Ақ Үй Украинаға ең үздік қаруларын тегін бергеніне өкініш білдірді
Ақ Үй өкілі Каролайн Ливитт брифинг барысында Украинаға қару-жарақ беру «ақылға қонымсыз» болғанын айтты.
«Өкінішке қарай, соңғы төрт жылда Ақ Үйде өте ақымақ және кәсіби қабілеті төмен лидер (бұрынғы АҚШ Президенті Джо Байден туралы сөз болып отыр) біздің ең үздік қаруларымыздың көп бөлігін өте алыс орналасқан Украинаға тегін берді», - деді Ливитт.
Ливитт сонымен бірге қазіргі президент Дональд Трампты еске алып, ол өзінен бұрынғы президенттің шешімін «ақылсыз» деп атағанын айтты. Дегенмен, Ақ Үй өкілі АҚШ қаруы мен армиясының күшіне күмәнданбауды ұсынды.
Соған дейін белгілі болғандай, Иранға қарсы операцияның алғашқы үш күнінде АҚШ Әскери-теңіз күштері шамамен 400 Tomahawk қанатты зымыранын ұшырған, бұл қазіргі өндіріс қарқынымен есептегенде бес жылдық көлемге тең. Ал Трамп АҚШ-тың қару қоры «шамамен шексіз» екенін және «соғыстарды мәңгілік жүргізуге болады» деп мәлімдеді.