Әйтеновтің әлсіз жері немесе коммуналдық саладағы күйзеліс

27.03.2020, 07:09

34

                                                                                          

Осы аптада Шымкентте коронавирус жұқтырғаналғашқы екі науқас тіркелді. Карантинге жабылмағанымен, қалаға кіріп-шығушектелді. Тұрғындарды үрей билеп тұр. Осындай қысылтаяң кездемегаполистегі  денсаулық сақтау басқармасыбасшысының орны бос тұр. Қалалық білім беру басқармасының басшысыз тұрғанынабір жылдан асып кеткенін біз өткен нөмірлердің бірінде жазғанбыз. Әйтенов  журналистермен өткен кездесуде бас мұғалімдібір айдың ішінде тағайындауға уәде берген еді. Одан бері екі ай өтіп кетіпті.Ал коммуналдық саладағы кадрлық жағдай ешқандай сын көтермейді. Шенеуніктердіңелге айтатын әңгімесі басқа, істейтін тірлігі басқа. 

 Жалпы, биыл ТМД-ның мәдени астанасы атанғанШымкенттің коммуналдық саласы туралы таңнан таңға дейін әңгіме айтуға болады.Қандай әкім келсе де, түйіні тарқатылмаған «жыр» жеткілікті. Мәселен,мегаполисте көптеген елді мекендер жарықты осы уақытқа дейін жекеменшік  трансформаторлардан алады. Ал жекеменшіктертарифке бағынбайды. Сол себепті тұрғындар жарыққа төлемақыны екі есе қымбаттөлейді.

Рас, осы мәселені шешу үшінбірқатар жобалар қолға алынған. Айталық, Таскен елді мекеніндегі жарық мәселесібылтыр жаңа жылға дейін «Оңтүстікжарық» мекемесінің есебінен шешілуі тиіс еді.Бірақ құрылыс жұмыстары біткен жоқ. Жоғарыдағылар оның мерзімін тағы бір жылғаұзарта салды. Шағын аудандарда жарықтың сапасы да нашарлап кеткен. Оның бастысебебі – қаланың солтүстік бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз ететінБозарық қосалқы станциясы бітпей тұр. Бозарық станциясы туралы әңгіме 2015жылдан басталды.  Осы жылы мемлекеттіксатып алу өтіп, «Шымкентхиммонтаж» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Жұмысты аяқтаумерзімі 2016 жылдың желтоқсанына белгіленді. Бөлінген қаржының көлемі 6,5миллиард теңгеден асады.  Алайда мердігермойнына алған міндетін толық орындаған жоқ.

  Естеріңіздеболса, 2017 жылдың басында  ұлттықэкономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды. Осы істе Қызылордадағыәйнек зауытына қатысты эпизод қаралған болатын. Ал әйнек зауытының құрылысынжоғарыдағы әңгіме еткен «Шымкентхиммонтаж» фирмасы жүргізген көрінеді. Мердігерісті болған соң, Бозарық қаңтарылып қалды. Сол жылдың наурызында Шымкентқаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі компаниямен арадағы келісімшарттысот арқылы бұзды. Бірақ кейінгі мердігерлердің жұмысы да өнімді бола қойғанжоқ. 2018 жылы Шымкенттің сол кездегі әкімі Нұрлан Сауранбаев халыққа бергенесебінде «Бозарық қосалқы станциясы биыл бітеді» деп уәде берген еді. Біраққұрылыс бұл мерзімде аяқталған жоқ. 2019 жылы «Бозарықты биыл бітіреміз» дегенсөз одан кейінгі әкім Ғабидолла Әбдірахымовтың аузынан шықты. Алайда нысанбылтыр да іске қосылмады. Алғашқы екі әкімнің уәдесі мұраға қалған Әйтеновтіңде әзірге ниеті жаман емес.  Биылнаурызда халыққа берген есебінде ол «Бозарықты биыл пайдалануға береміз» деді.Алайда уәде қаншалықты орындалады?

 Мамандардың айтуынша, Бозарық мегаполис үшін өтеқажет нысан. Ол 350 мың халықты жарықпен қамтамасыз етеді. Оның ішінде қаланыңжаңа әкімшілік іскерлік орталығы, «Нұрсәт» шағынауданы, «Шымкенсити» қалашығыбар. Бозарықсыз аталған елді мекендерге  жарық сапалы берілмейді. Ал қаланыңкоммуналдық саласына жауап беретін мамандардың тәжірибесі туралы әңгіме өзалдына. 

 Соңғы жылдары Шымкенттің энергетика жәнекоммуналдық шаруашылық басқармасы кәсіби маманға зәру. 2018 жылдың тамызында бұрынғыәкім Әбдірахымов аталған басқарма басшылығына бұрын кеден органдарында қызмететкен Нұрлан Аманқұловты тағайындады (осы жылдары басқармада жылу жүйелерінжөндеуге бөлінген қаржының жымқырылғанын прокурорлар жуырда анықтады).Н.Аманқұлов бұл орында бір жыл отырып, 2019 жылы Алтай Әлиге тапсырды. Жаңабасшының жұмыс тәжірибесі де коммуналдық салаға маңайламайды. Мамандығы бойыншаэкономист-заңгер. Бұл салада бір күн де қызмет етпеген. Бірақ соған қарамастан,А.Әли бас коммуналшының креслосында жарты жылдан астам уақыт отырды.           Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда,  Әлиден кейін коммуналдық шаруашылықбасқармасы мүлдем басшысыз қалған. Дәл қазіргі уақытта басқармада жалпы санысегіз маманның орны бос тұр. Мұның ішінде басқарма басшысынан бөлек, екіорынбасар мен бір бөлім басшысының орнына  жарты жылдан бері ешкімтағайындалмаған. Ал штат саны толық емес басқарманың жұмысы да толық болмайтыныбесенеден белгілі ғой. Яғни коммуналдық сала Әйтеновтің ең әлсіз жеріне айналыптұр десек, қателеспеуіміз мүмкін.  

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің әкіміболған Айтаханов пен қазіргі әкім Әйтеновті қабылдаған кезде мегаполистіңкоммуналдық саласына баса мән беруді тапсырды. Бірақ әкімдер президенткабинетінде  бас изеп, былай шыға беребәрін ұмытып кететін сияқты. Қала тіршілігі үшін ең маңызды  басқармаға басшылық жасайтын кәсіби мамандаржоқ дегенге кім сенеді? Мәселе табылмағанда емес, оның ар жағындағы мүддедежатса керек.  Әйтеновқа қара халықтыңмүддесін де бір ойлап қойғаны дұрыс шығар.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Шымкент қаласы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36