Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:37, 17 Қаңтар 2023

Айыппұлдың алты атасының...

None
None

Ілкіде елге белгілі бір атамыз кеңсесіне кіргізбей қойған облыс басшысын оңдырмай боқтапты деседі.

Содан әлгі обком дереу мілитсиа шақыртып, ар-намысын аяққа таптағаны үшін айыппұл төлетсе керек-ті.

Кәзіргідей сотқа жіберіп, ол созбалақтап жүріп алатын кез емес. Кассовый аппаратсыз-ақ квитанция кесіп беріп, қолма-қол есеп айырысатын уақыт.

Ашуға булыққан ақын ағамыз қызды-қыздымен тұтас қызыл 10-дықты лақтыра сап, қолды бір сілтей сыртқа беттесе: «Бәленшеке», – деп тоқтатқан әлгі мілитсиа: айыппұл құны 5 сом, 5 сом сдачаңызды алыңыз, – десе күйіп кеткен көкем: «сол сдачаға тап сенің де ...ңды ұрайын!» – деген екен.

Сол айтпақшы, 3 наурыздан бастап сдачасыз 69 мың алып жүргендеріңіз дұрыс болар деп жатқаным ғой.

Кім біледі?..  «Бұқарада бір апам бар, менен өткен сорақы!» демекші, заң шығарғыш біздің үкімет те айыппұл салу жағынан еш аянып қалып жатқан жоқ. Бірақ негізгі айыппұл арқалайтындар алшаңдағанын да тоқтатар емес.

Өзін-өзі өтірік жұбатуға келгенде, алдына жан салмайтын қазекем тағы да: «Әр нәрсенің бір қайыры бар» демекші, «ұлы орыстан» енген осы бір былапыттардан құтылатын да уақыт жеткен секілді?

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп те бекер айтылмаған болар. Сөйте-сөйте орыстанудан да құтылармыз, бәлкім?.. – деп алдаусыратқандай болса, «Боқтау дегеніміз – тек бейпіл сөз, әдепсіздік, біреудің біреуді кемсітуі деп түсіну үлкен қателік.  

Боқтық ол – рух.

Мына байтақ даланы ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ғана емес, «Тап әкеңнің аузын ұрайын!» деп жауының жетпіс жеті атасынан бері қайырып, аттан сала атойлағанын біреу білсе, біреу білмес бұл күнде.

Ошақтың жанынан «боқтау мәдениетсіздіктің белгісі» деп оттағандардың кекілін қайырып, жағын айырып жіберу керек.

Айызы қанып боқтай алмайтындар жүр ғой әні жеделсатыда бір-бірінің сілекейін жұтып.

«Ондайлардың атасына нағылет!» деп ашына жазып жатқандар да жоқ емес. Сіз қалай ойлайсыз?!

Тегтер: