Аймағамбетов өзіне дейінгі «былықты» тазалай ала ма?

05.12.2019, 07:58

21

Қанша министр ауысса да, «басынан дау арылмаған» еліміздіңбілім және ғылым министрлігінің бір емес,екі аяғынан бірдей ақсап тұрғаны жасырын емес. Бүтін бір елдің «болашағын» уысындаұстап отырған министрлік былыққа белшесінен батқалы қашан. Алысқа бармай-ақ, биылдыңөзінде бұл салада біршама жылға азық бола алатын дау-дамай орын алды. Бірнеше министрауысты. Солардың соңғысы –Асхат Аймағамбетов. Осы бір «құтты орынға» биыл 13 маусым күні тағайындалған13-ші министр бассыздықтардың ортасына топ ете түсті. Құдды бір жоғарыдан жіберілгенсынақ дерсің. Қош, ендігі мәселе бұл емес. Қазіргі күні сіз бен бізді «Небәрі 37 жасында министр болған АсхатАймағамбетов білім-ағарту саласын былықтан аршып ала ала ма?» деген сауал толғандырыпотырғаны сөзсіз. Сонымен, алты ай ішінде Аймағамбетов не тындыра алды? Осы сұраққажауап іздеп көрелік.

Ректорларға қарсы күрес

Аймағамбетовминистр «тағына» отырғалы екі апта өтті дегенде, еліміздегі жоғары білім беру саласыныңмамандарымен маңызды жиын өткізді. 1 шілдеде ЖОО ректорларымен және білім берубасқармаларының басшыларымен кездесіп, ендігі бұл саланы қатаң түрде бақылауынаалатынын мәлімдеді. Жиын кезінде ЖОО басшыларына шүйлігіп, бірқатар ректордың қызметінеқатысты тексеріс кезінде анықталған заңбұзушылықтардың басын ашты. Ректорлардыкезек-кезек тұрғызып, олардың білім ордасында орын алып отырған заңсыздықтарын әшкереледі.Аймағамбетов осылайша «ұйқыдағы» басшылардың бірсыпырасын сілкіп-сілкіп алғандайәсер тудырды.

Мәселен, ведомствожүргізген тексеріс кезінде ЖОО-да түрлі сипаттағы, оның ішінде бөлінген қаражаттызаңсыз жымқыру, оқытушыларды жұмысқа ешқандай байқаусыз қабылдау, оқытушыларбілімінің БҒМ талаптарына сай келмеуі және т.б. осы секілді бассыздықтар анықталғанынжеткізген министр жоғары оқу орындарындағы қызметтік тәртіптің дұрыс жолға қойылмағанын,тиісті түрде ұйымдастырылмағанын да алға тартты. Ведомство басшысы жоғары оқуорындарына қызметтік тексеріс жасалатынын, ал үмітті ақтамаған ЖОО басшыларына қатаңсөгіс жарияланатынын шегелеп айтты. «Қазір жоғары оқу орындарына да, білім басқармаларынада халық тарапынан шағым көп. Кей облыстарда мұғалімдерге заңды еңбекақысы менеңбек демалысының ақшасы әлі аударылмаған. Жұмысты жүйелендірмесек, жалпы білімсаласына ел арасында көптеген өкпе-реніш бар. Соны жойып, бассыздықтардың алдыналу қажет. Олай болмаған жағдайда бұрын сіңірген қызметтеріңізге қарамаймыз», –деп ескертті ол жиында.

Осы жиыннан соң, министрЖОО бойынша ауқымды тексерістерді бастап кетті. Оқу орындарына қойылатынталаптарды күшейте түсіп, сапасыз университеттерді жабуға бел шеше кірісті. Күнікеше ғана осы тексерістер нәтижесінде бес университетте бұған дейін анықталғанбассыздықтар расталып, оларды лицензиясынан айырып, жұмысын тоқтатты. 12 ЖОО-ғаайыппұл салынып, біреуінің ісі сотқа жолданды.

Десе де, оның мұндайбелсенділігі ескерту естіп, тік тұрып сын тыңдаған ректорларға, сапасыз қызметінетосқауыл қойылған университет басшыларына жақпай қалғаны анық. Себебі дежасырын емес. Бұл – үлкен бизнес, қыруар қаражат. Ал кез келген бизнестіңартында «үлкен» адамдар тұрғаны белгілі. Осыны ескерсек, Аймағамбетовтің ЖООсапасын арттыруға бағытталған әрекеттері біраз адамның «кіріс көзін» жауыптастағанын байқау да қиын шаруа емес.

