"Айлығымызды алмағалы екі жыл болды"

15.11.2018, 23:42

6

Бірнеше жылдан бері «Қызылордагидрогеология» ашық акционерлік қоғамының құрылтайшылары, акционерлері мен мамандары әділдік іздеп шырылдап жүр. Бүгінде мекеме жұмысын толықтай тоқтатып тұр. Жұмысшылары өзіне тиесілі  жалақыларын екі жыл бойы ала алмай жүр. Маңдай тер, табан етпен тапқан нәпақаларын кімнен барып сұрайтындарын да білмейді. Себебі, бұрын осы  басшылықта болған Разуваев Виктор мен Мансурова Ақтотының көлеңкесін де көру мүмкін болмай отыр.«Бұл мекемеде мен көп жыл еден жуушы болып еңбек еттім. Жұмысыма адал болдым. Қазір айлық қарызым 200 мың теңге. Бұл ақша біреу үшін көп емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мен үшін бұл үлкен қаражат. Отбасымды маңдай теріммен асырап келдім. Мекеме жұмысын тоқтатқан кезде далада қалғандай болдық. Айлығымызды кімнен барып сұрайтынымызды да білмей отырмыз», — дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Алия МАЛДЫБАЕВА.Алия секілді өзінің берешегін ала алмай жүрген мұнда 40-қа жуық жұмысшы бар. Олардың жоқ ақшаны күтіп жүргендеріне де екі жыл болып қалыпты. Мекеме ашылған кезде жиған – тергендерін салып, акционер атанғандар да жер сипап қалды. Аталмыш мекеме жер асты су қорын зертханалық түрде зерттеп, бірнеше жыл бойы экологиялық Арал апат аймағындағы халықты сапалы таза ауыз суымен қамтамасыз ету қызметін атқарып келген.«Мен «Қызылордагидрогеология» мекемесінде 30 жылғы жуық еңбек еттім. 2001 жылдардан бастап бас бухгалтердің уақытша міндетін атқарушы қызметінде  болдым. Бұрынғы басшыларымыз Виктор Разуваев пен Ақтоты Мансұрова менің келісімімсіз қаржылық құйтырқы әрекетке барған.   Осы мекеменің мүлкі мен арнайы өндіріс техникасы және қаражаты талан-таражға салған.Нәтижесінде акционерлік қоғам құрылтайшыларының, акционерлері мен жұмысшыларының 102 миллион теңгеден астам қаражаты желге ұшты.  Аталмыш жағдайды біз құзырлы органдарға хабар бердік. Алайда, бұл әрекетімізден ештеңе шықпады», — дейді мекеменің есепшісі Махаббат СМАҒҰЛОВА.Қазіргі күні «Қызылордагидрогеология» акционерлік қоғамының жәбірленуші құрылтайшылары, акционерлері мен мамандарының құқығын қорғаушы  заңгер Амантай ТАЖМАҒАМБЕТ 2 жылдан астам уақыт бойы әділдік үшін күресуде. Алайда, ресми өкілдің жанайқайына құлақ асып жатқан құзырлы орган басшылары жоқ.«Акцияларды, мүлікті және қаражат жымқыру ісі бойынша облыстық прокуратураға және тергеу органдарына  дер кезінде хабарлама бердік. 2016 жылы 15 қыркүйекте «Қызылордагидрогеология» мекеменің бұрынғы  басшысы Виктор Разуваевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс 2 жылдан астам уақыт ішінде заң шеңберінде өзінің әділетті шешімін таба алар емес. [caption id=«attachment_19620» align=«alignnone» width=«1000»]Жұмыссыз қалған жұрт[/caption]Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің тергеу басқармасының басшысы мен тергеушілері 39 бума бухгалтерлік түпнұсқа құжаттарды хаттама негізінде қолымыздан алды. Біз, тергеу органдарына үлкен үміт артқан болатынбыз. Алайда, акционерлік маңызды 5 жылдық түпнұсқа бухгалтерлік құжаттар тергеу кезінде қасақана жоғалып кетті. Бұл 5 жылдық түпнұсқа бухгалтерлік құжаттарды қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Егер бұл бухгалтерлік құжаттар қылмыстық іс бойынша өз деңгейінде сот – бухгалтерлік сараптамасымен зерттеліп-зерделенгенде, «Қызылордагидрогеология» басшылығының жасаған қылмыстық әрекеттері дәлелденген болар еді. Осындай заңсыз әрекеттерге барып отырған тергеушілер- Рахметов Б., Молдабеков Е., Алтаев Т.  өздерінің заң тарапынан тиісті жазаларын алған жоқ. Оларды басшылары Ардақ БЕГАЛИЕВ пен Руслан САТЫБАЛДИЕВ қорғап отыр», — дейді Амантай Тәжмағанбетов. Тергеушілер бұл заң бұзушылық әрекетке әдейі барғандығы облыстық прокуратура мен арнайы қызметтік тексеру органдарымен дәлелденген.  Қызылорда облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 371 бабының 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғағанымен біршама уақыттан соң жабылып қалған. Мекеме акционерлері еліміздің  Бас прокуратурасына  дейін шағымданған. Әзірге құзырлы органдардан заң шеңберінде нәтиже болмай отыр. Бұл жерде акционерлердің ғана емес, қарапайым жұмысшылардың да мүлкі мен ақшасы қолды болып отыр.Аталмыш өрескел заң бұзушылық фактілері бойынша заңдылықты қадағалаушы орган — Қызылорда облыстық прокуратурасынан ресми мәлімет сұратқан болатынбыз. Құқық қорғаушылар әдеттегідей жауаптарын қысқа қайыруды жөн көрді. «ҚР –ның қылмыстық – процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп- тексеру деректері жария етілмеуге тиіс. Сондықтан бұл қылмыстық іс бойынша ресми түрде мағлұмат берілмейді», — деп жауап берді облыс прокурорының орынбасары Талғат ӘЛІБАЕВ мырза.Фотолар автордікі.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34