Айнұр Құмарханова. Дос

28.10.2019, 15:13

3

Мамыр айы шыққалы қала реңі де ажарланыпсала берді. Айна алдында таранған сұлудай көше бойымен тізіле өскен тал-қарағайларкөзіңді арбайды. Қолдарына сыпырғыларын алып, көше тазалығына кіріскенжұмысшылар қарасы да азайғандай. Қызыл-жасылды гүлден өрілген өрнектер, ішіңненадам мен табиғаттың өзара ұштасқан өнерін еріксіз мойындататындай.

Осында келгелібалконды ашық қалдыратын ғадеті бар. Дала жақтан шықылықтаған құстар дауысынестімек болған, амал жоқ адамдар шуылы мен көшедегі өтіп жатқан мазасызмашиналар оны бұдан қызғанғандай тағы естіртпеді....

Кеше ғанадостарымен тау бөктеріне барып қайтқан… Сондағы көңіл түкпіріндегі ауылғадеген сағынышы тағы бір қылаң беріп, іштей құлазып қалды… Рас көз тартқантабиғаттың ұлы суретшісі де бұның сол ойын танығандай кей бір жерлерді ауылдағыЕртіс маңындағыдай етіпті де қойыпты… Мысалы бір жерге шоғырлана өскентоғайлар. Секейіп тұрған ұзынды-қысқалы мына екі қарағай, әсіресе балакездерінде ауылда бәз біреулер үйлене қалғанда, орман шетіндегі «белгілеп»алған орындарына айнымай ұқсап тұр… Рас мындағыдай жақпар тастар онда жоқтыңқасы. Бірақ алақан арасынан сусып ағатын сары-қызыл майлы құмдары бар.

Сондағы әсерден бе,әйтеуір бүгін бұл төсектен бас көтеріп тұрғысы келмей, жата түскісі келді. «Жоқ»,– деді кенет іштей Зейін, мен үйдегілерге уәде бердім. Олардың үміттерінарқалап осында келдім. Көздеген мақсатыма жетпей қоймауым керек». Оның осы біройын телефон дауысы бөліп жіберді.

– Алло!

– Зейін, мен ғойАлмас! Бос болсаң астыға түсіп кетші, шұғыл бір шаруа бар — деді ол.

– Шұғыл болатындайол не сонша?! Маған өзіме шұғыл түрде вокзалға бару керек. Бүгін ауылданСарыбай ақсақал келеді. Үйдегілердің сол кісіден маған деп жібергендері баркөрінеді. Ол кісі қаланы да дұрыс білмейді, – деп сылтау айтып көрмекші еді,әлгі де тықақтап тұрып алды.

– Болшы енді,жақсылығыңды ұмытпайын бұл өмір мен өлім мәселесі. Зейіннің есіне ең алғаш Алмаспен қалайтанысқаны түсті.

Ол кездері осықалаға ең алғаш оқуға құжат тапсырмақ болып келген. Жыландай ирелеңдеген трассабойымен такси зырғып келеді. Іштей қобалжуы бар. «Универге қашан жетем?»деген оймен асығып келе жатты. Мақатаев көшесінің қиылысынан оңға қарай бұрылабергендері сол еді, алдарынан бір адамның қарасы көріне кетті. Біреу қуып кележатқандай екі қолы ербеңдеп такси тоқтатты. Таксист:

– Оу, жігітім, неөлім қуып жүр ме, байқамай қағып кетсем не болар еді?

– Ой, брат, өлсекқалармыз, жанып бара жатқан ештеңе жоқ қой, – деді ыржалақтап, күннің ыстығынанбетін айғыздаған терін жеңімен сүртіп.

Түріне қарасаң,киім киісі барлығы дұрыс сияқты, өз бетімен лағып сөйлегені несі мынаделіқұлының деп ойлаған ішінен.

Кенет бұл оның екіқолын қоярға бір жер таба алмағандай, өз-өзінен дегбірі қашып отырғандығынбайқады. Бұның өзін көз қиығымен бағып келе жатқандығын аңғарды ма, құлағынсаусағымен шертіп қалып:

– Шылым бар ма? –  деді.