Министрдің әрекетінеқарасақ, бұл әлі бастамасы ғана. Алдағы уақытта  министрлік мұғалімдердідаярлайтын ЖОО санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқартамыз деп белсеніп жатыр. Талаптарыда күшейіпті. Сапасы сын көтермейтін оқу ордалары түгел жабылмақ. Министрдің бұләрекетінен қандай нәтиже шығатыны әзірге белгісіз, «үмітсіз – шайтан», әйтеуір,оң өзгеріске бастасын дейміз.

Оқулықтың ылаңы немесе «Ел боламын десең, оқулығыңды түзе!»

Алты ай ішінде жасминистр қарамағындағыларға «оңай шағыла қоймайтын жаңғақ» екенін ұқтырғандайболды. Дегенмен алда шешімін күткен қыруар шаруалар, тау-тау боп үйілген мәселелер,қордаланып қалған біраз сұрақтар тұр. Ендігі кезекте ел аузынан түспей, күнарасыннан арыла алмай келе жатқан оқулықтар мәселесі қылаң берді. Жалпы, жаңа әріжас министр Аймағамбетов оқулықтар былығын мойындайды. Бірақ мойындаумен ісбіте ме, оларды шешуге нақты қадам жасалуы керек қой. Әзірге бұл бағыт бойыншааянып қалмаймын деп отыр. Оқулық мәселесі бойынша арнайы жиын өткізіп, өзібастап біраз сын да айтты. Физика, география, қазақ тілі, орыс тілі сынды оқулықтардықолына алып тұрып, ондағы қателерді тізіп берді.

Бұл көпшілікке күлкіболған оқулық авторларын да, өрескел қатеге толы оқулықтарды баспаға жібергенсарапшыларды да, баспагерлерді де жерге қаратқан жиын болды. Кеңес барысындаминистр оқулықтарды сараптау рәсімін және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалықорталығының жұмысын сынға алды. «Жыл сайын оқулықтардың сапасы туралы айтылыпкеледі. Оқулықтардың сапасына байланысты халықтың наразылығы көп. Біз бұлнаразылықтармен келісуіміз керек. Шынында да, қателер мен мәселелер бар. Біреуоларды қате деп есептейді, енді біреуі техникалық қателік деп атайды, бірақ қоғамдыбұл қызықтырмайды. Біз оқулықтарды дайындаймыз және жұмыстың сапасы ментиімділігіне мән беруіміз керек», – деді жас әрі бас ұстаз.

Оқулық төңірегіндегідау жалғасын таба ма, жоқ па, әлі белгісіз. Анығы, бір жиын өткізіп, жауаптыадамдарды жерге қаратумен тына қоятын, түзеле салатын проблема емес бұл.Кешенді түрде жұмыстар атқарылуы керек. Дегенмен Аймағамбетов қазіргі таңдамектеп оқулықтарын дайындаудың, сараптаудың жаңа жүйесі енгізіліп жатқанынайтып жүр. «Бұл жүйелі шаралардың тұтас кешені болады. Қабылданатын шешімдердіңтранспаренттілігі қамтамасыз етілетін болады», – деп сендірді Аймағамбетов. Соғансене тұрайық.

Сондай-ақ министр«Жеңіл портфель» жобасы аясында баспагерлерге 1-10 сыныптарға арналған мектеп оқулықтарыныңэлектрондық нұсқасын министрлік сайтына орналастыру туралы тапсырма берді. Бұл –біріншіден, оқушы сөмкесін жеңілдетудің бір тәсілі. Екіншіден, электронды оқулықтардағықатені түзету артық шығынды қажет кетпейді. Яғни  оқулықтарды қайта басып шығаруға кететін қыруарқаражатты үнемдеудің жолы.

Электронды оқулықтардытегін түрде ғаламтор желісіне орналастырған жағдайда баспагерлердің біразы қаражаттанқағылатыны анық. Сонымен бірге сапасыз немесе қатесі бар оқулықтарды баспалар өзесебінен қайта шығаруға міндеттелмек. Қатені жөндемеген жағдайда оларға санкциясалынбақ.  Министрдің бұл бастамасыбаспалар үшін қосымша қаражат, артық шығын. Яғни коммерциялық тұрғыдан ыңғайсызжайт. Сондықтан су жаңа басшының бұл ұсынысы баспагерлерге де ұнап отырған жоқ.

