Айгүл ЖҰБАНЫШ. АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ

25.11.2019, 15:51

5

Бес қабатты үйдің бұрышындаорналасқан 246-пәтердің жарығы кеш сөніп, ерте жанады. Түн барқынкөрпесін жамылып, ел тәтті ұйқы құшағына енгенде алма тазалап анасы мен Рәйләотырады. Олар қап толы алманы алдымен тазалап жуады, жерге түсіп ұрылған,шірігенін бөлек алып, бүтінін кептіріп, ала сөмкеге салады. Бұл – ертеңге дайындық.Таң рауандап атқан шақта ата-анасының бірі алма салынған арбаны, екіншісі Рәйләотырған арбаны сүйреп вокзалға асығады. Ата-анасы оны вокзал маңына қалдырып,өздері жұмысқа кетеді. Рәйләнің алма сатып, ата-анасының табысына қосымшапайдасын тигізіп жүргеніне де талай жылдың жүзі болды. Кейде бұл тірлік арбағатаңылған аруды мұңға батырып, жылатады, кейде қолына несібесін мол түсіріп қуантады...

— Мына алмалар меніңжастығымды еске түсіреді… — Өзі сияқты алма сатып күнелтіп жүрген Сайраға тілқатты.

-  Жалғыз жүргеніме деосы алма кінәлі демеші тек… — Сайра әзілдеген болып, жанды жерінен шымшыпалды. Жалт қарады. Мұндай көзқарасты күтпесе керек, Сайра жымия күліп: «Болды,болды, қалжыңдаймын» — деп, қос қолын көтерді. Іркілместен қайта сөз бастады.

-  Рәйлә, отызданассаң да, өңің әлі сыр бермеген, сүйкімділігің сол қалпымен тұр. Түр десетүрің, бой десе бойың бар. Тек...

— Иә? Неге тоқтапқалдың? Мүгедек екенімді айтып, көңіліме қаяу түсіріп аламын деп жасқандың ба? Айтшы,арбаға таңылған мені кім жар етеді?

— Өткенде құрбымныңбойдақ баласы бар деп едім, танысуға қарсы болдың. Бәлкім ойланарсың, әлі де кешемес.

-  Екі мүгедек адамөмірдің ауыртпалығына қалай иығын тосады?

— «Мүгедекпін», «менауырамын» деп, ызыңдай берсең, өмір бойы жалғыз қаласың...

Сайра бұған әлі де ұрысар ма еді, абырой болғанда жанынакелген жолаушыларға ойы бөлініп кетті.

— Алматының тәтті алмасын алыңыз, базарлыққа таптырмассый — деп тауарын жарнамалай жөнелді.  

«Базарлыққа таптырмас сый...» Рәйлә осы сөзді күбірлейқайталады.

 

***

— Сайра, кешірші, ренжіп қалдың ба?

— Қыз, әй, менің ашуым – «шайорамал кепкенше» ғой. — Ыржия күлді.

Жасы қырықтан асқан Сайратіршілік тауқыметін тартып келеді. Қазір жалғыз өзі пәтер жалдап, өлместіңкүнін көріп жүр.

— Рәйлә, жассың ғой әлі,уақытың бар, мен сияқты жалғыз қалма деймін.

— Сен неге жалғызсың?

— «Өзгеге ақыл айтқанша, өзжөніңді реттемедің бе» дейсің ғой?! — жымиғандай болды. Күлгенде бетіндегі әжімөрмекшінің торындай жайылып, көзге анық көріне түседі. – Иә, мен еркек бұрылыпқарамайтындай ажарсыз емеспін, білесің. Бірақ уақытымды жіберіп алдым. Уақыт –жүйрік, ешкімді, ештеңені күтпейді. Осы күні неге бір еркектің етегіненұстамадым, неге тар құрсағымды кеңітіп, тас емшегімді жібітпедім деп өкінемін.Соңғы сөзін буынға бөліп әзер айтты. 

— Неге уақытыңды жоғалттың?

— Ата-анам бала кезімде бақилықболды. Ізімнен ерген қос бауырыма пана болдым. Үйлендірдім, үй қылдым. Қазірекеуіне де керек емеспін. Білесің бе, Рәйлә, жалғыз қалу – өлімнен де қорқынышты.Қиналғаннан астыңғы ернін тістеледі.

Перронға пойыз тоқтады. Арлы-берлісөмке сүйреп сапырылысқан жұрт даусына сатып отырған алмаларын «жарнамалауға»кіріскен қыздар үні қосылды.  

— Келіңіз, алма алыңыз!

— Тәте, аға, алма алыңыздар!