– Жоқ, шылымшекпеймін...

– Е, е спортсменмінде, – деді кекеткендей сосын соңынша, –  жақсы, жақсы темекі денсаулыққа зиян, шегіпқайтесің, –  деп шегелеп қойды.

Сол күні бұл түскенУнивер маңынан бірге түсіп қалған болатын. Еріксіз жетінші қабаттан лифт ұстап,төменге түсті. Алмас жалғыз емес екен. Қасында беті-аузын мықтылап сылақтағанбір сылқым бар. Қолында темекісі, аяғына киген біз өкше туфлиін қиралаңдатыпбұның қасына жетіп келді. Басынан аяғына дейін тіміскілене қарап, бұныайналсоқтай бастады. Аузынан арақ исі мүңкіп тұр. Зейін одан жиіркеніптұрғандығын анық көрсетпекке, кейінге қарай бір-екі адым кері шегініп кетті.Сосын:

– Осындайлардықайдан тауып жүресің?

– Мен оны тапқамжоқ, ол маған Сейфуллин бойынан мінгесе келген ғой, бұл красавицаның атын дабілмеймін, – деді ол өзінше қалжындаған болды.

– Қойшы, өлім менөмірің осы болса, бар бол онда, – деп кетпекші еді.

– Ой, ой қойсаңқой, не болды соншама, аспан айналып жерге түспеген болар, қыз көрмегенсің беәлде? Бізді менсінбей тұрсың ба? Не қыз сыйлай алмайды, бұндайлар анасынсыйлаушы ма еді, –  деп, әлгі сылқымбірдеңелерді айтып енді бұнымен байланыса бастады. Мына сөздер Зейіннің шыныменжынына тиейін деді. Ашуы басына бірақ шықты.

– Алмас, кетаманыңда, мына былжырағың менің анамды сасық аузына алып, былғамай ақ қойсын,өйтпесең өзім үшін жауап бере алмаймын!...

Алмас та бұның бірқисайса молынан көнбейтін мінезін жақсы білетін. Алдына кесе-көлденең тұрақалды;

– Кешір, брат ендіболмайды, қайталанбайды, уәде. Саған келген мәселем шынымен де өлім мен өмірмәселесі болып тұр. Әкем түнде инсульт алып, ауруханаға түсіпті. Операцияғаақша керек болып тұр. Білемін сен маған ондай қаражат тауып бере алмассың,сонда да жақсылығыңды ұмытпайын, тым болмағанда дәріге ақша тауып берші! 

 

***

Көшенің шамдары ақсамаладай жарқырайды. Зейіннің ой түбіне еніп, терезе алдында қақшиып тұрғанынада бір шама уақыт өтті. Байқаған адам бұны алдындағы терезелердегі өтіп жатқантіршіліктерді қызықтап тұр деп ойлар. Ауылдан келген қытайлық сумка дабуып-түйілген күйі босаға жақта қалған. Бүгін студенттердің көбісі ауылдарынақайтқан. Дағарадай бөлмеде бұл жалғыз. Әрине бұның да ауылға барғысы келеді.Пойызбен 1-2 күншілік жол одан әрі ауылына сатылап жету керек.

Жоқ, бұның басынқатырып тұрғаны бұл емес, мүлдем басқа жағдай. Басқа?!

Бүгін таң атпайжатып бұған Алмастың әкесі телефон соқты. Иә, иә кеше ғана инсульт алғанАлмастың әкесі. Бұны кездесуге орталық паркке шақырды. Барды. Парк ішітап-таза, әрлі-берлі қолтықтасып жүрген бір бейтаныс адамдар. Әр қаланың өзсәніне айналған ақ-көк көгершіндер бұл жерде де қонақ болыпты. Әр жергеқойылған орындықтар. Бос тұрған біріне келіп бұл да жайғасты. Бірулербалмұздақ, попкорм, шекілдеуіктерін қолдарына алып, әңгіме дүкен құрып барады.Әлгі бір жігіт ыстықтан мазасы кетіп, шөлдеген болар қолындағы кока-коланыбөтелкеден ішіп барады.