Осылайша күрделі мәселеніңтүйінін шешу жолында біраз жұртқа жақпай қалған министрдің бұл ісінен қандай нәтижешығарын кім біледі, әйтеуір, ерінбеген екінің бірі сынайтын, «атағы жер жарып тұрған»министрлік жақын арада имиджін түзей алмайтын сияқты. Жалпы, оқулықтарпроблемасына келгенде Аймағамбетовқа өзіне дейінгі министрлердің жұмысын жалғастыруонша бір абырой әпермейтін сияқты. Біраз батыл шешімдер қабылдап, көп елге жақпайқалды дегенмен, дәл оқулыққа келгенде кібіртіктеп қалғандай. Мәселен, қатеден көзсүрінетін сапасыз оқулықтарды бірден қайта басып шығаруды қолға алмағаны түсініксіз.Проблемаға көз жұма қараған сайын, ол өрши түсетіні анық. Бұл орайда, Аймағамбетовқабатыл қадам, батыл шешім жетіспегені көрініп тұр. Оқулықтар былығына қатысты елкөкейінде үміттен гөрі күдік басым болып отырғаны да сондықтан.

Министрліктегі өзгерістер: бұрынғы құрам жаңа министргенесімен жақпады?

Аймағамбетов министрболып тағайындалған тұста Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловтұтқындалып, вице-министр Эльмира Суханбердиева парамен ұсталып, шу болып жатыреді. Ізін суытпай білім ведомствосында тағы да дау шықты. Әкімшілік жұмыс жәнемемлекеттік сатып алу департаментінің бастығы мен жауапты хатшы арасында үлкенжанжал туындады. Міне, осы жайттардан соң Аймағамбетов өз құзырындағыминистрлік қызметкерлері үшін де бірқатар өзгерістер керек деп, ведомствоны «тазалауға»кірісті. Ал қазан айында Аймағамбетов министрліктің қайта құрылатындығын мәлімдеді.

БҒМ жұмысыныңтиімділігін арттыруға қатысты бірқатар жұмыстар қолға алынып, министрлік жұмысынафункционалдық талдау жасалды. Мәселен, негізгі бөлімшелер жұмысы оңтайландырылды,түрлі департаменттер жұмысындағы шикіліктер анықталды дегендей. Бұлпроблемаларды зерттей келгенде біраз өзгеріс керек екені анықталыпты. Тағы бірайта кетерлігі, тексеріс кезінде қызметкерлерге жүктелген артық жүктемелергеназар аударылды. «Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті сапаны қамтамасызету жөніндегі комитет болып қайта құрылады. Демек, комитеттің миссиясы менміндеттері де өзгереді. Ендігі міндет – тәртіп бұзушылықты тексеру мен анықтау ғанаемес, сонымен бірге әдістемелік көмек көрсету. Өйткені мақсатымыз тексеру емес,сондықтан комитет қандай сыныпта, қандай тақырып бойынша, қай жерде кемшін тұс,түйткілді жерлер бар екенін көрсетіп, осы мәселені шешу үшін егжей-тегжейлі ұсыныстарберетін болады. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті қызметкерлерініңсаны басқа бөлімшелердің жұмыскерлері есебінен артып, мектепке дейінгі жәнеорта білім комитеті болып қайта құрылады. Бұл ретте министрліктің жалпы штатсаны артпайды, оның үстіне бос жұмыс орындары есебінен біраз қысқарту жоспарланыпотыр», – деп мәлімдеді Аймағамбетов.

Құрамын өз қажеттілігіне  қарай жасақтап, «керек» адамдарды кіргізіп қойған ұлттық ғылыми кеңестер жұмысынада өзгеріс енді. Ендігіде ғылыми кеңестер құрамына алынатын ғалымдар тек объективтікөрсеткіштерге байланысты іріктеліп, нағыз ғалымдар таңдалып алынбақ екен. Олардыңжұмысы енді заңнамаға сәйкес ашық өтетін болады. Бұған дейін ақшаны бөлукезінде дауыс беру жасырын түрде өткізілетіндіктен, жауапкершілік те болмаған.Соның салдарынан гранттар оңды-солды беріліп келсе, алдағы уақытта гранттарды үлестіруашық түрде әрі нақты критерийлерге сай жүзеге аспақ.