Абыр-сабыр басылып, елсаябырсыған шақта бұлар термостан ыстық шай құйып алып, әңгімелерін қайта жалғастырды.

— Тағдыр сені де аяусызжылатқан екен – деп, сөз бастады Сайра.

— «Құдай азапты сүйген құлынабереді» дейді ғой...

— Иә, бейнеті көп күндер арттақалып, енді зейнетін де көрерміз...

Рәйлә өзінен үлкендеу болса дасырласы, мұңдасындай көріп Сайраға өткен өмірі туралы сыр шертті.

 

***

 

Мектепте оқып жүргенде Нәбиесімді өзінен бір жас үлкен жігітпен дос болды. Жақсы көрді. Ол қалаға оқуғакететін кезде қалай жылағанын ешқашан ұмытпайтын шығар… Соңғы рет екеуі таубаурайында кездесті. Рәйлә жігітті  көргеннен-ақ екі көзіне ерік берді.  

— Алматыға қашан кетесің?

— Ертең.

— Сосын ауылға қашан келесің?

— Қысқы каникулда...

Екеуі де үнсіз қалды. Жігіт көкшөпті жұлуға кірісті. «Көкті жұлма көктей соласың» деген киелі сөз есіне түстіме екен әйтеуір әрекетін дереу тоқтатып, жерді тоқпақтай жөнелді.

— Келесі жылы сен де қалағаоқуға келесің...

Қыз иығын көтеріп, басыншайқады.

— Не болды? 

— Мен оқуға түсе алмайтынсияқтымын...

Жігіт сұқ саусағын көтеріптұрып: «Ана-ааау алыста кетіп бара жатқан жамандыққа қолыңды бұлғап, әй, берікел, мен мындамын» — деп, шақырып алмасаңшы…  

Қыз күліп жіберді.

— Айтпақшы, Алматыдан сағанбазарлыққа не ала келейін?

Қыз жымиып: «Сен әлі қалағакеткен жоқсың ғой...» — деді.  

— Сенің нені жақсы көретініңдібілгім келеді?

Қыз қос қолын иегіне қойып,ойлана кетті.

— Базарлыққа не алдырсам екен асаған… Та-ап-тым, Алматының алмасы.

Жігіт қызға таң қала қарады. 

— Кәдімгі алма ма? Одан басқасыйлық таппадың ба?

— Жо-о-қ, кәдімгі алма емес,Алматының апорты. Мынадай үлкен. Қыз қос қолымен алманың пішінін көрсетті. 

— Не айырмашылығы бар?

— Айырмашылық жер мен көктей.Сен апорттың Отаны Алматы екенін білмеуші ме едің?

— Білемін ғой.

— Алматының бұрын Алмалы атануыбекер емес екен. Біз қазір әлемге апорт алмамызбен мақтана аламыз. 

— Алматының алмасына байланыстыәндер де бар емес пе?

— Иә, «Алматының алмасы» дегенәдемі ән бар.

— Сол әнді айтшы.

Рәйлә нәзік даусымен әндетежөнелді.

Алматының алмасы,

Күннің қызыл түсіндей.

Ұсынғанда алмайсың,

Жүрмін сәулем түсінбей...

Әннің қайырмасын екеуі қосылашырқады.

— Керемет ән е?

— Тамаша!

Нәби басын сәл ғана қисайтып,екі көзі жәудірей қарап, жымиып тұрған қызды құшақтай алды.

— Болды, саған Алматының апортыналып келемін, күтесің ғой.

— Күтемін, тек ұмытып кетпесеңболғаны.  

Бала махаббат… Екеуі осылай уәделесті. 

 

***

— Түуф, неткен махаббат, неткен романтика! Қазір Нәби қайда?

Сайра әңгіменің ақырын күтпей сұрақтың астына алды. Рәйләиығын көтеріп: «Білмеймін. Сол кеткеннен көрмедім» — деді.

— Қалайша көрмедің? Сонда саған базарлық әкелмеді ме? Қысқыдемалыста ауылға келмеді ме дегенім ғой...

Рәйлә Сайраның баладай аңғал мінезіне күліп алды да,әңгімесін қайта жалғады.

— Бірде мал қорада әкеме көмектесіп жүргенмін. Боран гуіліменбірге әндете ысқырған дауыс естілді. Нәби келген екен деп қуанып, жүгірешықсам, інісі Әли екен.

— «Алматыдағы көкемнен сәлемдеме келді. Апам мынаны сізгеберіп жіберді» — деп, қолындағы қорабын ұсынды.  

Үйге кіріп, қорапты ашсам – хат пен пакет толы қып-қызылалма...

