Аймақ емханаларында оттегі баллондары жетіспей жатыр

14.07.2020, 07:47

24

Қызылордадағы жеке клиникалар науқас қабылдауға дайын. Бұлжайында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегіэпидемиологиялық жағдайға қатысты онлайн-брифингте айтты. Аймақ басшысының айтуынша,індет жұқтырғандар саны артуына байланысты бірнеше жерден қосымша стационарашуға тура келген. «5 шілдеден бастап біздің өңірде де қатаң карантиндік режименгізілді. Осыған байланысты барлық емханалар мен ауруханалар күшейтілгентәртіпте жұмыс істеуге көшті. Бұрын өңірімізде инфекциялық стационарда – 515,провизорлық стационарда 1730 төсек болса, қазіргі таңда облыстықфизио-пульмонологиялық орталық базасында қосымша 120 орынға инфекциялық жәнеШалқия елді мекенінде 30 орындық провизорлық стационар ашу жұмыстары қолғаалынды. Бұл алдағы екі күннің ішінде жүзеге асады. Орын тапшылығыжоқ. Қажеттілік туындаған жағдайда жеке клиникаларды пайдалану туралыкелісімдер бар. Одан бөлек, аурухана типті, дәлізі бар жатақханалар бар.Әзірге үлкен спорт алаңдарын пайдаланбауға тырысамыз. Стационарға лайық ғимараттардың мүмкіндігін пайдалануға бар күшті жұмсаймыз», – деді ол.

Сонымен қатар енді Қызылордада оттегі өндіретін цехсалынатын болды. Жоба құны – 80 млн теңге.

Аймақ емханаларында оттегі баллондары жетіспейжатыр. Әкімдік бұл проблеманы шешу үшін облыстық көпбейінді аурухана жанынаноттегі өндіретін цех салмақшы.  Әкім Әбдіқалықова БАҚ өкілдерінің сауалынажауап бере отырып, осындай жоспарымен бөлісті. «Кеше мемлекеттік емханалардыаралау барысында бірқатар емхана басшылары негізгі проблеманың бірі ретінде оттегібаллондарының жетіспеушілігін атады.  Осыған орай, облыс ауруханаларыноттегі баллондарымен қамтамасыз ету үшін  өрт сөндіруші мекемелерменбірлесіп жұмыс істеу туралы тапсырма берілді.  Сондай-ақ облыстықкөпбейінді аурухана жанынан оттегін өндіретін цех салу жұмыстары қолғаалынып,  облыстық бюджеттен 80 млн теңге қаржы бөлінді», – деді әкім.

Жуырда Қызылорда әкімдігі өкпені жасанды желдетудің 63 аппаратынатапсырыс берді. Облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлер де COVID-19 індетіменкүресте қолдау көрсетіп жатқанын атады. «Облыстағы өкпені жасанды желдетудің76 аппаратының үстіне маусым айында  қосымша 20 портативті аппарат алынып,тағы 63-іне тапсырыс берілді. Осы аппараттарды алуға жергілікті кәсіпкерлерқолдау білдіруде. Вирусқа қарсы препараттар бар. Алайда дистрибьютерлертарапынан тапсырыста көрсетілген көлем толығымен жеткізілмей жатыр. Қазір халықкелген дәрінің бәрін жаппай сатып алуда. Мысалы, қалыпты жағдайда үш айғажететін дәріні тұрғындар бір аптаның ішінде талап алып кеткен. Бұл мәселебіздің аймағымызда ғана емес, бүкіл республика бойынша туындаған проблема. Яғниқажеттілікке қарай тапсырыс берілуде. «СК-Фармация» стационарларға қажеттідәрі-дәрмекті уақтылы жеткізіп тұр. Тұрғындар арасында дәріханалардадәрі-дәрмек бағасының ретсіз өсуіне байланысты шағым көп. Осы салаға тұрақтымониторинг жасау және бағаны қатаң бақылау туралы облыстық тауарлар менқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырма берілді. Жұмысатқарылуда», – деді әкім.

Карантин кезеңінде қала шенеуніктерінің қызметтіккөліктері де жедел жәрдемге жұмылдырылды. Оның жанар-жағармайын қалаәкімшілігі өз мойнына алған. Осылайша 30-ға жуық қызметтік көлік тәулік бойытұрғындардың шақыртуларына дәрігерлерді жеткізуде. Қызылордалық атқамінерлерге аудандағыәріптестері де өз көліктерін денсаулық сақтау мекемелерінің мұқтаждығына беругедайын екендерін айтып отыр. Дегенмен  аймақта әлі де болса маман тапшы.

Нұрәли САҒАТ

Қызылорда облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57