Ғылым саласындағытағы бір оңды өзгеріс – ғылымға бөлінетін қаражаттың өсуі. Сондай-ақ, ғалымдардыңқуанышына қарай, конкурстар енді үш жылда бір емес, жыл сайын жүргізіледі.Министрдің ғылыми кеңес жұмысына орнатқан бұл ашықтық қағидасы да біраз адамныңмүдделеріне қайшы келгені анық.

Көптен беріайтылып, шешімін таппай келе жатқан тағы бір олқылық мектептердің, білім бөлімдерініңаудан не қала әкімдеріне бағыныштылығы еді. Мемлекет басшысының қолдауымен министрбұл жайтты да шешті. Енді олар тікелей білім басқармаларына бағындырылып, қаржыландыруоблыс деңгейіне көтерілді. Осылайша ұстаздар жергілікті басқару органдарына тәуелділіктенқұтылды. Бұған дейін ұстаздарды тегін жұмыс күші ретінде пайдаланып келген аудан,қала әкімдері енді сенбілік, сайлау секілді т.б. іс-шараларға кімді тартар екен?!Сол қызық. Бас ұстаздың сөзіне сенсек, мұндай өзгерістер министрліктің «баяғыжартас – сол жартас» болып қалмауы үшін қажет. Бұдан бөлек, бұл ел бюджеті үшінде аса пайдалы болмақ.

Инсайд ақпараттарғасүйенсек, қажеті жоқ курстар, керек емес жұмыс дәптерлері, кітап шығару, тиімділігітөмен пиар шаралар секілді түкке тұрғысыз дүниелерге кететін шығындар қысқартылып,бюджетті нақтылау кезінде миллиардтаған қаражат қайтарылған. Бұл да құптарлықжайт. Әрине, министр Аймағамбетовтің білім мен ғылым саласын ескі жүйедентазартуы жаман бастама емес. Бірақ министрліктегі жанжалға қатысы бар кейбірлауазымды қызметкерлердің еліміздегі университеттердің біріне ректор болып тағайындалуытағы да халық сеніміне селкеу түсіретін жайт. Басы дауға қалған мұндайазаматтарды ректор қылғанша, білім саласына мүлдем жолатпаған жөн болар еді. Мүмкін,ең бастысы, министрліктен кетіріп, кейін университеттен де алып тастайтын шығар.Енді оны уақыттың еншісіне қалдырайық.

Аймағамбетовқа қарсы шабуыл кімге керек? (Ұстаздар жаңа министр туралы недейді?)

Бар-жоғы бір-ақжылдың ішінде білім және ғылым министрлігі көптеген шулы оқиғаларды бастан өткерді.Ұлттық тестілеу орталығы бас директорының, вице-министрдің парамен ұсталуыминистрліктің атына оңбай кір келтірді. Министрлік қызметкерлерінің басына қарабұлт үйіріліп, даулы оқиғаларға шатылды дедік. Ақсап тұрған министрліктіңкем-кетігін бетіне басып, аттан салып ұрандатып жүрген жандардың әлеуметтікжеліде аз болмауы да сондықтан. Ащы шындықты айтамыз деп шырылдайтындары да, белгілібір топтардың тапсырысына қарай әрекет етіп жүргендері де баршылық. Бұларғадепутаттар да қосылды. Бұған дейін қарапайым жұрт ойбай-аттанға басып жатса да,үндемей келген депутаттардың аяқасты бүлінгені де қызық. Осы тұста жалпы қарапайымхалық министр туралы не ойлайды деген сұрақтың туындауы заңды. Мәселен,Facebook желісінде Асхат Аймағамбетовтің қызметіне шәк келтіріп, оның отставкағакетуін талап етіп жүрген блогерлер тобы пайда болған. Олардың көздегені не жәнемұндай ұсынысқа білім саласының «отымен кіріп, күлімен шығып жүрген» ұстаздар қауымықалай қарайды? Жалпы, қарапайым ұстаздар білім министрінің қызметіне қандай бағабереді? Осы тұрғыда ізденіп, белсенді ұстаздардың бір парасынан пікір алғанедік.