— Хатында не депті? Өзі ауылға неге келмеген? Сайра әңгіменітағы да үзді…  

«Амансың ба,Рәйләтай, жаным! Жағдайың, сабағың жақсы ма? Ата-анаң, бауырларың аман ба?Мынау өзің күткен сәлемдемең Алматының алмасы. Рәйлә, мен әскерге баратынболдым. Екі жыл… Оқуымды келген соң жалғастыратын боламын. Сен оқуға түсетінбол, мені күт! Сені жақсы көремін. Нәбиің».

— Е-е, Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен екен ғой.Кейін іздеп келді ме?

— Одан кейін мен мына арбаға таңылдым… Айттым ғой,мектеп бітіретін жылы қалаға барып, қайтып келе жатқанда жол апатына ұшырадықдеп… Менің болашағым үшін дәрігерлерге жақын болайық деп ата-анам Алматығақоныс аударды.

— Қыз, әй, аман қалғаныңа шүкір де… Шетелге барыпемделсең, құлындай шауып кетер ме едің?

— Шетелдік емес, отандық дәрігерлерге қаралдым. «Үміт бар»- дейді.

— Киноларда қатты қуанғанда не қобалжығанда осындайарбада отырған адамдар жүріп кетеді ғой. Бәлкім, сен де сөйтерсің...

Рәйлә Сайраның сөзіне тырқылдай күлді.

— Әй, Рәйлә-ай, ішегімді қатырдың, көптен бұлай күлмегенедім. Ол кино ғой.

— Қыз, әй, кино өмірден алынатынын ұмытпа! Айтпақшы, Нәбиіздеп келмеді ме?

— Келмеді...

— Тасжүрек, оңбаған бала болды ғой.

— Бәлкім, ол бұл жайдан бейхабар болар.

— Алматыға қоныс аударғаннан кейін оқу орнына іздепбармадың ба? Әскерден келген соң оқуын жалғастырған болар...

— Жоқ, Нәби әскерге бармапты...

— Не дейді? Сонда қалай...

— Оқуға түскен жылы бұзақы топқа қосылып, оқудан шығыпкеткен. Жазықсыздан жазықсыз оның мойнына кінә артып, қылмыскер атандырған. Олбас сауғалап, басқа жаққа кетуге мәжбүр болыпты. Мұны кейіннен сыныптастарынанестіп білдім.  

— Өй, байғұс, бала-ай!

— «Аққа құдай жақ», шын мәнінде жазықсыз болса, аманжүрсе, әлі де көрермін-ау, жүздесермін-ау деген үмітім алға жетелейді. Алмасатып отырып, оны бір көрсем ғой деп армандаймын.

 

***

Апталап айлар өте берді. Қыздаралмаларын сатып жүр. Ару Алматының ауа райы жайдары болғанымен, күздің қарасуығы өңменіңнен өтеді. Осындай суық күндердің бірінде қалың көрпеге оранып отырғанРәйлә жұрт назарын өзіне аудару үшін әдемі даусымен: «- Алманың астанасы – Алматы.Апорттан жеген де арманда, жемеген де арманда. Кәне, бері келіңіздер!» — деген-ді. Үстіне қара күрте киген, қызыл галстугісыртына көрініп тұрған жігіт ағасы жанына келді.    

— Жарнамаңыз жақсы әсер етті,замандас. Мына алманың бәрін маған салып бересіз бе?

 «- Әрине, қазір, қазір...» — деп, қуаныпкеткен Рәйлә пакетін алмаға толтыра бастады.  

Айналасын әңгімеге тартыптұратын Сайра бұл жолы да үнсіз қалмады.

— Осынша көп алманы қайтесіз?Әлде той жасайсыздар ма?

Жігіт Сайраға бұрылып: «Бірқызға базарлыққа апарамын», — деді...

— Базарлыққа?! Рәйлә мен Сайрақосарлана саңқ етті.

— Иә, базарлыққа. Ол қыз ...

Жігіттің сөзін шырылдаған ұялытелефонының музыкасы бұзып жіберді.

Кеткенің бе сәулем-ай,

Айдай жүзің алаулап.

Менің дағы қалды-ғой,

Жүрегімде ән ойнап...

Жігіт телефон тұтқасынкөтермеді. Абдырап тұрған қызға қарап: «Алматының алмасын саған базарлыққабергім келген еді, Рәйлә. Кешір мені!» — деді.

Рәйләнің қолындағы пакет толыалма жерге шашылды. Ал өзі арбадан қалай тұрып кеткенін де байқамады. Қыздың оқысқимылы айналасын таң қалдырды.

«Қыз, әй, айттым ғой саған қаттықуанған кезде орныңнан тұрып кетесің. Тура кинодағыдай болды. Ал кино өмірденалынады!» — деді Сайра қуанып.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43