Айтақын ӘБДІҚАЛ. Қилы тағдыр

20.10.2018, 20:50

7

ҚИЛЫ ТАҒДЫРәңгіме[caption id=«attachment_19427» align=«alignnone» width=«300»]Автор А.ӘБДІҚАЛ[/caption]      Айқынның балғын балалық шағы Алматыдан шалғай, таулы өлкедегі ауылда өткен. Бұлар ағайынды үшеу еді. Өзінен он жас үлкен ағасы бар. Ерке өскен. Әкесі айтып отыратын: - Балаларым жастай шетіней берген соң, осыны  еркімен жіберіппін. Аман жүрсе болды деп бетінен қақпағам ғой, — деп… Одан үш жас кіші қарыныдасын туысқандары мен көршілері «орыс қыз» дейтін. Айтса айтқындай-ақ. Көзі – көк. Өзі – сары. Мінезі де тік. Тіпті ауылдың баласынан гөрі қалалықтарға  көбірек ұқсайды.     Ең кенжелері — Айқын әкесіне тартқан аңқылдақ. Кекшіл емес. Көпшіл. Адамға жақын. Көрші балалармен асық ойнап, жармақ теуіп жүргенде әлдеқандай ерегіс туа қалса, шатақтасқандардың арасына түсіп, шыр-пыр болып жүргені мұның. Кілең қазақ ағайындар тұратын шалғайдағы сол ауылда Кольчин деген жалғыз орыстың отбасы бар. Ірі денелі баласы Антон сегіз жылдық мектептің қазақ сыныбында Айқынмен бірге оқиды. Бір күні әлгілердің үйіне Алматы қаласынан сорайған ер бала мен арықтау, көзі көк әдемі сары қыз келген. Соны естіген ағасы мұның әкпесіне:   — Кольчиннің үйіне сенің қаладағы «сіңілің» келіпті. Естідің бе? — деп қалжыңын бастағанда әкпесі бұртия қалған:   — Сонда менің әкем орыс па? Алматыда тұра ма екен?.. Бұл сенің қай сөзің? — деп бұлқан-талқан болған. Сонда ағасы қарындасының ашуын басу үшін әңгіменің ауанын басқа жаққа бұрып, өршігелі тұрған «отты» әрең басқан. Ауылда өскен қазақ баласы Айқынның қалада өскен сүйкімді орыс қызын  бірінші көруі. Сол сәтте ол әлі аяғы тиіп, көзі көрмеген Алматының сұлу көшелері мен елден естіген жұпар иісті саябақтарын, театрлары мен стадионын қиялында көріп, қызықтағандай болып еді...                                                 ***     ***   *** … Содан бері де талай жылдар өтті. Қаһарлы қыс пен көгілдір көктем, сары-ала жапырақты жайраған күз де сан мәрте алмасты… Бұл – КПСС Орталық Комитетнің сол кездегі Бас хатшысы Никита Хрущевтың мінбеде сөйлеп тұрғанның өзінде қызып алып, қызара бөртіп, қолын оңды-солды сермеп: — Біз барлық елді, оның ішінде АҚШ-ты да таяу жылдарда басып озамыз!.. Жүгері пайдалы дақыл!.. Оны көптеп егіңдер! Мал да жесін! Біз де жейік! — деп ұрандататын кезі. Бұл сонау алпысыншы жылдардың басы болатын… Ауыл баласы Айқынның ендігі арманы – орта мектепті бітірген соң Алматы барып, бағын сынап, жоғарғы оқу орнына түсуге қаракеттену еді. Тура сол жылы бұрын басқа ауданға қосылып кеткен аудан қайтадан бөлініп, аудандық газет жарық көре бастаған. Ол кезде журфакті бітірген жоғары білімді мамандар олжақта өте тапшы еді. Сондықтан он бірінші сыныпты бітіргелі жатқанда Айқын мен оның сыныптас досы – Атқожаны редактор Нұрәлі аға кіші әдеби қызметкер ретінде жұмысқа қабылдаған...    Арада бір жыл өткеннен кейін бұл тілші боп жұмыс істей жүріп, КазГУ-дің журналистика факультетіне сырттай болса да оқуға түскісі келетінін редакцияда бірге жұмыс істейтін ақын ағасы Беркінге айтқан: — Емтиханда тарихтан да, шығарма жазудан да, изложениеден де өзіме  сенем, аға. Біз шет тілінен бесінші сыныпқа дейін ғана оқыдық қой. Әрі қарай мұғалім болмады. Осы пән қиын болып тұрғаны. Жасырып қайтем, осы пәннен білімім таяз.   