Кенет, анау біржерден аяғына асыға басып, орта бойлы, толық денелі, үрлеп қойған шар сяқтыдомалаңдаған әлде бір адам бері қарай бұрылып келе жатты. Өмірінде көрмесе де,неде болса «Алмастың әкесі болар» деп топшылады бұл іштей.

– Ассалаумағалейкум!

– Уағалейкумассалам!

Әлгі кісі қасынакеліп жайғасты. Біразға дейін жан-жағына қарап үнсіз отырды. Әңгімені неденбастарын білмей қиналды ма, әлде сөздің тоқ етерін айта алмай іштей әурегетүсті ме ол жағын кім білсін. 

– Ух, – депауыр күрсінді.

Осы сәт Зейінгекөлеңкенің өзі тарлық етіп, айналасының барлығы дөңгеленіп бір кішкене қуысқакеліп бүкіл әлем еніп кеткендей болды да кетті.

– Иә, шырағым жаскезінде адам ештеңеге мән беріп, ештеңеге бас қатырмайды екен ғой. Мен білдейбір мекемеде отырып, кезінде ауылда әкімдік қызметте болған адаммын. Құдды ол кісі осы жерге ішіне сыймай баражатқан әңгімесін айтуға келген дей, тоқтамастан сөйлеп кетті. – Келіншегіммектепте әдебиет пәнінен дәріс берді. Екеуміз де қолымыз босаса-ақ, дос-жарандеп ел аралап жүре беретінбіз. Той дегенде қу бас домалайдының кері ғой бұл.Ата-анамыз да бетімізден қақпады, жассыңдар жүре беріңдер деп, еркімізгежіберетін. Өстіп жүргенде дүниеге тұңғышымыз Алмас келді. Ата салтымен олбаланы әке-шешеме аманат еттік. Өзіміз қалаға көшіп кеттік. Кейде ойлаймын осыбаланың өзін дәстүр бойынша ата-ана бауырынан ажыратып, ата-апасына бергендедұрыс емес сияқты. Бала да біріншіден өз ата-анасына жат, тасбауырлау болыпкетеді, өзіңде оған пәлендей ешнәрсе айта алмайсың. Әке-шешем де бар жоғын қамкөңіл болып өспесін деп, сол баланың алдына қойып өсірді. Өзім осында келіп,жеке кәсібімді аштым. Бизнеспен айналысуды мақсат еттім де шағын ұн шығаратынкәсіпорынды жалға алып, кейін дөңгелетіп әкеттік. Шіркін, біздің қала дегенбизнестің көзі ғой. Қазіргі заман да бизнеспен айналысамын дегенге молмүмкіншілік беріп тұр.

Осы жерге келген дежер шұқылап сәл отырды. Өз кәсібін дөңгелетіп әкеткен адамға ұқсамайтындай-ақ,еңсесін басқан өзге бір дерті бар адам тәрізді. Сол дерттен жаны арып,қажып-шаршап жүргендей көрінеді.

Осы сәтте Зейінойына ауылдағы әкесін алды. «Қайран әке, сен не қыл деп жүр екенсің? Отынжарып, су тасып, малдың қиын тазалаумен өмірлерің өтті ғой сендердің де! Әттең, қолқысқа. Менде де мүмкіншілік болса ғой, сендерді осында көшіріп әкеп ап, төрдіңтөбесіне отырғызып бағар едім» деп іштей қынжылды, ойын Алмастың әкесі бөліпжіберді:

– Қала шетіненАлатау жаққа қараған терезелері бар екі қабатты коттежд салдырттым. ҚазірАлмастан өзге екі балам бар. Күндер де зымыраған көзге көрінбейтін бір алдамшыекен ғой, әке-шешем өмірден озды. Алмасты қалаға алып келдім. Бала анасы екеуміздікөпке дейін қабылдай алмай жүрді. Ол үнемі маған менен бірдеңе сұраса да батаалмайтындай көрінетін де тұратын. Бір күні:

– Балам, оқуға түс,елдің балалары ұқсап бір мамандық иесі бол! Әне бауырың маған анда-санда болсынкөмектесіп тұрады. Қарындасың актриса боламын деп жүр. Мүмкін көңіл түкпіріндесенің де бір мақсатың бар шығар деп едім.

