларының анасынан көңілі қалған Еділбай Керімбаев. Бүгінде қызының жасы-14-те, ұлы – 7 жаста.  Балалардың сабақ үлгерімі де жақсы, мектептен шағым болмапты. Көрші-көлем үлгілі әкеге тіпті шаң жуытпайды. Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары Керімбаевтар отбасына жиі келіп тұрады. 34 жастағы келіншек туралы ақпаратты да солардан білдік. Айтуларынша, балалардың анасының тұрақты баспанасы жоқ, таныстарының, туыстарының үйін сағалап жүрген көрінеді.-Балалардың анасы еш жерде жұмыс жасамайды. Бұған дейін екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке де тартқанбыз. Бірақ, нәтиже болмады. Қазіргі қосымша құжаттар жинақталып жатыр, болған соң  азаматшаны ата-ана құқығынан айыру  жөнінде ювеналдық сотқа жолдаймыз, — дейді Ақтөбе қаласы Заречный полиция бөлімінің инспекторы Гүлден ТІЛЕГЕНОВА.

Зада Зейін, Ақтөбе

Фотолар автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42