Темекісін сораптай тұрып, мұны мұқият тыңдаған ақын ағасы: — Бала! Алматыда бұрын осы газетте қызмет істеген белгілі ақын ағаң Бақытғали тұрады. Өлеңдерін жатқа оқып жүрсің ғой. Шет тілдер институтында оқып, тауыспай кеткен. Мен сәлемхат жазып берем. Жәрдемі тиіп қалар, — деп аққағаздың жартысын жыртып алып: «Бәке! Мына бала менің ешкімім де емес. Өзінен және жазғандарынан үміт күтем. Шет тілінен  жәрдеміңіз керек.../сәлеммен: Беркін ініңіз.7.07.1966 жыл»/, — деген  тілдей хатты қолыма ұстатты да, — Қаладағы Интернациональная 129 үйдің  20-сыншы пәтерін тауып ал. Осыны қолына ұстат. Айтпақшы, сен бұрын қалада болып па едің? — деп сұраған.    Ол кезде Алматыда қазіргідей қара нөпір машиналар жоқ. «ГАЗ-21» дейтін кеуде жағы биік сұлу «Волга» таксилер… Әр бағытқа жолаушылар таситын аквтобустар… Ел «Каробка» атап кеткен түрі жиі ұшырасатын. Жүргізушілердің бәрі дерлік «ұлы халық» атанған орыстар. Қазақ таксист, немесе автобус айдайтын қазақ көрсең, жылып көріскің келеді. Адасқан  көшеңді, барар  жеріңді сұрап аласың. Көккөз шопырлардан орысша сұрауға шама жоқ. Таксишілер бір сом берсең, қаланың ана шетімен мына шетіне жүгіңмен қоса жеткізеді. Шаһарды жақсы білмейтін ауыл қазақтары қалтасы көтерсе, көбіне такси алады. Көшелер де оңашалау. Кешке қарай самал соқса, Медеу жақтан апорт алмасының жұпар иісі аңқиды-ай кеп!.. Әсіресе, «Горный Гигант» жақтан. Сол маңда Айқын тұратын ауылдың «Дом колхоз»  атанып кеткен төрт бөлмелі қонақ үйі бар. Бұл жерге Қайнар ауылынан келіп құрылыс материалдарын, машина тракторлар мен комбайндарға қажетті темір бөлшектерін, басқа да тауарларды алып қайтатын жүк машиналарының шопырлары келіп-кетіп жатады. Бос орын болса, ауылдан қалаға келгендер де түнеп шығатын. Расы, ол жылдарда қазақтардың саны да, жауапты қызметтегілердің қатары да тым аз болатын. Адасып көше сұрасаң да, трамвай мен автобусқа мінсең де, дүкенге немесе кино театрға кірсең де көбі – көккөздер. Сұрақ та орысша. Жауап та орысша. Әсіресе, жаз айларында пора-порасы шығып терлеп, балаларын оқуға әкелген ауыл қазақтарының талайы ұры-қарының қақпанына түсіп қалғанын да Айқын талай мәрте естіген. Тіпті олардың адасып жүргенін де көргені бар. Сол үшін ауылдан келген бетте бірден такси ұстап, редакциядағы ағасы берген сәлемхатты ол айтқан кісіге жеткізуге бет алып еді. Орыс шопыр әлгі көше мен үйді бірден тапты. Айқын қоңырауды басқаны сол еді, есікті қабағы салқындау, жасы қырықтың ар жақ, бер жағындағы әйел адам ашты да: — Әй, Бақытғали! Сені ауылдан келген бір бала  шақырып тұр, — деді.Ар жақтан кең жауырынды, ұзын шашы артқа қайырылған қыран тұмсық, алып денелі ақын келе жатты. Газет-журналдардан өлеңдерін оқып, суретін көріп жүргенімен Айқынның ақынмен бетпе-бет келуі бірінші рет.   Ауылдағы ақын ағасының қайрап айтқан ақылы бойынша ол жігерлі сөйлеп, батыл амандасқан соң сәлем хатты оның қолына ұстатқан. — Әй, сен?.. Сонда?.. Мына түріңмен Беркінмен бірге… Әйгілі Нұрәлі ағамның қарауында бір жыл тілші боп қызмет істедің бе-ей?.. Жарайсың, бала! Мен де істегем сол газетте… Қайран  асыл ағам-ай!.. — деп, өзі бастап Айқынды үйге кіргізген.