Аймақтарда халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелердің жұмысын жандандыру қажет – Амангелді Төлемісов

«Nur Otan» партиясы жақтастарының zoom-конференциясындаЖансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Гуманитариялықфакультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Төлемісов елімізде жүзеге асуы тиіс жобалар мен биліктарапынан берілген тапсырмалардың дер кезінде жүйелі орындалмай жататынсебептеріне тоқталды.
Амангелді Төлемісовтің айтуынша, халықпен тікелей жұмысістейтін мемлекеттік мекемелердің жұмысын жүйелеп, реттеу керек. Сол кезде ғанаәлеуметтік, экономикалық проблемалар өздігінен, рет-ретімен шешіледі. Қазіргіуақытта «билік пен атқарушы органдар қайтсе халықтың сенімінен шығады» дегенмәселені шешу жолдарын жан-жақты қарастырған абзал. «Nur Otan» партиясыхалықтың партиясына айналуы тиіс.
Қазір аймақтарда мемлекеттік сатып алуға байланыстыжемқорлық фактілері көп екені баршаға мәлім. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпенкүрес күшейсе де, аймақтарда әлі де осы проблема өзекті күйінде қалып отыр.Соның салдарынан жергілікті әкімқараларға халықтың сенімі азайды. Халықтыңтұрмысын жақсартатын жаңа бастама жүзеге асатыны айтылса да, сенбейді. Өзгерісболатынынан күмәнмен қарайды. Әкімнің жұмысын партия жіті бақылауы тиіс.Бейтарап бақылау, жіті қадағалау болған кезде қоғамдағы келеңсіздіктердібірлесіп жеңеміз. Сол кезде ғана қоғамдағы өзекті проблемалар дер уақытындашешіледі.
Амангелді Төлемісовтің ойынша, аймақтардағы халықпенетене жақын жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың қызметі бәсекеге қабілеттіболуы өте маңызды. Ол үшін жастарға мүмкіндік көп. Праймеризде қоғамда қатып қалғансеңді бұза алатын, тың идеяларымен елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жолбастайтын жастарға орын беруіміз керек. «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес,мінезден» деп Әлихан Бөкейхан текке айтқан жоқ. Жемқорлық жайлаған қоғамдаөсіп, оқыған жастар қазір де сол жүйенің нақ ортасында жүр. Күрмеуі қиынмәселені шешуге жемқорлық кедергісін келтіреді. Азат ойлы жастардың аяғынатұсау салады. Сондықтан азат ойлы жастарға праймеризде мүмкіндік берген дұрыс.Елдің ертеңі – жастарға сенім артамыз. Ал жасы келген тәжірибелі мамандаржастарға жол көрсетіп, келешек ұрпаққа жөн сілтеуі тиіс.