Ақ үй Трамп пен Путин кездесуінің уақытын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Аляска штатындағы Анкоридж қаласында өтетін кездесуі 15 тамыз күні сағат 11:00-де (Астана уақытымен 16 тамыз, 00:00) басталады.
Бұл туралы Ақ үйдің ресми кестесінде көрсетілген.
Президенттің жұмыс жоспарына сәйкес, Трамп Вашингтоннан жергілікті уақытпен таңғы 6:45-те ұшып шығады. Келіссөздер аяқталғаннан кейін ол Аляскадан жергілікті уақытпен 17:45-те кетуді жоспарлап отыр.
Кездесу қорытындысында екі ел басшылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді. Алайда оның нақты басталу уақыты әзірге белгісіз.
Саммиттің басты тақырыбы – Украинадағы соғысты шешу. Сонымен қатар тараптар экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, келіссөздердің ұзақтығы пікірталастың қалай өрбитініне байланысты болады.
Кездесу АҚШ Әуе күштері мен Құрлықтағы әскерлердің бірлескен нысаны – Элмендорф-Ричардсон әскери базасында өтеді. Бұл база Алясканың ең ірі қаласы – 100 мыңнан астам тұрғыны бар Анкориджде орналасқан.