Айқынның даңқты ақынмен Алматы шаһарындағы алғашқы жүздесуі осылай басталған-ды… КазГУ-дің журфагіне сырттай оқуға түскен соң жылда 40 күн сессияға келетін Айқынның қасындағы жігіттің аты — Алдаш. Бұдан екі-үш жас кіші. Екеуі бір ауылдан. Орнықты бала. Киіміне шаң жұқтырмай, мұнтаздай боп жүреді. Амал не, орысшасы тым нашар. Айқын оған қарағанда көш ілгері секілді. Дюса деген орыс кемпірдің «Горный Гиганттағы» жер үйінің бір бөлмесін жалдап тұратын екеуінің жағдайы жаман емес. Опертеатр маңындағы «Кооператив» деген гастрономда үйтілген қойдың басы сол кезде 24-ақ тиын. Соның құйқасы қалыңдауын сатып әкеп, жағын айырып, бір-екі кесім ет қосып сорпа жасағанда дәмі тіл үйірер еді. Әлгіні әкелетін де, бабына келтіріп пісіріп, дәмдеуішін қосып қамырын салатын да Алдаш.  Айқын сабаққа дайындалып отырғанда ол: — Мен бас әкелуге кеттім, — деп шығып кеткен.Бұрын көп бөгелмей оралатын ол бұл жолы әжептеуір кешікті. Айқынның ойына күдікті бір ойлар келіп, мазасы кете бастаған: «… Жолдан орыс балалар ұстап ап ақшасын тартып алды ма?..» деген ой да сумаң ете қалған.Жаз айы емес пе, Дюса апаның тар бөлмесі түске қарай ал кеп ысыйды-ай кеп. Бүгін де сөйтті. Сәл де болса бой жазып, ауа жұтпақ болған Айқын аулаға шыға бергенде Алдаштың төбесі көрінген. Тор сетканың ішінде құйқасы шодырайған үйтілген қойдың басы мен төрт сирағы. Досы ішін басып, сылқылдап ал кеп күлсін-ай. Мінезі ауырлау мұның дәл осылай көзінен жасы парлап, ішегі түйілердей күлгенін бірінші көруі Айқынның. — Әй! Жын соқты ма сені?.. Не болды сонша күліп? Айтсаңшы былай? — депне қосыла күлерін, не досын боқтарын білмей бұл тұр... — Уһ, жаным-ай… Айтам қазір, — деп алады да, қайтадан күледі бұл шиқылдап. Аяғындағы Быткомбинатта тігілген тастабан, онсыз да биік өкшесіне қалың темір нәл қағылған туфлиін көрсетіп: — Бәрі осының қырысығынан болды! — деп кеңк-кеңк күледі иығы  селкілдеп. — Автобуста келе жатқам. Мен де, аяғына ноқталы жұқа ғана басоношка киген орыс келіншек те түрегеп тұрғанбыз. Автобус оқыс тоқтап барып, қайта қозғалғанда мына құрғар темір нәлді өкшеммен әлгі әдемі орыс қатынның аяғын екі мәрте жаншып өтіппін. Құлындаған даусы шықты байғұстың. «Сволыш! Колхоз! Мамбет!» — деп жылап жүр. Менің колхоздан екенімді бұ қалай білген-ей?.. Содан автобустың іші у-да-шу… Сонда мен орысша кешірім сұраудың орнына, аузыма сөз түспей: «Татешка! Спасиба! Ты мала-а-а-дес!» деппін ғой. Әй, әкеңнің! Осы орысшадан көргенім бар ғой, — күліп тұрып көзіне жас келген...***  ***   ***...Қилы-қилы тағдыр кешкен ауыл Қазақтарының қалаға алғаш келгенде  басынан кешкен қызықтары мен қиындықтары аз емес шығар ә?.. Айқынның ауылдас құрдасы Бекіш деген бар еді. Сегізінші сыныпты әзер тауысып, механизаторлар дайындайтын училищені бітірген соң колхоздың бір ескі тракторына ие боп еді. Онысының жүргенінен тұрғаны көп. Содан шығар, айлық табысы да мардымсыз. Балалы-шағалы мұның әйтеуір екі сиыры мен бес-он қойы талғауыш болып тұратын. Әйтеуір еті мен сүті бар дегендей... … Кеңес өкіметі тарап, жедел жекешелендіру деген пәле басталғанда ауылдардың да, Бекішпен тағдырлас адамдардың да өмір мәні жүдеу тарта бастаған. Малы барлардың өзі азық-түлік пен киім-кешек, тіпті арақ-шарап  үшін малдарын арзан бағаға сатып, қорларының түбі көрініп-ақ қалып еді. Рас, бұған дейін қолында басшылық қызметі мен мөрі барларға «бұл кезең әйбәт-ақ» болды. Балалары бизнисін бастап, өздері пайға тиген малға, мініп жүрген қызмет мәшинесіне, кеңсе болған үйлер мен орманды, сулы жерлерге де ие болып шыға келді. Ал не жұмысы, не малы жоқтар тіршілк қамымен қала жағалап кетіп еді. Бірі базарларда, келелсілері вокзалдарда арба сүйреп күн кешті. Айқынның досы да сөйткен. Қол арбаны жалға алып, базарға тауар әкелушілер мен осы жерден керегін алатын елдің жүгін тасып, жап-жақсы ақша  құрай бастаған. Ащы-тұщыдан аулақ жүретін естілеулері тапқан ақшасын ауылдағы бала-шағасы мен ақжаулықтысына кейде өздері апарып беріп, тағы бірде қатысқан таныстардан қажет заттарымен қосып, жіберіп тұрған. Айқынның Бекіш досы да алғаш сөйтіп еді. Араға Көкбазардағы ана бір жалмаңдаған сары қатын кірмегенде көші түзеліп-ақ кетер ме еді?..