Әйтенов уәдесінде тұрмайтын әкім бе?

03.03.2020, 18:45

20

Әйтенов уәдесіндетұрмайтын әкім бе?

 Шымкент қалалықбілім басқармасы басшыға жарымай тұр. 130-дан астам мектебі, 18 мыңға жақынпедагогы бар мегаполистің бас мұғалімсіз тұрғанына, міне, бір жыл өтіпті.  Білдей бір басқарманың басшысын бір жыл бойытағайындай алмаған әкімдердің  (Әбдірахымов,Айтаханов, Әйтенов)  әрекеті қалай айтсаңызда, ақылға сыймайды.

Қаңтардың аяғында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріменөткен кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтеновқа осы мәселе көлденең қойылғанболатын. Сол кезде Әйтенов білім басқармасы басшысының алдағы бір айда тағайындалатынынмәлім еткен еді. Алайда әкім айтқан бір ай өтті. Басшы әлі тағайындалған жоқ. Әрине,бұл жағдай Шымкент әкімінің уәдеге қаншалықты берік, қаншалықты сөзінде тұраалатын шенеунік екеніне өлшем бола алмайтын шығар. Дегенмен көпшіліктіңмегаполисте бас мұғалімді тағайындаудың не себепті соншалықты машақаты қиыншаруаға айналып кеткенін түсіне алмай отырғаны рас.

Қалалық білім басқармасының басшысы АқеркеАбылайхан былтыр наурызда қызметінен кетті. «Болашақ» бағдарламасының түлегі,біраз жыл білім және ғылым министрлігінде тәжірибе жинаған басшының Шымкенттегіқызметі жеті-сегіз айдан асқан жоқ. Былтыр ақпанда оның орынбасары Ғ.Нысановасханаларды жалға алу мерзімін созып беріп, жұмысына кедергі келтірмеу үшін біркәсіпкерден 1,5 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды. Осыдан кейінкөп ұзамай «ГорОНО» ханым жылы орнын суытты. Содан бергі аралықта білім басқармасындаорынбасардың міндетін атқарып отырған тағы бір қызметкер  «тест тапсыруға көмек көрсету үшін 400 мың теңгеақша алды» деген күдікпен құрықталып, сот алдында тиісті жазасын алды.Мегаполистің білім саласындағы жемқорлық туралы әңгімелер мұнымен бітпейді.

Жуырда М.Әйтеновтің, сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағалидың қатысуыменөткен жиында  осы білім саласындағысыбайластық мәселесі сөз болды.  Жоғарыдааталған құзырлы органның жария еткен мәліметіне қарағанда,  білім беру мекемелерінің басшылары менпедагогтарды аттестаттау және тағайындау үшін заңсыз сыйақы алу фактілері әлітоластамаған. Білім басқармасы, орта мектеп директорлары тарапынан тиісті бақылаудыңболмауынан кейбір қалалық оқу ұйымдарындағы оқушылар саны тиісті нормаларданбір жарым, тіпті екі есе асып түседі. Ал мұның бәрі де сыбайлас жемқорлықпенбайланысып жатыр. Зерделеу жұмыстары көрсеткендей,  жекелеген мектеп директорлары өз орындарында 30жылға дейін ауыспастан жұмыс істеп келген.

      Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшінқылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың балаларды оқытқан фактілеркездескен. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің негізгісі мектепке жұмысқа орналасуболып табылады.Тіпті жалақысы төмен жұмысқа тұрғызу үшін пара алған жағдайларкездесуде. Біз білім беру мекемелерінде адамдарды жұмысқа орналастыру тетігін түбегейліөзгерту қажет деп ойлаймыз. Ең бастысы – басшылардың араласуын азайту», – дейдіжемқорлықпен күрес органының мамандары.  

Осыған байланысты құзырлы органның өкілдері білімберу ұйымдарының басшыларын тағайындау ережелерін, сондай-ақ оларды тестілеу рәсімдерінтолығымен қайта қарауды, мектеп директорларының оқушылардың ата-аналары алдындағыесептілігін жартыжылдық негізде енгізе отырып, жалпы білім беру мекемелерініңбасшыларын ротациялау институтын енгізуді, білім беру мекемелеріне түсетін қаражаттыңашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуді ұсынып отыр.

Ал білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатыстыосындай жағдайлар орын алып жатқан кезде қалалық білім басқармасы бір жылданбері басшысыз жұмыс істеп жатыр.

Біз осы жөнінде пікірін білу үшін білім саласындағысыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық комитеттің жетекшісі, Демократиялықинституттарды дамыту орталығының директоры Жарқынбек Сейтінбетпен хабарласқанедік.

– Қалалық білім басқармасы басшысының бір жыл бойытағайындалмай отырғанын біз жуырда Мұрат Әйтеновқа кіріп, айтқан болатынбыз. Әкім«конкурс жарияладық, жақында тағайындалады» деп шығарып салған еді. Бірақ басшыәлі тағайындалған жоқ. Менің білетінім, бұған дейінгі конкурстарға біраз азаматқатысты. Біреуін мақұлдаған екен, бірақ министрлік өткізбей қойыпты. Содан берітым-тырыс. Ал  білім басқармасы анархияболып кетті. Бәрін коррупцияға айналдырып жіберген. Парамен анау ұсталды, мынауұсталды дейді. Ертең тағы біреуінің ұсталмайтынына ешкім кепілдік береалмайды.  Білімі мен тәжірибесі сәйкескелмейтін адамдар лауазымды орындарға тағайындалып жатыр. Мен осыған дейін қалалықәкімдік жанындағы мектеп директорлығына үміткерлерді іріктейтін комиссияға мүшеболып келдім. Осы кезде байқағаным, Ахмет Байтұрсыновтың кім екенінбілмейтіндер мектеп директоры болып кетті, – деді Ж.Сейтінбет.

Қазір ұстаздарарасында «білім басқармасына басшы сырттан келетін болыпты» деген әңгіме бар. Әйтеновтіңбұл орынға кімді лайық көріп жүргенін кім білсін, бірақ басқарма басшысын тағайындаудыңарғы жағында көрінбейтін бір майданның жүріп жатқаны анық. Ел сенген басшыларосындай ойындардың, талас-тартыстардың зардабын қарапайым ұстаздардыңтартатынын біле ме екен. 

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Шымкент қаласы



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16