Айырбастау пунктерінде доллар тағы да қымбаттады

20.03.2020, 16:48

4

Нұр-Сұлтандағы кейбір айырбастау пунктерінде жұма, 20 наурызда бір доллардың құны 465 теңге болды.

Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктерінде бір доллар шамамен 457 теңгемен сатылып жатыр. Доллардың ресми бағамы — 448,5 теңге.

9 наурыздан бері айырбастау пунктеріндегі теңгенің құны долларға шаққанда шамамен 16 пайызға арзандады. Пунктердің басым бөлігі шетел валютасын сатып жатқан жоқ.

Қазақстан қор биржасы (KASE) жұма, 20 наурызда доллардың орташа бағамы 444,8 теңге болды деп хабарлады. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда үш теңге 70 тиынға кем.

Екі күннен бері биржадағы сауда «франкфурт аукционы» әдісімен (бұл әдістің ерекшелігі — биржаның сауда жүйесіне әуелі өтініштер келіп түседі, белгілі бір уақыттан кейін өтініштер «бағаны аукционды кесу арқылы» қанағаттандырылады) жүріп жатыр. Ұлттық банктің түсіндіруінше, мұнай бағасы құлдырап жатқан тұста бұл әдіс қаржы нарығын тұрақсыздандыруға жол бермейді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк «сыртқы факторлардың кері әсері» туралы айтты

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39