… Бұл базар ішіндегі асханаға түскі тамақ ішуге келгенде осында бұрын отырған екі келіншектің қасындағы бос орынға жайғасқан. Әлгінің біреуі  қолындағы темекіні күл салғышқа тастап, бұған сығырая қараған: - Осы сен,… өткенде менің тауарларымды сөреге жеткізбеп пе ең?.. Солай ғой?.. Иә, дәл сол жігітсің… Көзімнің құртын қозғап кетіп ең. Міне, енді өзің кеп қолға түстің, — деп «падругасының» санынан ұрық қойып, көзін қысып, сылқ-сылқ күлді де, қол сөмкесінен бөтелкенің мойнын ғана шығарып, кішкене шәшкелерге құя бастады: — Қысылма! Бұл жолы бізден. Таныстық үшін ап қоялық! — деп қылқ еткізді екеуі де. Намыс қысты ма, әлде мыналарға «жігіттігін» көрсетейін деді ме, Бекеш те тартып жіберіп, жұдырығын иіскеді. Сосын темекісін тұтатты. Әңгіме қызып, әзілдің оты қыза бастағанда: — Кешкі жоспарың қалай? Досың болса ерте кел мына ашылмаған қызға. Біз осы маңда квартирадамыз, — деп телефонын қалдырды Бекішпен иықтасып отырған сөзшең сары келіншек.     Базар асханасында оқыс басталған осы таныстық табиғатынан момын Бекішті алғашқы айларда «балдай тәтті өмірге» бөлегенімен, келе-келе әлгі базаршы сайқалдың «жылымға тартқан торына» оңдырмай түсіріген еді. Күнде кешкілік бар тапқанын ішімдікке жұмсап, жабайы көңіл көтерудің ақыры қатын талас — төбелеске ұласып, оның соңы абақты болады деп ойлаған емес бұл… Кезекті бір ішіс кезінде масаң отырған ол өзін «қармаққа» түсірген сары  қатынды қызғанам деп рүмкелес жігітке пышақ сілтеп қалған. Өлмепті әйтеуір. Бұл бәрібір қамалды. Жанашыр туыстары тергеушінің аузын жабу үшін малын сатып, картобын тасып, соғымын беріп шашылды-әй кеп! Бәрі базар жағалаған әлгі айлакер қатынның қырсығы. Түрмеде жатқанда Бекештің өзегін от жалап, жанбағыс үшін ауылдан қалаға келіп, жылпостар мен пайда қуған қулардың қақпанына түскен, қилы тағдырды бастан кешкен қаншама ауылдықтар бар екен? «Неміз бар еді алдампаздары мен алыпсатарлары қаптаған осы тас қалада?!.. Малымызды бағып, бақшамызды күтіп, картобымызды өсіріп, күнкөруге болатын еді ғой!» деп ойлады.    Талай алтындай жігіттердің базарлар мен вокзалдарда арба сүйреуден, жалданып қара жұмыс істеп, адал еңбегінің ақшасын қалталылардан ала алмаудан жалығып, болымсыз нәрсе үшін полицияның таяғын жеп, ақыры ішімдікке үйір боп, тозып кеткенін, ауылда қалған отбасынан да айырылғанын мұның көзі көрген. Өзі де сөйте жаздаған...                          ***    ***     *** … Бекіш ауылға оралып, шағын жеке шаруашылық ашып, санаулы болса да мал өсіре бастаған. Кейде қыр басында мал қайырып жүргенде басынан кешкен жайларды ой елегінен өткізеді. «Қарап отырсаң, біздің қаладағы Қазақ пен даладағы Қазақ та қилы-қилы тағдырды бастан кешкен ғой. Бірі — бай. Бірі — кедей. Бірі — қу. Бірі — момын… Өмір қызық. Қаладағы саудагер Қазақтар сауда жасайтын орынға таласса, ауыл Қазағы кейде жайылымға, енді бірде шабындық жерге, қорығын суғаратын арықтағы суға таласып қалады. Өмір ғой...Фото: blog.sivanaspirit.com
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04