Facebook желісінде Қазақстанұстаздарының бүгінгі жай-күйін айтып, қамын күйттеп жүрген, білім  берудегі көптеген мәселелерге қатысты өз ойынбүкпей ашық айтатын ұстаздардың бірі Айман Сағидолланың айтуынша, Асхат Аймағамбетовбілім-ағарту саласына әп дегеннен оң өзгерістер әкелуімен ерекшеленді. Әрине,осындайда біздің ойымызға Аймағамбетовтің «Әліппені қайтарамын» деген сөзі келеді.

«Жалпы, білімсаласының қазіргі жағдайы, ондағы түрлі былықтардың барлығы осы күнге дейін қордаланыпкелген күрделі мәселелердің шешім таппауының жемісі, нәтижесі. Яғни жаңа тағайындалғанАймағамбетовтің дәуірі дәл осы былықтың шарықтау шегіне жеткен тұсына дәлме-дәлкелді. Келді де, сол былыққа «жайғаса кетті», былайша айтқанда. Біз, республикакөлемінде біраз белсенді мұғалімдер, бірігіп ұстаздарға қатысты талай мәселенікөтердік.  Қаншама заңсыздықтар туралы мәселеқозғап, 200-300-ге дейін қол жинап жүрсек те, бірде-бір министрдің алдын көрмегенбіз.Кезінде білім министрі болған Сәрінжіпов те, одан кейінгі Сағадиев те біздіңжанайқайымызға назар аударып, елеп-ескеріп, пікірлеспек түгіл, халық атынан келіп тұрған хаттарымызға жауап қатпаған,шыны керек. Ал Аймағамбетов бұл тұста бірден басқа қырынан көріне білді. Олминистрлікке қатысты сыни пікір айта алатын, жанайқайын айтып жүрген белсенді ұстаздарменкездесу өткізіп, пікірімізді тыңдап, сөзімізге құлақ асуға ниет білдірді. Біздіңбилікке жеткізе алмай жүрген мәселелерімізді ашық тыңдады. Тыңдады да, соғанбайланысты әрекет ете бастады. Демек, «сең ақырындап қозғала бастады». Бұлбізді қуантып отыр», – дейді Айман Сағидолла. Айтуынша, жаңа министр қарапайымхалықпен ашық диалог құруымен, ашықтығымен, әлеуметтік желіде белсенділігіменерекшеленіп отыр.

«Аймағамбетовкелгелі білім саласында оң өзгерістер байқалады.  Мәселен, ең бірінші 26 маусым күні кездесугебарған «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейіржан Темірбек мырзабіраз мәселе  қозғаған еді. Яғни біздіңекі жыл бойы айтып келе жатқан мәселеміз – бес күндік оқу жүйесіне көшкенмектептерде мұғалімдердің сенбі күні де жұмысқа шығуы. Бұл мәселе оң шешімінтауып, қазіргі күні ұстаздар сенбідегі жұмыстан босатылды. Екіншіден, мұғалімдердіаттестациядан өткізу жүйесіне қатысты министр біздің пікірімізге құлақ асып,бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл да жақсы жаңалықтардың бірі.   Үшіншіден, жуырда елге таныстырылған«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы. Бұл заң жобасында бастапқыда бірқатаршикіліктер бар еді. Қыркүйек айында Мейіржан Темірбек заң жобасында мұғалімдердіңант қабылдауы туралы сөз бар екенін көріп, алғаш рет халық ортасына салды.Біз  ұстаздың ант қабылдауына қатысты қарсылықбілдіріп, бұл туралы Facebook желісінде де сыни жазбалар жарияладық. Ұстаздар қауымыбірігіп, білім министріне мәселені жеке жеткізіп, дәл осы тармақты алыптастауды сұрадық.  Министр осыған қатыстыбіздің пікірімізді аяқасты етпей, ұстаздардың белсенділігінің, қайта-қайтаайтып мәселе қозғап жүруінің арқасында осы бір ант деген дүниені заң жобасынаналып тастады. Міне, министрдің осындай әрекеттері көңілімізді көншітіп отыр.Дегенмен тым асыра мақтаудан аулақпын. Қажет болса, министрді сынаудан қорыққанемеспін. «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болғандықтан, ұстаздардыңқамын күйттеуді міндетім деп санаймын. Сондықтан жаңа министр туралы өзімніңшынайы пікірімді жеткізе алдым деп ойлаймын», – деді Айман Сағидолла.

Ұстаздар жайлы сөз қозғағанда,бүгінгі күні ел аузынан түспей жүрген, орта білім беру жүйесіндегі тағы бір проблемабас көтереді. Ол – электронды күнделік мәселесі. Бағалаудың ақпараттандырылғанжүйесі қазіргі таңда халық тарапынан сынға ұшырап, әлеуметтік желілерде оныңтиімсіздігі жөнінде талай айтылып та жүр. Осы орайда, Аймағамбетов министрретінде «Kundelik» ЖШС басшыларынан жағдайға қатысты қатаң түрде түсінік алуы қажетеді. Бұл мәселеде министрлік тарапынан қатал бақылау жүзеге асырылуы керекекені түсінікті. Себебі орта білім беру жүйесі мен оқушыларды бағалау – бүтіндейбілім саласының негізін қалайтын дүние.  

Бұдан екі жыл бұрынқоғамдық бірлестік ретінде тіркелген «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігініңтөрағасы, ұстаз Мейіржан Темірбек Асхат Аймағамбетовтің қызметіне қатысты бүйдейді: «Жаңа министрдің қызметі әзірге көңілімнен шығып отыр. Оның жаңашылдығы,ұстаздармен ашық пікірлесуі, проблемаларды шешуде бізбен санасуы сынды мәселелергекелгенде ұнап отыр. Енді оның министр болғанына көп бола қойған жоқ. Әлі бірдеңедеу ерте шығар. Дегенмен біз көтерген ұстаздардың сенбі күні жұмысқа шықпауы, ұстаздардыаттестациядан өткізудегі мәселелер, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасындағышикіліктер сынды проблемалар ақырындап шешімін табуда. Заң жобасының «Педагогтіңміндеттері мен жауапкершілігі» деп аталатын 15-бабы 7-тармағында: «Педагог қоғамныңәлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына жәрдемдесуге міндетті», – делінгенболатын. Осы тармақтың мұғалімдерді  баяғыүй аралау, «бақытты» адамның рөлін ойнау, іс-шараларда орын толтыру сияқты жұмыстарғасалуға мүмкіндік беретін бап екенін айтып, алып тастауын сұрап, abai.kz сайтынамақала жарияладық.  Әлеуметтік желідеминистрдің назарына жазба жаздық дегендей. Сондай-ақ министр кітап бизнесінетыйым салу арқылы бітпейтін қосымша дәптерлердің дәуіріне нүкте қойды. Одан бөлек,оқулықтар сапасына көңіл бөлініп жатыр».

Осы тұста «Педагогмәртебесі туралы» заңын Аймағамбетовқа дейінгі екі министр де парламентке өткізеалмағанын айта кеткен орынды. Басты себеп – оның қаржымен қамтамасызетілмегені. Ал жаңа министр президенттің қолдауымен аз уақыт ішінде 5,3 трлн теңгеқарастыруды шешті. Бір әттеген-айы – мұғалімдердің еңбек демалысына ертерек шығумәселесі шешілмей, сол күйінде қалып отыр. Бірақ алдағы уақытта бұл мәселені дешешеді деген сенімдеміз. Дегенмен министрдің ендігі қойған мақсаты – мұғалімдержалақысын арттыру. Төрт жыл ішінде жалақысын екі есе өсірем деген соң, ұстаздарда жас министрге жылы қарайтын болып жүр.

Бүгінгі күні Facebookжелісінде Аймағамбетовтің қызметіне қарсы шығып, оның отставкаға кетуін талапетіп жатқандар да аз емес. «Бұл министрдің атқарып отырған жұмыстары өзінетиімсіз болып отырған белгілі бір мүдделі топтардың ісі» дейді ұстаздар. «Ондайларбар. Бірақ біз Аймағамбетовқа уақыт беруіміз қажет. Жылдар бойы жиналып қалғанмәселелерді шешу бір жылдың еншісінде емес», – дейді ауыл ұстазы МейіржанТемірбек.

Жалпы алғанда, Аймағамбетовпен оның командасының жұмысына толық баға беруге әлі ерте. Иә, түйткілдер уақытыменшешімін тауып келе жатқан сияқты. Ұстаздардың талабы мен мүддесі де ескерілебастағандай. Десек те, Аймағамбетов бұдан кейін де елді толғандыратын жайттардышешіп беруге қауқары жете ме, әлде өзіне дейінгі уәдені үйіп-төгетін министрлерқатарын толықтыра ма? Мәселе осында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04