Айырбастау пункттерінде доллар тағы да қымбаттады

20.03.2020, 13:48

54

Нұр-Сұлтандағы кейбір айырбастау пункттерінде жұма, 20 наурызда бір доллардың құны 465 теңге болды.

Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы айырбастау орындарында бір доллар шамамен 457 теңгемен сатылып жатыр. Доллардың ресми бағамы — 448,5 теңге.

9 наурыздан бері айырбастау пункттеріндегі теңгенің құны долларға шаққанда шамамен 16 пайызға арзандады. Олардың басым бөлігі шетел валютасын сатып жатқан жоқ.

Қазақстан қор биржасы (KASE) жұма, 20 наурызда доллардың орташа бағамы 444,8 теңге болды деп хабарлады. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда үш теңге 70 тиынға кем.

Екі күннен бері биржадағы сауда «франкфурт аукционы» әдісімен (бұл әдістің ерекшелігі — биржаның сауда жүйесіне әуелі өтініштер келіп түседі, белгілі бір уақыттан кейін өтініштер «бағаны аукционды кесу арқылы» қанағаттандырылады) жүріп жатыр. Ұлттық банктің түсіндіруінше, мұнай бағасы құлдырап жатқан тұста бұл әдіс қаржы нарығын тұрақсыздандыруға жол бермейді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк «сыртқы факторлардың кері әсері» туралы айтты

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51