– Жоқ, аға ештеңеде керек емес, әзірге қаланың мәдениетін бойыма сіңірейін, өзімді өмірден қалыпқойғандай сезінгім келмейді. Жүре тұрсам ба дегем.. 

Іштей жарайды депбұнысымен де келістім. Жүрсе жүре берсін бір күндері оқуға да түсер, адамболар, азамат болар баланы бекер қыстамайын деп ойладым.

Кенет тынысытарылғандай, мойын түймесін ағытып қойды. Ағаның әңгімесін үнсіз тыңдап отырғанЗейіннің мұрнына алма ағашының исі келді. Аңғарғандай болды, жағалай жұпараңқып тұрған жас ағаштар. Көпттен іздеп жүрген құстардың тобыры осында екен-ау,сайрап тұр. Сайрай береді де, адамның дүрсілдей соққан жүрегі тоқтағанша, олосы әсем күйден арылмақ емес...

– Әнеу кісілердікөріп отырсың ба?

– Кімдерді айтасыз?

Сұраққа сұрақпенжауап бергеніне өзі де сасып қалды. Аға нұсқаған жаққа жалт қараса, өзеріненекі-үш орындықтан әрі екі қарт адам отыр екен.

Әжейдің қолында –гүл. Атайға қарай басын иығына қойып үнсіз отыр. Мырс ете түсті. Бұның бұлқылығын онша жаратпады ма, ағай қабағын түйіп, басын шайқады.

– Ей, жастар-ай, сендейшағымда мен де дәл сендей көзқараста болғам. Ауылдағы ата-әжелеріңнен бұндайдыбайқамаған боларсың! Содан ерсі болып тұр саған. Қалада бәрі басқаша. Жаскелген сайын адам басқаша ойланады. Адамға қамқорлық керек. Жаның жаны шитынбір адамды қалайды. Бұл кісілердің бір-бірінен басқа ешкімдері жоқ. Оларбір-біріне сүйеу бола алатын жандар. Олар жақынның, жардың, туыстың, достыңқадірін бір-бірінен ғана сезіне алған пенделер. Сол себепті ненің болсынжағдайын анықтап алмай сөгіп керегі жоқ.

Зейін тағы дасасты. Шынымен тұнып тұрған дария. Мына кісі расымен Алмастың әкесі ме? Әлгіұшарын жел, қонарын сай білетін Алмастың?

– Әй, балам, сеніңде ананы бір, мынаны бір айтып басыңды қатырдым ғой. Бағаналы бері сұрайындегенім Алмасты көрдің бе? Үйдің бетін көрмегелі бір жұма болды. Әнеу күніВитямен ұн тиеп, Ақтөбеге жібергем. Витяның телефоны көтермейді. Өзінен хабаржоқ. Бірдеңеге ұшырап қалған жоқ па? – деп алаңдап отырмыз...

– Иә, көрдім,аузынан қалай шыққанын да аңғармай қалды. Ана кісі де бетіне жалт қарап:

– Қайдан? қашан?,дегенде «Бекер айттым, несіне аузымнан шықты» деген өкініш санасынтүйреп өтті. Қазір Алмасты кеше ана көргендігі туралы айтса, бітті ол ондабарлығын толық баяндауы керек. Жоқ бірді-бірге айдақ салғандай болмай, оннан даүнсіз қалайын деп ойлады бұл іштей.

– Жоқ, аға,көргендеее,әлгі, кеше базар жақтан келе жатып Алмасқа ұқсайтын біреуді көргендей болдымда, сол екен дегем ғой, сіз айтпақшы мен де оны көп болды көрмедім, – деп қоясалды.

 

***

Баласынаалаңдаған әке, көз алдынан түймедей болып, бір нүктеге айналып кеткеншеқарап тұрды. Қайран ата-ана перзентінің дүниеге келген күнінен бастап, өздерімына дүниеден өткенше солар үшін алаңадап өтеді екен ғой – деп ойлады бұл солмезетте денесі сәл тоңазығандай болды. Екі аяғының жансызданып қалғандығын жаңасезді. Негізі бұл қаланың түні жылы еді ғой, әлде санасы арпалысқан ойдыңызғары ма денесін қалтыратқан. Қызық екен. Құлағының түбіне кеп ызыңдаған маса,оң жағынан келіп бетіне инесін қадап алғанда барып селк ете түсті. Масаныңәкесін тантып бір соқты да, терезені жапты.

Өстіп сан сұрақтыңбір жауабын таба алмай аласұрып жүргенде, стол басына отырғаны есінде, ұйықтапкетіпті. Түс көрді. Таң екен, анасы басына жапқан аппақ жаулығы желбіреп, қоражақтан қолында шелегі үйге қарай беттеп келе жатыр. Бауырлары Асан мен Есенесік алдында доп ойнап жүр. Бұлар бүгін несіне жетісіп ерте тұрған, мен ғанаұйықтап қаппын ғой деп ойлады екен де, төсегіне қайта жатып ұйықтамақ болады.Әкесінің қолындағы қамшысының сабымен бұны аяғынан түртіп: «Әйтеуір осы сеніңұйқың бір қанбасын, сен адам болсаң мұрнымды кесіп берейін, тұр, тұр енді» дептүрткілей бастағанынан оянды. Тізесінен түрткен қамшыныңы сабы шынымен өтіпкеткен сияқты, орны ауырып тұр. Сөйтсе, шынымен стол басында отырған күйіұйықтап қалғаннан болар екі тізесі сіресіп қалыпты. Орнынан тұрыпкеріліп, созылып аяқ-қолын бір икемге келтіріп алды. Төсек қасындағы сағатқакөзі түсті. Сағат 10 болған екен.

– Ойбуу, бүгінсабақтан да қалып қойыппын ғой, –  дедіөзіне өзі дауыстап.

Есікті біреутоқылдата жөнелді. Біреу қуып келе жатқандай, тарсылдатып қояр емес. Есікті ашса,арғы жақта солярка тұр. Соляркасы-Сәния деген курстас қызы. Оны барлығыөсекшілігі үшін осылай атайтын. Жүрген жерін күйдіріп, жандырып жүреді. Хабарагенттгі білмейтін жаңалықты, бұл күні бұрын біліп тұратын. Баяғысынша есіктенқаға-маға ентелей ішке кірді:

– Немене біздікілерауылдан қайтпаған ба? Естідің бе, қаланың ең ірі «Алтын дән» деп аталатынкәсіпорынның бас директоры миына қан құйылып, больницаға түсіпті.

Алды артына қарамайбытты-шытты бірдеңені айта жөнелгені Зейінге ұнамады. Бірақ «Алтын дәннің»директоры дегенде еріксіз елең ете түсті.

– Кім дедің, неболыпты?

– Өй, әлгі сеніңдосың Алмас бар ғой, соның әкесінің тиелген ұнмен бірге 3-4 кг апиыны бар жүккөлігі ұсталыпты. Бұндай жауапкершіліктен қашса, бар ғой, бизнесмендер нешетүрлі айла тауып алатыны бар, өтірік ауырып ауруханаға түскен деп жатыр.

– Сен өз топшылауыңдықоя тұршы, Алмас қайда, Алмас?

Дауысы қаттышыққаннан, Сәния даа біраз абдырап қалды.

– Ол, ол ма, олтүрмеге түсіпті. Қаланың сыртынан ұстаған көрінеді. Ол да наркотик сатады деп,біреулер көрсеткен сияқты...

Зейіннің басынансуық су құйып жібергендей болды. Мүмкін емес, не болып кетті өзі? Апыл-ғұпыл жиналабастады. Сәнияның одан әрі не айтқанына да мән берместен есігін кілттеп,аялдамаға қарай тұра жүгірді. Үміт пен күдік арпалысқан санасының дегенінетоқтай алар емес. Ол асығып келеді.Аялдама да жеткізетін емес. Неге? Не үшін? Неліктен? Айналасы толып кеткенсансыз сұрақ.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04