Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-теҚазақстандағы жоғары оқу орындарын әрі қарай дамытуға қатысты жазба жариялады.
ЖОО-ныңакадемиялық еркіндігі
Министрпрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке жоғары оқу орындарының академиялық дербестігінодан әрі кеңейтуді тапсырғанын айтып өтті. 2018 жылы жоғары оқу орындарынаакадемиялық және басқарушылық еркіндік беретін заң қабылданды.
«Осызаңды қабылдау қаншалықты маңызды қадам болғанын жақсы білемін. Қазір осыбағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін байқап отырмыз. Министрліктіңқандай ұсыныстары бар? Жоғары білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртуға және оныңбәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болатын „Жоғары білім берудідамытудың дағдарысқа қарсы жоспары“ әзірленді», — деді министр.
Соныменқатар Аймағамбетов білім беруге бизнес пен өндіріс өкілдерін, шетелдікоқытушыларды тарту, өңіраралық деңгейде маман алмасуын жүйелеудің маңыздыекенін айтып өтті.
«Осығанбайланыстыдәрежелілікке, штатқа, біліктіліктіарттыруғажәнебазалықбілімберугеқатыстыталаптардықайтақарауқажетдепсанаймын. Бұлөлшемдердіжоюміндетітұрғанжоқ, дегенменоларжоғарыоқуорындарыныңеркіндігін шектемеуікерек», — деп жазды АймағамбетовFacebook парақшасында.
Соныменқатар дәстүрлі күндізгі оқумен үйлесетін қашықтан және аралас оқыту түрлеріненгізу мәселесін көтерді. Нақты қай форматта оқитынын студенттің өзі таңдайтынболады.
Сондай-ақ,министр ОЖСБ-ны жоюды ұсынды.
«Бақылаудыңбұл түрі ешқашан аса тиімді болған емес. Академиялық дербестігі кеңейген әрбірЖОО өз білім беру бағдарламасын дайындағанда ОЖСБ-ның іс жүзінде қажеттілігіжоқ», — деді ол.
Министрдіңұсыныстары қатарында докторанттардың оқудың бірінші семестріндедиссертацияларының тақырыбын бекітуі ғылыми зерттеудің бағытын анықтаудақолайсыздық тудыратынын, докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбынбекіту мерзімін жұмыстың пысықталуына қарай өздері анықтауы тиіс екенін айтты.
ЖОО-дағыдағдарысқа қарсы шаралар
"ҚазірБҒМ мен жоғары оқу орындарының міндеті – білім беру сапасының жоғары деңгейінқамтамасыз етіп қана қоймай, білім алушылардың қаржылық жүктемесін деазайту", — деп атап өтті министр.
Осығанбайланысты дағдарысқа қарсы шаралардың бірнеше жолын ұсынды:
1. Жоғарыоқу орнының ақылы негізде бір білім алушыға шығатын ең төменгі шығындары менгрант құнының арақатынасы бойынша талаптың күшін жою. Мемлекеттік грант құныартты. Сондықтан, жоғары оқу орындарының баға саясатына бұл кері әсер етпеуітиіс.
2. Міндеттітүрде ғылыми дәрежесінің болуы жөніндегі талаптар мен тәжірибеге бағдарланғандаярлық бағыттары үшін штатта жұмыс істеу бойынша қойылатын талаптарды жою.
3. Оқытушыларсанының студенттер санына қатынасы бойынша талаптарды жою. Білім беруді дамытудыңжаңа жағдайларында бұл талап өзектілігін жойып отыр.
4. Қорытындыбақылау нысаны бойынша талаптың күшін жою. Қаржы, бухгалтерлік есеп, IT,мейрамхана ісі бағыттары бойынша оқу нәтижелері дипломдық жұмыспен емес, нақтытәжірибедегі жұмыс дағдыларымен, демонстрациялық емтихандармен немесежобалармен расталады. Бұл кейбір ЖОО-да тек «бар болса болды» дегенқағидамен жазылған курстық жұмыстарға да қатысты.
5. Пандемиякезеңінде оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жұмысқа орналасу туралы талаптек талдау жүргізу үшін ескерілетін болады. Ендігі кезекте біз түлектердіңжұмысқа орналасуын ғана емес, сонымен қатар осы түлектердің жаңа жұмысорындарын ашуын да ескеретін боламыз.
6. ЖООиеленуі тиіс материалдық активтердің түрлері бойынша талаптарды қайта қарауқажет. Активтердің түрлері емес, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін қажетжағдайлардың болуы аса маңызды.
Соныменқатар министр ведомствоның «шаңсорғыш» жоғары оқу орындарын анықтаусаясатын жалғастыра беруі керек екенін айтып өтті.
Жоғарыоқу орындарын саралау
Аймағамбетовбұрын-соңды ҰҚСК отырысында айтылған жоғары оқу орындарын лигалар бойыншасаралау бойынша ұсыныс қолдау тапқанын хабарлады.
Біріншісанат: халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ЖОО-лар.
Екіншісанат: ұлттық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғары оқуорындары.
Үшіншісанат: өңірлік ЖОО республикалық деңгейде бәсекелесеалмайды, алайда, өңірлердегі студенттер үшін тиісті деңгейде білім береді жәнеоқыту барысында "өзінің" білім алушысына бағдарланады. Өңірлік немесесалалық жоғары оқу орындары (үшінші санат) үлкен академиялық еркіндік көлемінеие болады. Бұл жоғары оқу орындарында тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша ғанатексеріс жүргізілетін болады.
Төртіншісанат: қалған барлық жоғары оқу орындары. Министрдіңайтуынша, олар толық көлемде мемлекеттік бақылауға тартылады, сапа мен сенімніңтөмен деңгейде болуына байланысты оларға қатысты көптеген талап пен нормақолданылады.